«Тәуелсіздік бақытым»

Тәуелсіздік бұл тақырып мен үшін өте күрделі және ауқымды тақырып. Себебі тәуелсіздік жайында сөз қозғалса ең алдымен «Желтоқсан оқиғасы есіме түседі». Сонау 1991 жылы орын алған оқиғаны есіме алсам, көзіме әлі күнге дейін жас келеді. Бұл оқиға мен үшін өте ауыр, себебі көптеген аға – әпкелеріміз біз үшін қасықтай қаны қалғанша, өз өмірлерін қауіпке тігіп тәуелсіздігімізді алып берді.Бір өкініштісі сол жандардың тәуелсіздігіміздің қызығын көре алмауы. Таңертеңгісі ойланып отырсам, биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толатындығы есіме түсті. Сол ойға қатты шолып кеткенім сонша, ішіме сыймай қағаз бетіне түсіріп отырмын. Кеше болған оқиға секілді еді, көзді ашып – жұмғанша 30 жылда өтіп кетіпті. Осы 30 жылда еліміз осынша көркейіп, көздің жауын алар деп кім ойлаған. Қазіргі таңда мемлекетіміз ең үздік елу елдің қатарында. Бұл біз үшін өте үлкен жетістік. Тек бұл ғана емес, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев рухани жаңғару деп елімізді өркендету үшін сіңірген еңбегі зор. Тәуелсіздік бабалар арманы, ұрпақтың яғни біздің баға жетпес байлығымыз. Ел егемендігі, тату – тәтті өмір сүруі, бейбітшілігі, сыйластық және бірлігі. Ал енді айтшы бұдан асқан бақыт барма? Қазіргі таңда өз тәуелсіздігін ала алмай жүрген қаншама мемлекет бар, ал біздің тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл болды. Осы орайды пайдалана отырып, ақын жанды жан ретінде, елімді тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, осы өлеңімді арнағым келіп отыр.

Сан ғасырдың арманысың азаттық,

Сан батырдың жүрегінде ақ үміт.

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан,

Арман оты бір жалындап, бір сөніп.

Бейбіт жолмен келдің бізге азаттық,

Бойымызды, ойымызды азат қып.

Сақтап келген әр жүректің түбінде,

Тұғырына қонды бүгін ғажап қып.

Енді, міне, азат халық ұланбыз,

Армандасақ көпке ұшар қыранбыз.

Білім – ғылым нұрыменен нұрланып,

Болашаққа нық қадаммен барамыз.

Өркениетті отыз елге жетеміз,

­­Өрге ұмтылып тағы алға өтеміз.

Бәсекеге қабілетті тұлпар боп,

Бар ғаламға үлгі болар еліміз.

Тәуелсіздік мәңгі болсын елімде,

Ырыс, бақыт кемелденсін жерімде!

Еліміздің болашағы – біздерміз,

Біз лайықпыз елім берген – сенімге!

You May Also Like

EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік, эссе

ЭССЕ Тақырыбы: «EXPO-2017: асқақ арман, зор мүмкіндік, мол жауапкершілік» «EXPO-2017: асқақ арман,…

Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. эссе

Қасым шығармашылығы-қазақ поэзиясының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын…

Наурыз – начало года, эссе

Эссе Наурыз – начало года Наурыз – долгожданный всеми праздник весны ,…

Зар заман ақындарының шығармаларына арқау болған мәселелерді жинақтап, дәлелдер арқылы тұжырымдап жазыңыз. эссе

Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің…