Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, революционер ақын. Оның поэзиялық шығармалары одан қалған әдеби мұраның негізін саласы деуге болады. Осындай тағы бір көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев. Ол қазақ поэзиясының шолпан жұлдызындай бірі әрі бірегейі болып табылады.

Кеңес үкіметі кезіндегі ауыр жаладан ақталып, шығармасы ел игілігіне айналғанға дейін М.Жұмабаев шығармашылығы, оның ішінде «Батыр Баян» туындысы романтизм саласына жатады. Ал С.Сейфуллиннің халық арасына кең таралып, көкейімізде жатталып қалған поэмаларының бірі «Көкшетау». Бұнда Арқаның ең көрікті, әсем жерлерінің бірі Көкшетауды үлкен шеберлікпен суреттеледі.

Бізге берілген шығармаларда Адақ пен Баянның қандай байланысы бар? Екі кейіпкердің мінезі мен іс әрекеті қандай үйлесім табады? Осыған талдау жасап көрелік

Менің ойымша, көркем әдебиеттен өзіндік орын алған екі шығарма да бірінен бірі асып түсетіндей. Батыр мен Адақтың батылдығы, ержүректілігі, халқының тұлғалы азаматтары болуы осының дәлеліндей.

Пайымдап қарар болсақ, С.Сейфуллиннің поэзиясының күші мынада деп білемін: ол ұлттық мінезін, табиғатпен көркем астасқан мәңгілік жанды жаратылысымен, нақты бейнеленген ақиқатымен ойды баурап, сананы жаулап аларлықтай дер едім. «Көкшетау» поэмасының кейіпері Адақ әділ, кішіпейіл, батыр әрі ермінезді адам ретінде бейнеленеді. Ал Батыр Баян болса, халқының тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен ардагер, батыр әрі жан жүрегінда ар мен намыс лапылдаған жауынгер. Екі шығарманы салыстырып қарасақ, мұнда қалмақ қызық жайлы сөз етіледі. Бірі жас қызға қол ұшын берсе, екіншісі керісінше, аяқтай шалғандай болады. Сонда екі кейіпкердің айырмашылығы осыдан көрінеді. Адақ қызға көмектесіп, басына азаттық беріп, бостандық  сыйласа, Батыр Баян ар мен намыс жолында сатқындық жасаған қызды қуып жетіп, о дүниеге аттандырады. Алайда, мұнда Батыр Баян ісі арқылы оны біз нағыз азамат екендігін, туған елі мен жері үшін бәріне де дайын екенін көреміз, Ал Адақ кеңпейіл әрі қайырымды мінезімен  жақсылықтың символы ретінде көрінеді.

Қорыта келе, міне, олардың мінезі мен атқарған әрекеттері арқылы екі туындының, айырмашылығын, бізге берер мәні мен тәрбиесінің әртүрлілігін  байқаймыз. Өте әсерлі психологиялық поэмалар жазушының айтар ойын дөп жеткізгендей.

You May Also Like

Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым, эссе

Тәуелсіздік туралы эссе . Тақырыбы:    Тәуелсіздік-менің бақытым, менің болашағым. Тәуелсіздік – халықтың…

Ғарышқа сапар, эссе

Ғарышқа сапар Ғарыш – бұл сондай ғажап, шексіз  бос кеңістік. Сол кеңістікте…

Мои друзья, эссе

Эссе «Мои друзья» У меня во дворе три друга, они смешные и…

Мұхит Мералыұлының «Зəуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз, эссе

Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит…