Наурыз –Жаңа күн 

Наурыз  мерекесі    әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.

Наурызда Табиғат-ананың бауырындағы бүкіл тіршілік оянады: жылылық келеді, арықтардан су ағады, жер бетіне көк шығады, құстар ұшып келеді, мал төлдейді. Сөйтіп, жаңа күн басталады.

Қазақтар  Наурызды  «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды.

Қазақ халқында бұл мейрамды тойлаудың ежелден қалыптасқан дәстүрі бар. Бұл күні адамдар ерте оянып, жаңа күнді жақсы көңіл күймен қарсы алады. Бірін-бірі құттықтап, жақсы тілек айтады. Ренжіскен адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды. Ауылдың жастары үлкендерден бата алады. Жігіттер бұлақтардың көзін ашады. Арықтарды тазалайды. Ағаш көшеттерін отырғызады. Қыз-келіншектер үйдің ішін, аулаларды тазалайды.

Бұл күні әр үйдің дастарқаны наурызға арнайы пісірілген түрлі тағамдарға  толы болады. Солардың ең бастысы-Наурызкөже. Наурызкөжені жеті түрлі тағамнан пісіреді. Одан бүкіл ауыл адамдары дәм татады. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Наурызды  қазақ  халқы  думандатып тойлайды. Өнерпаздар алтыбақан басында ән айтып, бишілер билейді. Күйшілер күй тартады. Әртүрлі ұлттық ойындар ойналады.

Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.Міне, содан бастап қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.

Мен тұрған ауылда, мен оқыған мектепте, тіпті сыныбымда да бұл күн өз ерекшелігіміен есте қалатыны рас.

Үйде анам да үлкендерден алған өнегесі іспеттес наурыз көже дайындайды,бұл атадан балаға қалған мұра тәрізді, мәңгі ұмытылмай жалғасын табады деген сөз.

You May Also Like

Ұстаз – мектептiң жүрегi, эссе

Ұстаз – мектептiң жүрегi Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды…

МAМAНДЫҒЫМ – мені жaңaшылдыққa жетелейтін күш, эссе

МAМAНДЫҒЫМ – мені жaңaшылдыққa жетелейтін күш… «Мен  шәкipттеpiмдi ешқaшaн үйpетпеймiн, Мен тек …

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз. эссе

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті қаламгері, талай тарихи төл туындылардың авторы- Ә.Нұршайықов…

Мақала мен эссенің айырмашылығы

ОҚЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘТІН ТАЛДАУ   Ба л л Мазмұнды түсіну және ашу…