Эссе

Президент –ел тірегі

Орындаған: — 

Оқытушы: —

Президент – ел тірегі

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біруді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан-өз ұлты, халқы, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» деп ойлансақ бұл-туған елінің, жерінің өткені мен келешегіне көз жіберген әр азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы  тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы-тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындап отырған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.

Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар жолында одан әрі жаңғырта жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешулерден халқымен бірге өтіп қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, одан жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеген, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер. «Қазағым сіздей ұлмен бақ тапқасын, Ақынның неге сөзін сақтап қалсын» деп ақындар жырына арқау болған, қазір әлем мемлекеттері тарихын, зерттеушілердің назарын өзіне аударған ағылшын жазушысы және публицисті, саяси биограф Дж.Айткен мырзаның «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» атты кітабы жазылып, Лондонда тұсаукесерін өткізгені Елбасымыздың шын мәнінде біртуар азамат, елін ұлы көшке сүйреген Көшбасшы екенінің айқын дәлелі. Тағдырдың бұйыруымен мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көтерген, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады.

Соның бірі Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік. Ол: «Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі әрі айбарлы адам.Мен оның көрегендігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын ала есептеп,  нағыз жүрістерді таңдай алады»,-деп әділ бағасын берген.

Президент боламын деген кісі ақылы мен қайратын, жігерін,  ірі саясаткер талантымен, ел басқару ісіндегі мол тәжірибесімен, ұштастыра отырып, елдің бірлігі,халықтың тыныштығы, мемлекеттің ақыл ойын  байытуға абыройын асыруға, ар-ожданын ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді. Мәселен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқығын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып  айтарлықтай табыстарға жетті.  Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды. Республикамыз қазірге дейін бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің көш басында жүрді. Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді. Дүниежүзілік, аймақтық, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш-жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағаланып келеді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен тек достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық. Кеңес өкіметінің құлаған сарайын күреп тастап,ата-бабамыздың ақбоз үйін тіге қою оңай болған жоқ.

Мемлекеттің қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығы Қалыптастыруды бұрын-соңды болмаған  жетістікке жетті.  Жаңа басқару жүйесі, оның басқарушы, бақылаушы және  атқарушы органдары мен институттары құрылды.  Қазақ елінің территориялық тұтастығының біртұтас  мемлекеттігінің  заңды негізі қаланды. Ел егемендігін алысымен, Елбасы ББҰ-на мүше етіп енгізді. Қазақстан осы күннен бастап жер жүзіндегі жүзден  астам ел таныған  Егемен ел болды. Тұңғыш Президентіміз ел тәуелсіздігінен кейінгі ең бір батыл шешімі-астананы Ақмолаға көшіруі. Қайда жүрсе де кіндік кескен туған жерін ойлаған азамат оның ертеңгі өмірін де қамдап ойлаған. Астананы  Алатаудың бауырынан  Арқаға ауыстыру оңайға түскен жоқ. Арқа төсіне қоныс аударған Елордаға бақ пен дәулет тілеген Елбасы: «Бұл болашағымызға керек. Қызығын келер ұрпақ көреді»,-деген болатын. Біздің Тұңғыш Президентімізді дүниежүзі таниды және оны өз  бауырындай, досындай, ақылшысындай, тіпті өздерінің басшысындай көретінін мақтан тұтамын.

2019 жылы 19 наурыз күні Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының Президенті болып Қасым –Жомарт Тоқаев сайланды.

Президент Қ.Тоқаев халыққа  бірнеше жолдаулар жолдады. Халыққа арнаған үндеуінде:Жер-біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс деп қадап айтты. Президент Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында: пандемиядан кейінгі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім және экожүйе қалыптастыру, ұлттың дамуы және саяси жаңғыру мәселелерін көтерді.

Президент Қ.Тоқаев: «Татулық пен тұрақтылық, береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды  үнемі алға бастайтынына сенімім мол» деді.

Адамдар үшін басты қағидаттардың бірі тұрғын үй мәселесі болып табылады, делінген Жолдауда. Сондай-ақ Президент Зейнетақы жинақтарын  мерзімінен бұрын пайдалануды ұсынды.

Қорыта айтқанда, Президент – ел тірегі. Қазақтың бағы мен  бақытына біткен дара тұлға, ұлықты ұлт басшысы, кемеңгері.

Мен осындай Президенті бар елдің азаматшасы болғанымды мақтан етемін! Ол өзін дүниежүзіне  мойындатқан, оны дүниежүзі мойындаған алысты айқындайтын, кемелі  мен  кемеңгері. Өйткені, ол – ел тірегі!

You May Also Like

М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз. эссе

Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі…

Бірлігі жарасқан-сыныбым, эссе

Бірлігі жарасқан-сыныбым Сынып сөзі – грек тілінен аударғанда «ұжым» деген мағынпны білдіреді.Яғни,сынып…

Қыс көрінісі, эссе

Эссе. «Қыс көрінісі»  Таиғаттың әрбір мезгілі мен үшін ерекше көрініс. Сол мезгілдердің…

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын трагедиямен аяқтау себебін талдап жазыңыз. эссе

Қазақ халқы жерін қорғаған ержүрек, елін қорғағанда, тұтқиылдан келген жауға қасқая қарсы…