Тарихқа деген дұрыс ұстаным 

Біз – көшпенділердің ұрпағымыз,  ат үстінде жүрген елміз

Н.Ә. Назарбаев

«Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес» дейді біздің елбасымыз. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Бүгінгі таңда бұл бұйымдарды адамзат баласы әлі күнге дейін әлемнің әр түпкірінде қолданып келе жатыр. Бұл біздің мақтанышымызға ие, бұл біздің тарихымыз. Оны ұмытпаған жөн. Себебі өткенін білмеген, тәлім-тәрбие алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз болады. Отаншылдық сезім деген қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш-қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін және де ең бастысы елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. »Салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін керек» дейді дана халқымыз. Бұл сөздің түпкі мағынасы – салт-дәстүр ұлт үшін өмір, жалпы адамзат баласына тіршілік ережесі ретінде рухани байлық. Бүрынғы заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Алайда қазіргі таңда салт-дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Өкінішке орай, ол ұмытылып бара жатқаны жіне оны тек »Наурыз» мерекесінде ғана есімізге түсіреміз. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Ел боламын десең, бесігіңді түзе демекші ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілікті салт-дәстүрді түзетуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт-дәстүрін біледі, тарихын таниды, ал тарихыңды білу отанды тану.

Осы мәселелерді ескерген Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын халыққа жариялады. Бұл бағдарламаның негізі ойы тарихи сананы жаңғырту және еліміздің табысты болуын қамтамасыз ету. Енді мемлекет басшысының бізге ұсынған мақаласының ең басты жеті бағытын қарастырайық. Елбасы Ұлы даланың жеті қырының алғашқысы ретінде атқа міну мәдениетін алады. Атқа міну және жылқы шаруашалығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Бес қаруын асынған салт атты жауынгер айбарлы көшпенділер империялы тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Шынымен де ту ұстаған салт атты жауынгер – батырлар заманының ең танымал бейнесі. Тіпті автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың ен өлшенеді. Бұл – дәстүр жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.  Енді «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» атты бағытына тоқталып кетейік. Метал өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан метал кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі болған. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұлым берік металдар өндіру ісін дамытып, металлургияның қарқындауына жол ашты. Сол үшін бізге осындай мүмкіндік берген ата-бабаларымызға алғыс айту біздің міндетіміз.Келесі ретте, аң стилі бағыты. Аң стилі негізінен жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам меен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Жалпы «аңі стилі» фендмені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі болып саналады. Бұл да біздің мақтан тұтарлық өркениетіміз.

Алтын адам – бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Негізінен жауынгерлің алтынмен қапталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеудегі техникасынжақсы меңгергенін аңғартады. Мәліметтерге сүйенсек бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен этикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

“Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды”  деп хабарлайды  Н.Ә. Назарбаев. Түріктердің киелі, әрі қасиетті жерін білмейтін адам бар ма десейші. Соған орай біздің қарастырып отырған мақаламыздың келесі сатысы “Түркі әлемінің бесігі”. “Арыстан баб”, “Ахмет Яссауи” секілді кесенелерді ескере отырып, олардың киелілігін құрметтеу барша түркі тайпаларының парызы десек қателеспейміз.

«Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой», – деп, Мағжан Жұмабаев жырлаған Түркістан қазірде Қазақстанның дербес облысы деген мәртбеге ие болды. Елбасымыздың бұлай жасауының салмақты себептерінің бірі – Түркістан жерінің қасиетті де киелі болуы және Түркістанның рухани мекен екендігінде.

Тарихта өз орнын тапқан, сауда мен мәдениет салсында ерекше орын алған “Ұлы Жібек жолы” бүгінде өлкеміздің бірталай дамуына септігін тигізгені баршамызға белгілі деп ойлаймын. Ұлы Жібек жолы –  халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосқан. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері болып саналды. Ұлы даланың жеті қырының соңғы сатысы “Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны”. Бұл ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Барлығымыз білетіндей, Қазастандағы алманы өсіретін ең басты қаласы – Алматы. Оның аңқыған хош иісі барша дүниені жаулап алатындай. Ал қызғалдақ атты ерекше гүл   өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Дәл осындай тарихы бар, ауласы кең елді мақтан етпей қалмайсың. Сан ауан қызыққа толы тарихына мүлдем сөз жоқ. Ал елбасымыздың халыққа ұсынып отырған мақаласы бүгінгі күннің мәселесін шешер деген ойдамын. Қазіргі біздің ең басты міндетіміз ол, ел мүддесін қорғап, алда болатын қоғамдық дамуларға өз үлесімізді қосу. Қазақстанның жарқын болашағы жастар қолында. Н.Ә. Нзарбаев өз халқына үміт артып, осы жылды – жастар жылы деп жараиялады. Сондағы біздің мақсатымыз, қазақ елін барша елге паш етіп, дамығане едердің алдыңғы қатарына қосу. Семенов Тянь-Шанский қазақтар туралы: «Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім!» деген екен. Осы сөздерді растау үшін біздің, жас ұрпақтың үлесі зор. Семенов Тянь-Шаньский атамыздың сөздерін далаға жібермейік.

You May Also Like

Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз, эссе

Елбасымыз «Тарих толқынында»  кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің  тұңғыш абызы деп атады.…

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. эссе

Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері.…

Тәуелсіздік тілегі, эссе

Эссе Тақырыбы: Тәуелсіздік тілегі  Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға,…

Бүкіләлемдік тартылыс заңы эссе

Бүкіләлемдік тартылыс заңы Күш (лат. fortis) – материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер…