Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз!

1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі.

«Бірлік түбі – тірлік» – деп атам қазақ айтқандай, халқымыз осы даналықты ту қылып ұстап жүр десек болар.

Айрандай ұйып, бір шаңырақ астында әркім өз салт – дәстүрін ұстанып, тілін, дінін ұстанып отырған елдер некен – саяқ емес пе?

«Бірлік, татулық жанұядан басталады» – деп үйдегі атам бізге үнемі айтып отырады.

Мен осындай бірлігі жарасқан елімді мақтан тұтамын. Тағдыр тәлкегімен елімізге келген басқа ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алған дархан халқымды мақтан етемін.

Елбасы саясатының арқасында бейбіт өмірде, тату елде өмір сүру мен үшін бақыт. Мереке құтты болсын!

Өз ойымды өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Бал жүрек қуана шаттанады

Бірлігіне елімнің мақтанады.

Татулығы жарасып халқымыздың,

Мәңгілік ел, бейбітшілік – сақталады.

You May Also Like

Ұмыт болған ойын, эссе

Ұмыт болған ойын Ұмыт болған қазақтың ұлттық дәстүрінің ішіндегі ерекше орын алатын…

Ұлт болашағы- білімді ұрпақ қолында, эссе

Ұлт болашағы- білімді ұрпақ қолында «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз…

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасау, эссе

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни…

Ұлы жібек жолы, эссе

Ұлы жібек жолы тақырыбында эссе Жеке адамның немесе тұтас ұлттың сипатын не…