Шығыс медициналық дәрілік шөптермен ауырған жерді емдеп қана қоймай, бүкіл ағзаны қалпына келтіруге көмектесетін емдік әдіс көп. Оның бірі:

Қызыл ащы бұрыштың (перец) 2 данасын алып, ұсақтап турау керек. Оған 300 мл мүсәтір (нашатырь) спиртін құйып, қараңғы жерге 2 апта қойыңыз. Күн сайын ыдысты шайқап, араластырып отыру қажет. Дайын болған тұнбамен ауыратын буындарыңызды ысқылап сүртіңіз.

Ұсақтап үгітілген лавр жапырағына 200 грамм күнбағыс майын құйып, 2 апта қараңғы жерге қою керек. Бұл дәрілік май тұнбасын компресс үшін пайдалануға немесе жүйке талшықтары зақымданған дене мүшесін сылауға болады.

Буындарыңызға компресс жасағанда, дәруменге бай шипалы тұнба дайындап ішсеңіз көмегі керемет. Ағзаңыздың иммунитетін арттыруда итмұрын (шиповник) қайнатпасының орны бөлек. 1 стақан суда 50 грамм итмұрын, 50 грамм қара қарақат жемістерін қайнатыңыз. Шай ретінде күнде дайындап ішіңіз. Тек итмұрын жемісінің өзін пайдалансаңызда болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың маңызы мен мазмұны.Кәсіпорындарда еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.ҚР еңбек кодексіндегі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының мазмұны. Әйелдердің, мүгедектердің, жасөспірімдердің еңбегін қорғау жөніндегі нормативті актілер.

Жоспары Негізгі бөлім —   Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң…

Бала тәрбиесіндегі ертегілердің маңызы

Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы.…

Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері

Еңбек қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері. Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен…

«Көтібар-алмас қылыш, ел тірегі»

 «Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,…