Ұмыт болған ойын

Ұмыт болған қазақтың ұлттық дәстүрінің ішіндегі ерекше орын алатын дәстүрдің бірі асыққа байланысты.Асық ойынының бірнеше түрі қазіргі кезде ұмыт бола бастады.Асық ойынының ұмыт бола бастаған ойын түрінің бірі «21-ойыны» деп аталады.Онда 21 асық саналып алынады.Оның біреуі хан  сайланады.Бірінші ханды иіреді.Сол асық тәйке түссе,сол ойынды бастайды.21-асықты уыстап шашып жіберіп хан сайлаған асық шік түссе шік асықты,бүк түссе бүк болған асықты,егер тәйке түссе тәйке асықты, алшы түссе алшы болған асықты атады.Ойын басында ойыншылар 101-асыққа келіседі,соны атып алған адам жеңіске жетеді.Егер 101-ден

асып кетсе күйіп кетіп, жеңіледі.Осы бойынша ойыншылар ойынды жалғастырады.Бұл ұмыт болған ойын түрі.Бұл ойынды маған әжем үйретті.Осы ойынды  әжем бала кезінде ойнаған екен.Аузының суы аға,ерекше тебіреніспен ,бала күнгі ойнағанын қызықты етіп әңгімелеп отырады. Бертін келе ата-әжем.әпкем  екеумізді баули бастады.Оның мәнісі ұмыт болған ойын түрін үйрете отырып,ұлттық құндылығымызды дәріптеу екенін енді түсінгендеймін. Тағы да көптеген ойын түрлерін үйретуде.Алайда ,маған 21-ойыны өте қызық. Менде әжем сияқты  жақсы ойнағым   келеді.

Қазіргі жастар заман ағымына қарай ұлттық ойындарды мүлдем ойнамайды.Бүгінде бәрі компьютердің мағынасыз,зиянды ойындардың етегінде.Ұмыт болған ойындардың сана-сезімді,ойлау қабілетті дамытудың басты көздері екенін  білмейді.Оның себебі,салт-дәстүрімізді ұмытып,Еуропа стиліне бағыт алғандығымыз деп ойлаймын.Бірақ,мен бұл пікірге қарсымын.Болашақта осы бағытты қайта жандандырсам деп армандаймын.Әрине,ол уақыт еншісінде ғой.Ойымды қорыта келе ,ата –бабамыздың маңдай терімен келген,әр құндылығын жоғалтып алмайықшы дегім келеді.Әркімнің өзіндік пікірі,көзқарасы бар.Дей тұрғанмен,менің ойым осындай.Және өз ойымда қала бермекпін.

You May Also Like

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті эссе

Адамның 3 жақсы 3 жаман қасиеті Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа…

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз, эссе

«Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген.   Айшықты мінез…

Ана тілім -айбыным, эссе

1-мамыр татулық пен бірлік күні, эссе

Эссе. 1-мамыр татулық пен бірлік күні. 1-мамыр  – Қазақстан халқының бірлігі күні,…