žҰсату және ұнтақтау дегеніміз шартты ұғымдар, себебі олар бір негізді процестер. Егер кесектердің диаметрі 5мм-ге дейін қысқартылса процесс ұсату деп аталынады, ал одан ары ұсату әрекеті ұнтақтау деп аталынады. Бул процестер кенді байытуға дайындау үшін жүргізіледі.

žҰсақтау және ұнтақтау процестерінде көп энергия шығындалады. Мысалы, кен байыту фабрикасында шығындалатын барлық энергияның 60-75 проценті ұсақтау және ұнтақтау процестеріне жұмсалады. Сондықтан бұл процесте “зат қажетсіз ұсатылмасын”деген принципті жүзеге асыру қажет. Ол үшін әдетте көмекші процестер – грохочение және классификациялау қолданылады.ž

žҰсату процесінде сырт энергия, біріншіден, заттың кристалдық структурасын деформациялауға(біразы жылуға айнала-ды),екіншіден, жаңа сыртқы бет жасауға жұмсалады. Энергияның атқаратын жұмысы Ребиндер мен Жигачтың теңдеуімен сипатталады:

мұнда

  Ад+ Аб=К V + σ S

А – ұсату жұмысы;

Ад- Деформациялауға шығындалған жұмыс;

Аб- жаңа сырт бет жасауға шығындалған жұмыс;

V- деформацияланған көлем;

S- жаңа пайда болған бет ауданы;

К және σ  – пропорционалдық коэффициенттер.

žЕгер кен кесектерінің диаметрі ұсату процесінде аз ғана кішірейтілсе  жұмыстың негізі деформациялауға жұмсалады. Демек, бет жасау жұмыс үлесі аз болады да, оны есептемеуге болады.Онда жоғарыда келтірілген теңдеу Кирпичев-Киктің ұсату заңымен  сипатталады:

                   А=K ∆Vž

žұсату процесінде қолданылатын аппараттарда кен кесектері төрт түрлі әрекеттің -жаншу, жару, соғу және аса майдалау әсерлерімен ұсатылады. Олардың негізгілері – жаншу және соғу.

Ұсату процестері негізінде құрғақ түрде жүргізіледі.

You May Also Like

Жаратылыстану ғылымдары – әлем айнасы, баяндама

Баяндама Тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдары – әлем айнасы Мазмұны: • Жаратылыстану ғылымдары •…

Протез тістің тазалығын қалай сақтау керек?

Егде жандарға салынатын жасанды тіске ерекше күтімнің қажеті шамалы. Ертеректе протез тісті…

Числа в пословицах и поговорках 

Числа в пословицах и поговорках І Введение Наше знакомство с числами началось…

Киберқауіпсіздік деген не?

Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін киберқауіпсіздік бұл электрондық нысандағы ақпараттың және оның өңдеу,…