«Мына заман қай заман?» деп жырлаған Шортанбай ақын заманы Ресей патшалығы отаршылдығының күшіне еніп, қазақ өлкесін емін еркін билей бастаған тұсы еді.   Шортанбай Қанайұлы қазақ халқының тәуелсіздігін құртып, еркіндігінен айыра келген отаршылдыққа наразылық білдірген ақындардың бірі еді. Ақын аузынан төгілген «Зар заман» жыры кейін тұтас дәуірдің атына айналғандай. Себебі, мұндағы ақынның айтқаны: заман бұзылды, атаны бала, ананы қыз тыңдамайтын болды, байлар зорайып, бұқара халыққа озбырлық көрсетіп, мансапқұмар адамдардың пасықтығы мен пысықтығының тоқтауы болмады дегенді жеткізеді. Жастар тәрбиеден танып, ата жолын кесер ұл мен қыздың өсіп келе жатқанына налиды.

Менің пайымдауымша, бұл белгілер қазіргі заманмен ұқсастығы бар ма? Бар болса қандай?

Заман көркі жастар болса, екі заман кезеңіне салыстыру талдау жасайық.

Біріншіден, қазіргі заманда да азулының қолы асып, азусызға тарлық етеді деп айтуға болады. Себебі, қолында билігі бар адамның ақшасы болса, бәрін сатып алуға дайын тұрады.    Екіншіден, жастар еліміздің болашағы, келер күннің айнасы деп айтқанымызбен, бүгінгі жастар бойынан іліп алар жақсы қасиетті дөп басып айту қиын. Олардың тіл шорқақтығы мен мәдениетсіздігін былай қойғанда,адамға деген сыйластығы мен қарым қатынасын көріп қарның ашады.

Зар заманның белгісі,

Ұлың көңілің бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек Өзіңнің көңілің бір бөлек…

деген жолдарынан ақ зар заманша ұқсастықты байқаймыз.

Қорыта келе, ақынның бұл мұрасы қазақ қоғамының бүкіл дәуірін қамтитындай. Қай заманды алып қарасақта, заман қайтіп оңалсын деп ашынып, түзеткіміз келетіндей.

You May Also Like

Наурыз – начало года, эссе

Эссе Наурыз – начало года Наурыз – долгожданный всеми праздник весны ,…

Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу, эссе

                   “Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу”   Қазақ сәбиін: Ақын болар…

Жастар жылының еліміз үшін маңызы зор эссе

Жастар жылының еліміз үшін маңызы зор Еліміздің жастары – бұл Қазақстанның болашағы.…

Мамандығым – мәртебем, эссе

«Мамандығым – мәртебем!» «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен…