Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!

Таңертең анам ұйқыдан тербетіп оятқан сәтте, мен бірден терезеге қараймын. Арайлап атып келе жатқан таң нұры менің бетімді қытықтап, ұйқымды шайдай ашып жібереді. Көңіл-күйім демде көтеріліп, қуанышпен мектепке жиналамын. Ал мектепте мені достарым, сыныптастарым мен ұстаздарым күтіп тұр. Мен мектепте жақсы оқуға тырысамын. Өз сыныптастарыма үлгі, ата-анама қуаныш сыйлағым келеді. Жарқын болашақ -білімді ұрпақтың қолында деген. Болашағымыз ашық және жарқын болу үшін қазірден бастап көп еңбектенуіміз керек. Қазіргі жастардың білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Электронды техникалар да өте дамыған. Біз дамыған елдін ұрпақтарымыз. Осындай бақытты да бейбіт елде туылғаныма өте қуаныштымын! Жер бетіндегі барлық бала біткен мен секілді ұйқыдан қуанышпен, мен секілді тек қана аналарының тербетуімен оянса екен деп тілеймін. Жер шарында ешқашан соғыс болмаса екен! Бір де бір бала қарны ашып немесе тоңып жыламаса екен! Ешқашан елімізге қара бұлт төнбесін деп тілеймін.

You May Also Like

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы, эссе

Эссе Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы Әл Фараби саяси пікірлерінің бірін «Қайырымды…

Латынға көшу – жаңғырудың бастауы эссе

Эссе:  «Латынға көшу – жаңғырудың бастауы» Латын әліпбиіне көшудің астарында болашақтың мәселесі…

Икт қалай өмірімізге әсер етті, эссе

Икт қалай өмірімізге әсер етті Көпшілігіміз бір күнді компьютерсіз елестете алмаймыз.  Технология…

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз, эссе

Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шығармашылық өнерімен айқын із қалдырған…