Тақырыбы: Математика ойын әлемінде

Күні: 29.01.2019

Сыныбы: 5

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: :Үлгірімі төмен оқушылардың білімдерін жүйелеу, ойын ойнау арқылы математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету;

 Дамытушылығы:  Логикалық есептерді шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін, барлық тапсырмаларды өздері қимыл-қозғалыспен орындау арқылы дамыту;
Тәрбиелілігі:  Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, топпен ойласуды үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын сайысы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: слайд, канструктор, плакат, таратпалар(сандар), суреттер, спорттық ойын құралдары (доп, асық),

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов 

Сабақ барасы 

І. Оқушыларды топқа бөлу, дайындарын қадағалап, ойынға сәттілік тілеу.

ІІ. Ойын шарттарымен таныстыру.

8-турдан құралған

  1. «Еселік»
  2. «Эстафета»
  3. «Сәулетшілер».
  4. «Қантал апай»
  5. «Математикалық би»
  6. «Есеп білген – өсер»
  7. «Ойнайық та, ойлайық»
  8. «Тәтті» 
  1. «Еселік»ойыны
    Топ оқушылары щеңбер жасай айнала тұрады. Бірден бастап санай береді 1,2,3,..4,5,… тек екіге, келесі топ беске бөлінетін сан кездескенде оны атамай «еселік» деп өту керек. Жаңылысқан бала ойыннан шығып қалады да, қалған балалар әрі қарай жалғастырады. Қателеспеген бала ойын соңында жеңімпаз атанады.
  2. «Эстафета» Топ оқушылары қатарға тұрып, қолдарындағы доппен тақтадағы есепті шығарып допты келесі оқушыға беру керек, ол есепті шығарып, келесі оқушыға береді. Осылайшы жалғасып, бірінші келген топ 10 ұпаймен бағаланады. Әр дұрыс есепке 5 ұпайдан беріледі.

 

  1. «Сәулетшілер» сайысы. Конструкторлар арқылы үй, өз ойларынан құрастыру.
  2. «Қантал апай» көп асық жинаған топ ұпай жинайды.
  3. «Математикалық би»

1*9=9

2*8=16

3*6=18

4*7=28

5*10=50

1, 2, 3, 4, 5 сандары көрмендерде, 6, 7, 8, 9, 10 цифрлары қатысушыларда болады. Көбейтіндінің мәнін айтып көрермендердің ішішнен өзіне сәйкес келетін санды тауып билейді.

  1. «Есеп білген – өсер» сайысы
  2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
  3. 2. Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім шешеді?

  1. Үй тышқанның неше құлағы бар? екі
  2. Төрт қойдың неше аяғы бар?

5.Диастың 14 асығы бар, ал Мирастың одан 16 асығы артық. Мираста қанша асық бар?

  1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? \2\
  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады
  3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
  4. Мектепке келе жатқан 4 балаға қарсы жолда екі бала жолықты. Мектепке неше бала барады?
  5. Қолымызды он саусақ болса, он саусақта неше саусақ бар?
  6. «Ойнайық та, ойлайық»

28:14=2

590-90=500

100*20=2000

1000+200=1200

Әр сан және амалдар әр парақта болады. Парақтағы сандармен амалдарды қолданып есеп құрастырда.

8.Сайыс  «Тәтті» Санның бөлігін табуға есептер шығарып, тәттілерден сыйға тарту.

Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

Қорытындылау.

You May Also Like

Судың пайдалары, сабақ жоспары

My family and friends. « People I know», Lesson plan

Өнер белестері, сабақ жоспары

Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер, сабақ жоспары