Паллиативті күтім көрсету

«Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі

факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге,

күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты»                                                                                                                                                Н.Назарбаев

Жоба тақырыбы: «Паллиативті күтім көрсету».

Мақсатым:

  • Ерікті жастардың басын қосып паллиативтік көмекке жұмылдыру.
  • Игі істер арқылы жастардың қоғамға пайдасын тигізуі және мұны өмірлік маңызы бар дағды ретінде қалыптастыруы.
  • Қарт кісілерге және мүгедек жандарға қуаныш сыйлау, оларға паллиативті күтім көрсету.
  • Науқастың қайғы-қасіретін азайту және өмір сапасын жақсарту.

Басымдылықтар: Еріктілік – бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Әрбір жас еріктілік жұмыстарын жүрек қалауымен атқарып, белсенді түрде атсалысуы тиіс. Аталмыш жұмыс арқылы жастардың бойында патриоттық сезім оянады, мейірбан болуға және адамгершілікке тәрбиелейді. Осы орайда білім алып отырған оқу ордам болашақ ақ халатты абзал жандарды даярлайтын мекеме болғандықтан, болашақ мамандығым мен еріктілік қызметімді ұштастыра келе, қазіргі сәтте жіті назарға алынбай жүрген қарт кісілер мен мүгедек жандарға паллиативті күтім көрсетуді ерекше қолға алғым келеді. Паллиативті күтім – ауыр аурулармен байланысты белгілерді жеңілдету және емделушінің өмір сапасын жақсартуға бағытталған емдеудің түрі. Науқасқа жеңілдік беретін көмектің мақсаты – қайғы-қасіретті азайту және өмір сапасын жақсарту. Бұл ерікті түрдегі тәжірибелік дағды болғандықтан медицина мамандығының жастарына теория жүзінде үйренген білімдерін практика тұрғыда қолданып өзін шыңдай түсетіні сөзсіз белгілі, әрі науқас жандардың жүзіне қуаныш пен күлкі, сонымен қатар үміт сыйлау арқылы жан рахатына бөленіп, мамандығына деген махаббатының жаңа бір бөлігі ашылады десем қателеспеймін. Қазіргі сәтте «Жүрек жылуы» қайырымдылық клубының ерікті жастарымен бірігіп, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды – «Еріктілер жылы» деп жариялауы қарсаңында «Birgemiz:Saylyq» жалпыұлттық жобасы аясында аурухана тізімінде тұрған қарт кісілер мен мүгедек жандарға дәрігерлердің арнайы бақылауымен санитарлық талаптарды сақтай отырып паллиативті күтім көрсеттік. Аталған жандардың үйлеріне барып сырласып, бар махаббатымыз бен мейірімділігімізді көрсетіп келеміз. Төрт қабырғамен ғана сырласатын жандарға көп көңіл бөлуіміз тиіс. Көбірек сөйлесіп, коммуникативтік дағдылар бойынша сырласып, қоршаған ортадан шеттемеуіне әрекет жасауымыз қажет. Себебі науқас адамның сауығуына әсер ететін бірден бір емдеудің түрі – ол  қарым-қатынас жасап сырласып, өмірмен күресуге деген жылы сөздердің жеткілікті екендігін баршамыз білеміз.

Паллиативті күтім көрсету шараларының сатыларын айтып өтетін болсам: ең алдымен ерікті жастардың басын қосып, дәрігерлермен бірге науқастардың өмір және  ауру тарихымен танысып, қойылған диагнозға сәйкес күтім көрсету шараларын үйреніп, коммуникативті дағдылар бойынша сабақ өтіледі. Одан кейін ерікті жастарды жұп-жұппен топқа бөліп, әр топтың жанына білікті дәрігер бекітіледі. Науқастың үйіне барған сәттен бастап күтім жасамастан бұрын ең алдымен коммуникативті қарым-қатынас құрудан басталуы тиіс. Жылы сөздермен сұхбаттаса келе науқасқа күтім көрсету жүргізіледі: төсегін салып беру, ауыстыру, шомылдыру, басқа да гигиеналық процедуралар жасап беру, қажетті дәрі-дәрмектерін, азық-түлігін жеткізіп беру. Сонымен қатар, дәрігердің тағайындаған емін орындау қажет. Одан бөлек технология саласының дамуының арқасында, бейнехабарламалар арқылы да бақылауда ұстау тиімді болып есептеледі.

Паллиативті күтім көрсетуді ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін. Егер науқастардың көпшілігінің қалған өмірін өз үйінде өткізетінін ескеретін болсақ, онда үй жағдайында көмек көрсету айтарлықтай мақсатты болуы тиіс. Науқастың кешенді күтімі мен көмектің әрбір түріне қажеттілігін толықтыру үшін медицина мамандарынан бөлек, өзге де мамандарды (психолог, социолог, шаштараз және т.б.) тарту қажет. Көмек көрсету үшін басқа мамандар қажеттілігіне қарай тартылуы керек, және алдағы уақытта осы мәселе бойынша қолға алынуына атсалысатын боламын.

Киелі Түркістан шаһарының белсенді жастарының бірі ретінде осы жобаны қолға ала отырып, кең ауқымды рухани насихатталуын қадағалап, өзге аймақтар мен елді мекендерге таралуын қамтамасыз етуді ұсынамын. Бұл дегеніміз рухы биік жастардың бар екенін көрсету. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар одан әрі жалғасын тауып, қарттарға көп көңіл бөлінсе, ерікті жастарымыз осы тұрғыда әрекет жасаса, игі іс жасайтын жандар қатары көбейетіні сөзсіз.

Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Мемлекетіміздің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей мына бізге байланысты. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп білемін. Сол үшін әрбір жас өз қоғамына, еліне пайдасын тигізуді мақсат тұтуы қажет.

52 comments
  1. Hello, I think your blog may be having browser compatibility problems. Whenever I look at your blog in Safari, it looks fine but when opening in Internet Explorer, it has some overlapping issues. I simply wanted to give you a quick heads up! Aside from that, wonderful blog!

  2. Can I just say what a comfort to discover somebody that really understands what they are discussing over the internet. You actually know how to bring a problem to light and make it important. A lot more people really need to read this and understand this side of your story. I was surprised that you aren’t more popular since you certainly have the gift.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Педиатриядағы шұғыл жағдайлар. Емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру, дәріс

Пәнің  аталуы «Балалар ауруы»   Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі» Дәрістің…

Жаңа жылға мерекелік сценарий құру

Пән:Мәдени қызметін ұйымдастыру Мерзімі:30.11.20 Жасаған:Кабдуалиева А Жаңа жылға мерекелік сценарий құру  Міндеттері:…

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру, дәріс

Дәрісте қарастырылатын сұрақтар: 1.Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні Қазақстанның салық жүйесі…

Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру

 Жылжымалы құрамды қабылдау Сапардан паркке оралған соң,жүргізуші жолдаманы толтырып, оны кезекші механикке…