Күн жүйесі

Күн жүйесі –Күнді айналып жүретін планеталар «әулетінің» атауы. Планеталармен қоса Күнді айналып ғарышта ұшып жүретін миллиондаған ұсақ денелер бар. Оған кіші көлемді планеталар немесе Күнге өте жақын келіп, ары қарай сыртқы плпнеталардан асып, ұшып кететін астереоидтар мен кометалар жатады. Жерді қоса есептегенде, Күнді тоғыз планета айналып жүреді. Олар 4600 миллионға жуық жыл бойы Күнді айналып жүрген материалдан құралған.  Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды құралсыз көзбен көруге болады, өйткені олар күннің шағылысқан сәулесімен өте қатты жарқырайды. Бірақ Уран, Нептун және кіп-кішкентай Плутонды көру үшін телескоп қажет.   Меркурий-Күнге ең жақын орналасқан планета. Ол күнді 58 миллион км қашықтықта айналады. Егер Меркурийден күнге дейінгі қашықтықты бір адым деп алсақ, онда жер одан екі жарым адым жерде орналасқан. Меркурий Күнді өте тез айналады. Меркурийдегі 1 тәулік жердегі 59 тәулікке тең.

Меркурий – беткі қабатын кратерлер жапқан кішкентай қатты шар. Онда атмосфера жоқтың қасы – газ тәрізді натрий ізінен басқа барлық газдар алаулаған көрші Күннің қызуымен күйіп кеткен. Ғарыштан ұшып келетін қалдықтарды күйдіріп тастайтын атмосфера  болмағандықтан, ғарышпен осы планетаға қарай қозғалатын кез келген тас оның беткі қабатына соғылып, жаңа ойықтар қалдыруы мүмкін.

Ұзақ күнде ғаламшардың экваторлық аймағының беті 480 С-қа дейін, ал қоңыржай аймағында -340 С-қа дейін қызады.Түнде ғаламшар беті – 180 С-қа дейін суиды.               Халықаралық келісім бойынша Меркурийдегі ірі қазаншұңқырларға гуманитарлық  ғылым мен өнер саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің есімдері берілген. Олардың ішінде Лермонтов, Низами, Пушкин, Репин, Чайковский, Чехов, Шевченко және басқа да есімдер берілген.

 

You May Also Like

Великий поэт-Абай Кунанбаев, эссе

Великий поэт-Абай Кунанбаев Абай Кунанбаев – великий поэт, гордость казахского народа –…

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. эссе

Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері.…

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз. эссе

Адам  бойына  біткен  сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың…

Ш.Уәлихановтың әдебиетші-ғалым ретінде қазақ ғылымына қосқан үлесін дәлелдер арқылы жазыңыз. эссе

«Құйрықты жұлдыз секілді,   Туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар…