ЭССЕ

Тақырыбы: «Мен өз мамандығымды жақсы көремін»

Мен өз мамандығымды жақсы көремін.

Бұл өмірде көптеген мамандық түрлері бар және сол мамандық түрлерінің әрқайсысы өз қылығымен ерекшеленеді. Бірақ бәрінен де қызықты, қажет мамандық – тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Әрине, тәрбиеші мамандығы қиынырақ- өйткені кіші ұрпаққа үлгі болу, тәлім -тәрбие беру, ақыл-кеңес үйрету біздің парымыз, осы кішкентай қиындықтын бәрін біз жеңе аламыз, өйткені оның бәрі балаға, кішкентай бөбектерге деген сүйіспеншілігіміздің, махаббатымыздың арқасы. Сүйіспеншілік, қамқоршылық жер бетіндегі барлық тірі ағзаларға керек. Мысалы: құстар, жан-жануарлар, аңдар және ересек адамдарымыздың өзі де соған зәру және әрине сонымен бірге біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше түрде керек. Мен өзімнің қасымда сол кішкентай бүлдіршіндерің барына қуанамын, олар әрқайсысы өз қылығымен тәтті, алғыр, ұяң, ширақ, қызықты. Оларға ең алдымен не керек? Бәрінен де – жылы жүрек, махаббат керек, сондықтан мен олардың әрқайсысын бөліп жармай, бәрін бірдей қабылдаймын. Басқа мамандық түрінен мұндай қызығушылықты көрмейсіз, өйткені тәрбиеші- бала жанының емдеушісі, сарапшысы, қиындықтың бәрін жеңе біліп, балалардың сенімі мен кішкентай жүректерін жаулап алатын адам. Мен осы себептерден кейін тәрбиеші мамандығын таңдап алдым және осы мамандықты қатесіз таңдағаныма қуаныштымын. Осы мамандық жолында әрі қарай білім алуға, дамуға, әртүрлі қызықты жұмыс түрлерін үйренуге болады, қысқасы бір орында тұрып қалмаймын. Тәрбиеші мамандығына осы себептерден басымды ие отырып, ұлы ұстаздардың ұшан теңіз еңбектері мен тәжірибесіне басымд ы иемін. Менің тәрбиеші болғандағы басты мақсатым: Бүлдіршіндерді кейін мектепке барғанда бағдарламаны тез меңгерүіне өз септігімді тигізіп, әр баланың өз бойында бар бірөнеге деген икемін аңғарып, сол өгнрін аша біліп, ары қарай дамытуға үлес қосу. Балабақшаға келген балалардың жүздері сондай жарқын, көңілді, бақытты балалық шақтары сондай қуанышты, олардың қуанышы -менің қуанышым.

Осылай біз барлығымыз бірге білім жолында келе жатырмыз, олар «жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп» айналадағы қоршаған ортаны танып білуде, ал мен олардың барлық жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуіне қызмет етуден жалықпаймын. Ұлы Абай Құнанбаев «Адамның ерекшк қасиеттері – ақыл-ой, сана сезім, ішкі жан дүниесі жоғары , кәсіби-дәрежелі, шығармашыл ұстаздан қалыптасады» деп тегін айтпаған.

You May Also Like

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін салыстыра талдап жазыңыз. эссе

Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, революционер ақын. Оның поэзиялық шығармалары…

С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. эссе

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке…

“Тіл мерейі-ел мерейі” эссе

“Тіл мерейі-ел мерейі” «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан…

Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазу эссе

Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз! Нысан…