Әкемнен үйрендім

«Әкем аты шапқан сайын өрлейді»

Менің аты – жөнім Өміртай Нұржігіт. Мен 4 жаста болған кезде анамыз дүниеден өткен. Әкем 3 балаға және әжеме қомқор болып келеді. Әкем шаңырағымыздың бар ауырпашылығын көтеруде, Сондықтан әкемізді сыйлап, құрмет көрсетеміз! Ол кісі бізге үлкенге құрмет көрсетуге, үлкенді сыйлауды, кісі ақысын жемеуді, өтірік айтпауды еңбектенуге үйретіп келеді және де әлі де үйрететіні көп деп ойлаймын.

Әкем мал дәрігері болып жұмыс жасайды. Ол ауыл ауылдарға мал емдеуге көп барады. Әкем жұмыспен жүрген кезінде бізге әжеміз қамқорлық жасайды. Менің әкемнің мінезі ақкөңіл, адал, ешкімге ренжімейді, әрқашан көңілді жүреді. Бізге әкеміз айтады: «Көңілді жүріңдер, өтірік айтпаңдар, ешқашан ешкімнің ала жібін аттамаңдар!» деп. Ең ерекше, қасиетті адам ол мен үшін -әке. Әкем мен үшін ғажап, керемет адам -деп есептеймін.Ұл бала тәрбиені –әкеден алғаны дұрыс деп ойлаймын.

Мен өскен соң бауырларыма, әжеме, әкеме қамқор боламын. Әкемді, әжемді, бауырларымды қатты жақсы көремін. Біз бақытты жанұямыз!

Әкемнен үйрендім

 

You May Also Like

Абай шығармашылығы Эссе, Works by Abai Essay, Произведение Абая Эссе

Абай шығармашылығы Эссе Абай Құнанбайұлы— ұстаз,ақын, ағартушы,қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, философ,…

М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы қазақ қызының рухани өміріне қатысты оқиғаларды талдап жазыңыз. эссе

Міржақып Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі, прозадағы шоқтығы биік ірі табысы,…

Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. эссе

Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дамиды десем артық айтылғандық…

Ұлы жеңістің мұрагеріміз эссе

                              Ұлы жеңістің мұрагеріміз! Шығарма. ІІ. Негізгі бөлім: Ұлы Отан соғысы жайлы,…