СӨЖ

Тақырыбы: Бедеу некені емдеудегі заманауи қосымша репродуктивті технологиялар.

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

Бедеулі неке дегеніміз не?

Бедеуліктің себептері мен жіктелуі;

Заманауи қосымша репродуктивті технологиялар;

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

    Бедеу неке деп жұбайлардың екеуі де бала табуға қабілетті жаста бола тұра, бір жыл бойы контрацептивсіз, үнемі жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде жүктіліктің жүзеге аспауын айтады.

Кіріспе

Бедеулі неке тақырыбының өзектілігі қазіргі кезде өте маңызды және қиын медико-әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады,себебі бедеуліктің кездесуі жиілігі 18-20% және жылдан жылға өсіп жатыр.Оның 50% әйел бедеулігі,40%еркек бедеулігі,ал 10%аралас түрі болып табылады.Босанбаған әйелдердің арасында репродуктивті денсаулықтың төмендеуі психосексуалды бұзылыстарға,гинекологиялық патологияның үдемелі салмағының жоғарылауына,репродуктивті жүйенің ісіктеріне әкеледі.35 жастағы асқан әйелдердің ұрықтануға қабілетіне 3-4 есе төмендейді,бедеулік 3 жылға созылатын кезде 25-35 жас арасындағы әйелдерде репродуктивті жүйенің қайта қалпына келуі 50-20% кездеседі.

БЕДЕУЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ:

-жыныс мүшелерінің анатомиялық және физиологиялық өзгерістері;

-жыныс мүшелерінің қабыну аурулары,гонорея,туберкулез,кіші жамбас қуысының жабысқақ процестері;

-жарақттар;

-ісіктер;

-жатыр мен оның қосалқыларының даму ақаулары;

-індетті аурулар;

-түсіктер;

-эндокринді бұзылыстар;

-эндометридің рецепторларының бұзылыстары;

-семіздік;

-стресс жағдайлары;

-экстрагениталды аурулар;

БЕДЕУЛІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ

1.АБСОЛЮТТІ-организмде кері қайталанбайтын потологиялық өзгерістердің болуы.

2.САЛЫСТЫРМАЛЫ-бедеуліктің себептерін жоюға болатын жағдайлар.

3.БІРІНШІЛІК-егер жүктілік ешқашан болмаса.

4.ЕКІНШІЛІК-егер жүктілікбұрын болып содан кейін 1 жыл арасында болмаса.

Себебіне байланысты әйел бедеулігінің негізгі түрлері

Түрлері Сипаттамасы Кездесу жиілігі(%)
1. Эндокринді түрі Бұл кезде овуляция процессі бұзылады. 35-45%
2.Түтіктік түрі Жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар,операция жасалған,жабысқақтары бар науқастар жатады. 20-30%
3. Әртүрлі гинекологиялық аурулар Қынап және жатыр мойнының аплазиясы,эндометриоз,синехиялары бар науқастарда кездеседі. 15-25%
4. Иммунологиялық Бұл кезде шәуетке антиденелер түзіледі 2-5%

Бедеуліктің жіктелуі

1.Эндокринді түрі – ең жиі кездесетін түрі (35-45%), бұл кезде овуляция процессі бұзылады. Бұл бедеуліктің түріне қалқанша безінің аурулары,гиперандрогения,гиперпролактинемия, гипоталамо-гипофизарлы жүйенің дисфункциясы, қант диабеті жатады.

2.Түтіктік перитонеалды түрі – басқа түрлерінің ішінде  20-30% құрайды,бұл бедеуліктің түрінде жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар, операция жасалған,жатыр түтіктерінің өткізбеушілігі  бар науқастар жатады.

3.Әр түрлі гинекологиялық аурулар – басқа бедеуліктің түрлерінің ішінде  15-25% құрайды.Қынап және жатыр мойнының аплазиясы, эндометриоз, жатыр лейомиомасы,синехиялар)

4.Иммунологиялық – 2-5% орын алады, бұл кезде спермаға антиденелер түзіледі.

5.Түсініксіз генезді – басқа бедеуліктің себептерінің ішінде  8-10% құрайды.

