“Тіл мерейі-ел мерейі”

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының

өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов.

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі болып саналады. Әрбір тәуелсіз, тұғырлы елдің туы, елтаңбасы, әнұраны, шекарасы болатыны сияқты мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіліміз егеменді ел екеніміздің бір белгісі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында «ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты көрсетілген. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтың тілі. Тіл мерейі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Елбасымыз «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – ҚР-ның мемлекеттік тілі» деп атап көрсетті.

Тіл – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Елімізде тілді құрметтеу аясында көптеген шаралар жалғасын табуда. Көп тіл білу мақсатымыз, ана тілі – қазақ тілін білу міндетіміз. Оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын кеңейту мақсатында елімізде жыл сайын маусым, қыркүйек айында дәстүрлі тілдер мерекесі, арнайы іс-шаралар байқаулар т.б. өтеді.

Біздердің тіліміз бен мәдениетіміздің дамуы еліміздің өркендеп өсуімен тығыз байланысты. Олай болса, мемлекеттік тілді білу, оған құрметпен қарап, оны күнделікті өмірде қолдану тұрмыс-салтымыздың, мінез-құлқымыздың бөлінбес бөлігі болуы қажет. Барлық күш-жігерімізді, достығымызды нығайтуға жұмсау керекпіз. Ұлтаралық бірлік – отандастарымыздың басты байлығы екендігін ұмытпауымыз керек. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда ғана «тіл мерейі– ел мерейі» деп мақтанышпен айта аламыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенмен алдымен қазақ ағайындар бәрі өзімізге байланысты. Білімділіктің ең басты шарты туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. Елбасыда бір сөзінде «қазақ қазақпен алдымен қазақша сөйлессін» деп ащы мысқылдап айтып еді. «Тіл мерейі  – ел мерейі» екенін еске сала отырып, «ана тілін сыйлайық, шетке қарай сырмайық» дегім келеді!

You May Also Like

Мои друзья, эссе

Эссе «Мои друзья» У меня во дворе три друга, они смешные и…

My family, эссе

Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу, эссе

                   “Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу”   Қазақ сәбиін: Ақын болар…

Шын дос эссе

Шын дос (эссе) Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше, Бір дос бар…