СӨЖ
Тақырыбы: «Жеке бас бағыттың қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер».

мазмұны

Эллинистік Римдік философия

Киниктер

Эпикур философиясы

Эпикурдың этикасы мен теологиясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Эллинистік римдік

Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық дәуірдегі философиялық ой пікірдің ең биік шыңында жатқызсақ,б.з.д IV-Vғ екі ортасындағы VIIIғ көне заманның философиясының  бірте бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. VIIIғ неше түрлі соғыстар,құлдардың көтерілістері,ұлт азаттық қозғалыстар бәріде болды.

Орыстың ұлы философы  А.Ф.Лосев “Философияда қажу мен түнілу байқалады… Мәресіне жете алмай өшкен,бірақ болуға тиіс болса да,дегенмен болмысқа айналмаған ілімдер…”.

Киниктер

Киниктердің ілімі бойынша,адамның ең соңғы ілімі ізгілік.  Ізгілік дегеніміз аз нәрсеге қанағат ету,залымдықтан аулақ жүру;ізгілікке үйренуге болады,бірақ оған білімнен гөрі ерік керек;ізгілік адамның сөзінен емес,жүрісінен байқалады. Киниктердің дербестігі бүкіл мәдениет,әлеуметтік нормалар,өнер,отбасы,мемлекетті теріске шығаруға әкеледі.

Эпикур философиясы

Эпикур (342-270 б.ғ.д) Демокриттің қолдаушысы . 306ж Афина қаласында өзінің мектебін ашты. Ол соңынан «Эпикур бағы» деген атақ алды. Мектептің қақпасында мынадай жазу бар екен: «Жолаушы,мұнда саған жақсы болады:мұнда ләззат алу ең биік ізгілік».

Эпикур ілімі

  1. Каноника ілімі
  2. Физика ілімі
  3. Этика ілімі

Эпикурдың каноникасында сезімдік танымға көп көңіл бөлінген. Дүниені қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі жеңіл атомдардың біздің денемізге кіруі жатыр.

Эпикур физикасына келетін болсақ оның негізгі қағидалары мынадай:

Еш нәрсе жоқтан пайда болып және жоққа кетпейді. Ғарыш әрқашанда осындай болған және болашақта да осындай болады,өйткені басқаға айналатын еш нәрсе жоқ.

Эпикур “дүниені зерттеу ол адамның негізгі мақсаты бақытты өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар Ғарыштың қандай екенін,Құдайлар бар ма,әлде жоқпа,өмір мен өлім жөнінде,табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жөнінде өздерінің түсініктерін қалыптастыру керек. Сонда ғана адам бақытты өмірге жете алады,ал ол үшін философияны оқу керек. Ол ешқашанда ертеде емес кеште емес”.

Эпикурдың ойынша бақыт дегеніміз еш нәрсеге кеселі тимеген ләззат. Ол адамның жаратылысы,табиғатынан шығады. Адам дүниеден ләззат алуға,зардаптан қашуға тырысады. ”Сондықтан  біз ләззатқа жетуді бақытты өмірдің басы мен аяғы деп есептейміз”.

Қорытынды

Дене тілегі ашықпау,шөлдемеу,тоңбау. Осының бәрі бар адам, я соған болашақта үмітті адам Зевстің өзімен бақыт жөнінде дауласа алады (Эпикур).

Қолданылған әдебиет

«Философия» Серік Мырзалы

Google kz

You May Also Like

Қазақстанның экологиялық мәселелері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:Қазақстанның экологиялық мәселелері Жоспары: Кіріспе  Негізгі бөлім 1.Қазақстандағы радияциялық жағдай Қазақстанның…

Протозойға және ішекқұртқа қарсы заттар, сөж

СӨЖ Тақырыбы: «Протозойға және ішекқұртқа қарсы заттар» 2- нұсқа 1-есеп. Протозойға қарсы…

Мінез түрлері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Мінез түрлері. Мінез жөнінде түсінік Мінез-жеке адамның өзіне тән құқық…

Жеті жарғы, СӨЖ тарих

Жоспар Кіріспе Қазақ хандығының негізгі құқықтық ережелері. «Жеті Жарғы» немесе Тәуке ханның…