Ерлер арасында кездесетін бедеуліктің түрлері:

1.  ВАРИКОЦЕЛЕ-ШӘУЕТ КАНАЛЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ КЕҢЕЙІП КЕТУІ 32.2 % ОРЫН АЛАДЫ;

2. ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ІНДЕТТІ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ

3. ЭНДОКРИНДІ БҰЗЫЛЫСТАР-4%

4. ХРОМОСОМДЫ АНОМАЛИЯЛАР

5. КРИПТОРХИЗМ-2-5%

6. ЖҮИКЕЛІК АУРУЛАР,ЯТРОГЕНДІ СЕБЕПТЕР,ШӘУЕТ  ШЫҒАРАТЫН ЖОЛДАРЫНЫҢ БІТЕЛУІ

Бақытты әке болуға кедергі:

-шылым шегу(никотин,смола сперматозойдтың активтілігін төмендетеді);

-алкоголь(қандағы андрогендердің төмендеуі);

-қабыну аурулар(простатит,орхит);

-баня,сауна,ыстық ванна;

-құнарсыз тамақтану;

-экологиялық жағдайлар;

Бедеулі жанұяны зерттеу:

1. әйелді біріншілік кору;

2. күйеуінің спермограммасы,керек кезде андрологтың кеңесі;

3. жатыр түтіктерінің өткізгіштігін және ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын тексеру(метросальпингография,кимопертубация,лапороскопия,кіші жамбас мүшелерінің УДЗ);

4. індетті скрининг(қынаптың,цервикалды өзектің жағындысын зерттеу);

5. гормоналды скрининг(гормоналды статусты зерттеу);

6. иммунологиялық скрининг,посткоиталды тестіні жүргізумен бірге;

Заманауи қосымша репродуктивті технологиялар

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ).

Гаметалар, эмбриондарды жатыр түтіктеріне тасымалдау (ГИФТ,ЗИФТ).

Ерлер бедеулігін емдеудегі гаметаларға микроманипуляциялар:

  • жылтыр қабатты бөліктік тілік жасау;
  • субзоналы ұрықтандыру;
  • сперматозоидтың интрацитоплазматикалық инъекциясы (ИЦИС немесе ИКСИ).

Донорлық ооциттер мен эмбриондар көмегімен жасалатын қосымша репродуктивті әдістер

Суррогатты ана

Сперматозоидтар, аналық жыныс жасушаларының және эмбриондардың криоконсервациясы

Спермамен жасанды инсеминация (ИСМ, ИСД).

Қосымша репродуктивті технологияларға көрсетілімдер

Жатыр түтіктері жоқ немесе өтімсіздігі кезіндегі абсолютті түтіктік бедеулік;

Белгісіз генезді бедеулік;

Емге берілмейтін бедеулік;

Бедеуліктің иммунологиялық түрлері;

Ерлер бедеулігінің әр түрлі формалары;

СПКЯ;

эндометриоз.

Қосымша репродуктивті технологияларға қарсы көрсетілімдер

Жатырдың туа біткен ақаулары немесе жатыр қуысы жүре деформацияланған;

Жатырдың операциялық ем жасалу керек зарарсыз ісіктерінде;

Анамнезінде қатерлі түзілістер болса;

Аналақ бездің ісіктері;

Жедел қабыну аурулары;

Жүктілік пен босануға қарсы көрсеткішті соматикалық және психикалық аурулар.

Қосымша репродуктивті технологиялардан кейінгі асқынулары

Овуляцияны стимулдеуші препараттарға аллергиялық реакциялар;

Қабыну процесстері;

Қан кету;

Көпұрықты жүктілік;

СГЯ;

Эктопиялық жатырдан тыс жүктілік. Жатырдан тыс жүктілік даму қаупі 3-5 %.

Қорытынды

Қазіргі таңда әйел және еркек бедеулігі теңесті деуге болады. Бала табуға қабілетсіздік отбасы үшін ауыр психологиялық салдары бар қайғы болса, жалпы қоғам үшін экономикалық және әлуметтік салдары бар күрделі мәселе болып       табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1. «Акушерия және гинекология»

Ә.Т.Раисова,Р.Ғ.Нұрқасымова, Асем-Систем, 2006 ж, -290 б.

  1. 2. Экстракорпоральное ополодотворение и его новые направления в лечении женского и мужского бесплодия / Кулаков В.И., Леонов Б.В.. — М.: Медицинское информационное агентство, 2000. — 782 с. — 2000 экз. — ISBN 5-89-481-088-4

3.Т.Раисова,Р.Ғ.Нұрқасымова.Акушерия және гинекология.(290-291б)

4.Г.М.Савельевой.Гинекология.(402-407б)

5.www.qooqle,ru

6.www.bibliotekar.ru|enc-semya\22html

You May Also Like

Ұйымдастырушылық мінез-құлық және ұйым басшысының мінез-құлқы, СӨЖ

CӨЖ  Тақырыбы:   Ұйымдастырушылық мінез-құлық және ұйым басшысының мінез-құлқы Жоспар  І   КІРІСПЕ ІІ …

Қазіргі жағдайда инновациялық кәсіпкерлік, СӨЖ

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің…

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық Жоспар: 1.Тұрақты…

Жеке бас бағыттың қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: «Жеке бас бағыттың қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер». мазмұны Эллинистік Римдік…