Күн жүйесі

Күн жүйесі –Күнді айналып жүретін планеталар «әулетінің» атауы. Планеталармен қоса Күнді айналып ғарышта ұшып жүретін миллиондаған ұсақ денелер бар. Оған кіші көлемді планеталар немесе Күнге өте жақын келіп, ары қарай сыртқы плпнеталардан асып, ұшып кететін астереоидтар мен кометалар жатады. Жерді қоса есептегенде, Күнді тоғыз планета айналып жүреді. Олар 4600 миллионға жуық жыл бойы Күнді айналып жүрген материалдан құралған.  Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды құралсыз көзбен көруге болады, өйткені олар күннің шағылысқан сәулесімен өте қатты жарқырайды. Бірақ Уран, Нептун және кіп-кішкентай Плутонды көру үшін телескоп қажет.   Меркурий-Күнге ең жақын орналасқан планета. Ол күнді 58 миллион км қашықтықта айналады. Егер Меркурийден күнге дейінгі қашықтықты бір адым деп алсақ, онда жер одан екі жарым адым жерде орналасқан. Меркурий Күнді өте тез айналады. Меркурийдегі 1 тәулік жердегі 59 тәулікке тең.

Меркурий – беткі қабатын кратерлер жапқан кішкентай қатты шар. Онда атмосфера жоқтың қасы – газ тәрізді натрий ізінен басқа барлық газдар алаулаған көрші Күннің қызуымен күйіп кеткен. Ғарыштан ұшып келетін қалдықтарды күйдіріп тастайтын атмосфера  болмағандықтан, ғарышпен осы планетаға қарай қозғалатын кез келген тас оның беткі қабатына соғылып, жаңа ойықтар қалдыруы мүмкін.

Ұзақ күнде ғаламшардың экваторлық аймағының беті 480 С-қа дейін, ал қоңыржай аймағында -340 С-қа дейін қызады.Түнде ғаламшар беті – 180 С-қа дейін суиды.               Халықаралық келісім бойынша Меркурийдегі ірі қазаншұңқырларға гуманитарлық  ғылым мен өнер саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің есімдері берілген. Олардың ішінде Лермонтов, Низами, Пушкин, Репин, Чайковский, Чехов, Шевченко және басқа да есімдер берілген.

 

You May Also Like

Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым, эссе

Тәуелсіздік туралы эссе . Тақырыбы:    Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым. Тәуелсіздік – халықтың…

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, дәлелдер келтіре жазыңыз. эссе

Қазақ әдебиетіне алпысыншы жылдары келіп қосылған бір көш талантты жастардың ішінде Қабдеш…

Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз. эссе

Жастар-еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің біріне…

Заманауи әлемнің педагогы, эссе

Эссе Заманауи әлемнің педагогы Мұғалім бойындағы ең басты қасиет алдындағы жас жеткіншекке…