«Елдікті сақтаған ерлік» (эссе) 

Шежіре толы тарихымен, көз жауын алатын көркем табиғатымен, айдай сұлу қалаларымен, жалпы өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін туған жеріміз қандай тамаша! Туған жер дегенде тебіренбейтін жүрек болмайды, себебі әр адамның жан дүниесінде анасымен қатар тұратын екінші бір қастерлі сезімі – туған жері.

Менің туған жерім – Қазақстан. Бүгінгі бар әлем таныған Қазақстанның өсіп өркендеуі, гүлденуі оның тәуелсіздігіне байланысты болмақ. Ал тәуелсіздік – біздің мемлекетіміздің бағы мен тағдырына бұйырған шынайы бақыт пен байлық. Жалпы ұлттың рухы мен рухани мұрасы тәуелсіз болғанда ғана сақталады. Оған, әсіресе, тәуелсіздікке қол жеткен 29 жылда көзіміз жетті. Сондықтан Тәуелсіздік халқымыздың жүрегіне тым ыстық! Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздікке қолымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Тарихқа көз жіберсек, сан ғасырлар бойғы манғол шапқыншылығы, ашаршылық, жаппай жазалау, Ұлы Отан соғысы жылдары, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы – осының бәрі тәуелсіздікке қол жеткізудегі жан қиярлық ерліктер емес пе?! Әсіресе, оқиғалардың ішінен 1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы сұрапыл оқиғаны, бейбіт кезеңдегі оқиғаны есіңе түсіргенде төбе шашың тік тұрып, құйқаң шымырлап қоя береді.

Еркінідікке, бостандыққа үн қосқан,

Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан,

Қазағымның әні болған, жыры болған,

Жастар үні – он алтыншы желтоқсан.

Иә, осы бір қазақ халқы үшін қасірет пен қайғыға айналған күндер қазақ жастарының еркіндікке, демократиялық жүйеге ұмтылысының беташары болды. Жай қараған адамға, бұл күш жастардың бұлқынысы сияқты көрінгенмен, мұның тамыры тереңде жатыр еді. Бұл – халықтың ой-пікірімен санаспай орталықтың өктем билігіне, бодандыққа қарсы ұмтылыс. Тәуелсіздік жолындағы жалынды, саналы күрес те, тоталитарлық саясатқа соққы беру де осы кезден басталады. Тосыннан болған тайталаста алаңға шығып, демократиялық өркендеу жолын талап еткен жастар шеруі қаралы күреспен басып, шаншылды. Алайда, жастардың рухы жеңілмеді. Мұның өзі кеңестер одағының ыдырауымен аяқталады. Әрине, бұл оқиға біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жастардың Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы істері әрқашан Қазақ рухымызды дүр сілкіндірген Ербол, Ләззат, Сабира, Қайрат сықылды жастардың азаттық үшін күрестері біздердің қазақи намысымызды одан әрі жоғарылата түседі.

Өзгереді дүние,

Өзгереді,

Әуелден сол –

Адамның сол көздегені

Кереметті ескертіп кереметтер,

Керемет шақ ақыры кез келеді, – деп ақын Мұқағали айтқандай, сол ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік. «Отан оттан да ыстық» дейді халқымыз, егер сол Отанымыз ешкімге тәуелсіз болса, өз тағдырын өзі шеше алатын перзенттер болса, біз әлем таныған ел бола аламыз. Отанның тағдыры – тәуелсіздікке, тәуелсіздіктің тағдыры ел бірлігі мен тірлігінде.

You May Also Like

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. эссе

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық…

А.Байтұрсынов пен Абай аудармаларының арасындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз. эссе

Ахмет Байтұрсынұлы 1872жылы  5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысының әйгілі Торғай атырабындағы атақты…

Ана-гүл, ана-өмір шырағы эссе

ЭССЕ Ана-гүл, ана-өмір шырағы Ана… Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш…

Батыр, эссе

«Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ» Бауыржан Момышұлы Батыр-парсы тілінен…