«Отан! Отан! Бәрінен биік екен!

«Отан! Отан! Бәрінен биік екен! Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» – демекші, күллі адам жер бетіндегі белгілі бір мекенде өз ғұмырын сүреді және ол – Отан деп аталады. Әрбір елдің азаматы туып-өскен мемлекетін сүйіп әрі онысын мақтан етеді деп білемін. Себебі: қандай да болмасын мекендейтін әлемңнің болуы сен үшін Алланың берген сыйы. Қарап отырсақ, қанша ұлт тұрақты орнын таппай, жер шарлап әр салада шашырап, өзге ұлттың тесігінен сығалап, бағынышты күйде жүр. Орманы жоқ бұлбұлдай халде жүрген пенде бізге қарап қызығары анық.

Республикамыздың түңғыш президенті, елбасы Н.Ә.Назарбаевпен кездесуі кезінде әлемді аралап, туы жерде жатқан елді көргендігін, сол туды көтере алмайтын ерді көргендігін, жылаған баланы, қаңырап қалып жатқан даланы көргендігін айтқаны жадымда сақталып қалды. Сол жерді көре отырып, барша әлемге көрсеткісі келетінін және өздеріндегі бақытты түсінгендерін қалайтынын жеткізгендігі ойымнан бір сәтке де шыққан жоқ. Бізде болса, мақтанатын Отанымыз, жеріміз, халқымыз, бірлігіміз, қойнауымызда қазынамыз да бар.

Отан дегенде ең алдымен Қазақстанның рәміздері жайлы айтқым келеді. Неге дейсіз бе? Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары жарыстардан топ жарған сәтті көз алдымызға елестете кетейік… Еліміздің туы көкке көтеріледі де, ән-ұранымыз шырқалғанда қолымызды жүрек тұсына қойып, кеудемізді мақтаныш кернеген кездегі сезімді сөзбен жеткізу оңай болмақ емес. Республикамыздың абыройын асқақтатып, биікке жетелеп жатқан қазақ жерінде Тәңірдің берген сыйы бар. Онымен қалай мақтанбай қаласың? Қалайша еліңді сүймеуге болады.

Менің Отаным – Қазақстан. Оны қайталаудан жалыққан да, жалығатын да емеспін. Олай болса, Еуразияның кіндігінде бақытты өмір сүріп жатқан халықты да тіліме тиек етейін. Қазақтар қоныс тепкен бұл аймақ мен үшін жер жәннәті десем артық айтқандығым емес. Бабаларымыз сыйлаған жеріміз жайлы «Ұлан ғайыр атырап –қазақтың алтын бесік, ата жұрты.  Кімде- кім елімізге көз алартып, шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал» деген сөз бар. Бұл, қазақтың тек Алладан ғана қорыққан батыр халық болғандығын дәлелдейді. Мен Отанымды құрметтеймін!

You May Also Like

Тәуелсіздікке 30 жыл! эссе

Тәуелсіздікке 30 жыл! Әр адамның өз Отаны бар. Туған жер -адамның кіндік…

Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін!» Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші екендігін талдап жазыңыз. эссе

«Отан отбасынан басталатындықтан», ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен…

Өмір – адамға берілген сый эссе

Өмір – адамға берілген сый (эссе) Өмір – ол үлкен жол. Өмір…

Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым, эссе

Тәуелсіздік туралы эссе . Тақырыбы:    Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым. Тәуелсіздік – халықтың…