Қысқы спорт

Қысқы спорт адамдарға өте қажет. Менің ойымша, қыс мезгілі ерекше. Себебі, ойын алаңында барлығы ақ ұлпа қарға оранады. Тіпті терезелердің өзі аяз салған оюларға толы.

Біз үшін сырғанақтың өзі қысқы спорт.  Біз көрші балалармен зулатып, қырдан сырғанақ тебеміз. Қалың қар түскенде аққала жасаймыз. Бір – бірімізге қар лақтырамыз. Қысқы спорт: мұзда сырғанақ тебу, коньки тебу, шаңғы тебу. Қысқы спорт адамның денесін қыздырып алу үшін керек. Ол біздің денсаулығымызды мықты ете түседі. Қыс мезгілін спортпен өткізу өте көңілді. Мен қыс мезгілін қысқы спорттар үшін қатты жақсы көремін!

You May Also Like

Ш.Қанайұлының шығармаларындағы зар заман келбеті мен қазіргі заман сипаты. эссе

«Мына заман қай заман?» деп жырлаған Шортанбай ақын заманы Ресей патшалығы отаршылдығының…

Махамбет Өтемісұлы өмірбаяны, эссе

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы…

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті эссе

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа…

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз, эссе

Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің «Құлагер» өлеңі туралы Қазақ халқы әнші…