Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ тарихында елеулі оқиғалар орын алды. Ол қазақ халқының ойы озық, көкіргеі зерделі көрнекті өкілдері ел тағдырына, ата баба заманынан жалғасып келе жатқан еркіндік үшін жан беріскен кезең болды. Сол ғасыр қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және рухани өмірінде болып жатқан өзгерістер мен адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеялардың жаршысы болды. Қазақ халқы өзінің іргелі ел болуға, өнер білімге шақырған ақын жазушылардың жан айқайына құлақ түріп, оянуға бел буған еді. Өйткені олардың үні сол заманның талабына сай, халық тілегіне жауап беретін еді. Сонымен қатар, еркіндікті аңсаған қазақтың егеменді ел болуына Алаш деген атты арқалап жүрген зиялылар А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлының еңбегі зор. Міне, тәуелсіздік жолында басын құрбан еткен Алаш азамтаттарының ерлігін, еліне сіңірген қызметін насихаттай отырып, халыққа таныстыру мақсатында қазақ халқының біртуар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасын жарыққа шығарды. Ал осы шығармада ақын зиялылар бейнесін қалай суреттейді? Кімді дәріптеп, еңбегін үлгі тұтады?

Қазақ әдебиетінде көрнекті орын алатын бұл поэманы ақын қазақ даласының ұлы тұлғалары Абай, Шәкәрім сынды даналар мен Алашорда үкіметінің қайраткерлері, жүректерінде намыс оты лапылдаған зиялыларын таныстыру мақсатында жазады.

«Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов Білемін бұл үш ердің айтпай жайын Кешегі қара күнде болмап па еді, Бірі күн, бір шолпан,бірі айым.

Солардан басқа кеше кім бар еді, Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»,-

деп олардың қазақ үшін шырылдап жүрген ерен ерліктерін суреттейді. Сонымен қатар қаламгер өзінің үлгі тұтып, өнеге санайтын Абай мен Шәкәрім туралы ой қозғап: Абайды дейік биік бұлтқа жетті, Аз ілімі жетуіне жәрдем етті.

Алты Алашқа атағы айқындалып, Сүйікті, тағзым мінді, суретті,-

деп Абай атын барлық ақындардың басы деп дәріптеп, оның еңбегін жоғары бағалап биік қояды. Ал Шәкәрімді «ертеден бұл алашқа аты мәлім, ерте оянған кісінің бірі осы» дей келіп:

Демеңіз тымақ киген жай бір қазақ

Киген киімі, жүрісі, түріне қарап, Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап!

деп таныстыра отырып, оған деген көзқарасы жоғары екенін суреттейді.

Менің ойымша, С.Торайғыров бұл өлеңі арқылы бір жағынан Алаш қайраткерлерінің қандай жан екенін, халыққа атқарып жатқан істерінің зая кетпегенін халыққа таныстыру мақсатында жазса, ал екінші жағынан сол қоғамдағы қарама қарсы тұлғалардың іс әрекетін әшкерелей отырып, оларды қаралайды. Себебі, өтірік халыққа жақсы атты болып, сыртынан іс тындырып жүрген, басшылыққа ұмтылған адамдар жайында айтып өтеді: Топ берме, құр даурықпа, жеңіл ақыл Көрмегенсіп жүретін жұртты мақұл. Болмаса ақкөңілсіп жылайтыны

Тіпті ғылым, таланттан бойы тақыр.

Осы арқылы олардың іс әрекеттеріне өзінің қарсылығын білдіре отырып, бізді осындайдан аулақ болуға тәрбиелейтіндей.

Қорыта келе, бұл поэмада қаламгер халықты білімді, ел қамын ойлайтын көшбасшылардың жанына бірігуге үндей отырып, зиялыларды мақтан тұта білді. Бірақ өкінішке орай, бұл шығарма сол заманда ұлтшылдық сарын басым деген атпен жабылып, тек еркіндікке қол жеткізген жылдары ғана өз мақсатын орындай алды деп ойлаймын.

You May Also Like

С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. эссе

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке…

Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз. эссе

Мәди Бәпиұлы Қарқаралы руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері Қарқаралының сұлу…

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз, эссе

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады. Қазақтың…

30 years of independence of the republic of Kazakhstan, essay

30 YEARS OF INDEPENDENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN «Patriotism consists not…