Менің туған жерім

«Сенде көктем,сенде алма ағаш гүлі бар,

Аспанында аяулы   елдің  жыры бар.

Ақсұңқарың қанша биік ұшса да ,

Саған келер,саған келіп жығылар.

О,туған жер,қадіріңді кім білген,

Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.

Сенде өткізген артық екен бір күнім,

Басқа жерде той тойламаған мың күннен.» -деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай туған елден,туған жерден асқан байлық жоқ.Ата- бабамыз туған жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап,болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған.Осынау қастерлі Отанымызға жыр арнамаған ақын,шығармасына қоспаған жазушы жоқ шығар!

Туған жер-адам өмірінде жеке орын алады.Сағынатын,ұмытпайтын,есте қалатын ыстық жер.Қазақта «Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде  ұлтан бол»-деп бекер айтылмағанды. Өз елі мен жерін қорғап қастерлеу әрбір азаматтың міндеті екенін жадымызда сақтауымыз керек.

Отанымыздың табиғаты бөлек, ауасы таза, үні құлаққа ерекше жағымды жанға жылу сыйлайды.Қазіргі  бейбітшілік заманда табиғатты аялау,яғни қоқыс тастап ластамау, көгеріп өскен гүлдерді суару, шөп өсіп тұрған алаңды таптамау арқылы жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз. Бұрыңғы заманда батырларымыз жауға шапқанда бір уыс топырақты мойындарына байлап тұмар етіп таққан.Туған жердің топырағы оларға күш-жігер беріп, әрдайым жеңіспен оралған. Мен үшін аса қымбат, ыстық жер Қарабөгет ауылы. Қасында Жетісудың жеті өзеннің бірі Лепсі өзені орналасқан.Үлкен үш қабатты мектеп, жаңа мәдениет үйі, Жеңіс саябағы, керемет алма бағы бар. Жанға жайлы, тыныш, адамдары кеңпейіл ауыл. Мен туған ауылыммен мақтанамын!!!

You May Also Like

Қош келдің жайдарлы жаз, эссе

Қош келдің жайдарлы жаз Маусым айы – жаздың басы. Осы айда туған…

Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз. эссе

Қазақ жеріне «дала қоңырауындай» сылдырлай келіп, қазақ елінің кемел келешегін ойлап, рухани…

Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым, эссе

Тәуелсіздік туралы эссе . Тақырыбы:    Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым. Тәуелсіздік – халықтың…

Мақсат туралы эссе

ЭССЕ МАҚСАТ ТУРАЛЫ Біздің жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің барлығы да мақсатты түрде жүзеге…