ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды.

Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.

Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары,сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып,заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалары еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркелді,жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге аасырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады , тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тиым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысана, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс . Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерді тиым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде  баянды етіледі.

Кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің дамуы мен өркендеуі бағыттарымен қатар жүреді.Қазіргі кәсіпкерлік қызметті дамыту проблемалары кешенді түрде қарастырылған: нарықты кешенді зерттеу, кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің қалыптасу және даму кезеңдері анықталған, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамытудағы мемлекеттің рөлі қарастырылған. Мұнда кәсіпкерлік қызметпен атқарылатын функциялар: экономикалық ресурстарды рационалды пайдалану, кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру, жоспарлау және талдау, қаржыландыру көздері мен инновацияны енгізу, шығын көлемін төмендету жолдары зерттелген

Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңзды түрі болып табылады. өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды.

Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліңтің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.

Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшлеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының»классигі, Кантильон есімімен байланысты. Ол бірініш рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады.

Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәукелді төмендету үшін негізгі өндіріс факторларын : жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруге тура келеді.

Кәсіпкерлік–бұл қоғамдық пайда мен жеке бас мүддесін үйлестіру негізінде коммерциялық жетістіктерге және басқа да табыстарға жету мақсатында мүлікті, қаржы құралдарын және басқа ресурстарды жаңаша пайдаланумен тығыз байланысты шаруашылық субъектілердің бастамалы (инциативалы) әрекет».

«Кәсіпкерліктің үлгісі белгілі: классикалық кәсіпкерлік жаңашылдық (инновациялық) кәсіпкерлік.

Классикалық кәсіпкерлік – бұл қызмет көрсету номенклатурасын жаңарту мен ұйымдар әрекетінің рентабельділігін арттыру үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану арқылы ресурстардың жоғарғы (макимальді) деңгейін беруге бағытталған дәстүрлі, консервативті кәсіпкерлік. Ал, инновациялық кәсіпкерлік ең алдымен кәсіпкерлік әрекеттегі жаңашылдықпен тығыз байланысты. Кәсіпкердің рөлі экономиканың дәстүрлі факторын пайдалану арқылы, оларды жаңаша үйлестіру арқылы бұрын белгілі болмаған жаңа бір нәрсені жасап шығумен ұштасады. Мұндай жаңашыл кәсіпкерлік дәстүрлі кәсіпкерлікке қарағанда барынша әсерлі нәтиже береді, бірақ кәсіпкерге айрықша талаптар қояды ». «Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ерекше жаңашыл процесс, жаңа нәрсенің пайда болуы, оның негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу мен инновацияға негізделу.

Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз. И.Шумпетер кәсіпкер болу – ол басқалар істемегенді істеу және басқалар істемегендей етіп істеу деп текке айтпаған. Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі бойынша неғұрлым жоғары рейтингті тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары, машиналар менқұрал-жабдықтардың өндірісі мен электроникалар өндірісі алады. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанда үнемі шетел құрал-жабдықтарын, технологияларын қолданудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Ал машина құрылысы толығымен жоғары инновациялық белсенділікпен сипатталады». «Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады: өнімділік; үрдістік. Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады». [4] «Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде — жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі».

«Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады.

Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады. Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді»

«Еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы; материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы; йналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы; қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі; пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі; кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі».

«Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегіэкономикалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады: өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер; қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативті төлемдер;қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі; банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшервалюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б».

«Экономиаклық нәтижелілік бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды босатып алу; материалдық , еңбек және қаржы. Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы». «Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары: жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу; өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу; жаңа өнімді дайындауда,технологиялық,процесті,әзірлеу; қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу; жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу; қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу; қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу; лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу; инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу»

Қазіргі жағдайда инновациялық кәсіпкерлікті ұйымдастыру

«Қазақстан Республикасында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту.

Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi».

«Қазақстанның дамуының басты бағыттары – ең жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру.

Ең алдымен инновация  деген  терминге  тоқталып  кететін  болсақ,  инновация  бұл – жаңа немесе  жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже».

«Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Қазiргi уақытта Қазақстанда  негізiнен  шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер — мамандардың институты мүлдем жок.

Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың-негiзгi-тәуекелi бара бар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі». «Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес. Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады.»

«Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:

өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;

инновациялық кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі. Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет: инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау; инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау; инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.»

«Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту кең орын алмақта.

Инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату. »

«Инновациялық кәсіпкерлікті жанама мемлекеттік қолдау инновациялық инфақұрылымның құрылуын қарастырады, ол өз кезегінде консалтингтік және инжинирингтік фирмаларды, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ақпараттық орталықтарды, лизингтік операцияларды, венчурлік капиталдарды қосады.[17]Жалпы Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.»

ҚОРЫТЫНДЫ

Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызметең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің инновациялық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Инновациялық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі инновацияға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Инновациялық процестің

біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті — «субьектік ақпараттанудың» мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байланысты. Жаңалықтардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады.

Инновацияның стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады. Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар

Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өніміқұрылымында елеуліүлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі. Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудіңнегізгі бағыттары болып табылады. Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда  кедергі болатын факторлары келесідей:   өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелергеқол жеткізудің қиындығы;   инновациялықкәсіпкерлікқызметті жүзеге асыруүшінқажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарыныңжеткіліксіздігі;   инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерініңжоқтығы;  инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі. Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізуүшін мына мәселені шешуқажет: -инновациялықкәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау; -инновациялықкәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау; -инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:  инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;  инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;   инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесуәдістерін жетілдіру;  тиімді бәсекегеқабілетті ортаүшін жағдайлар жасау;   инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардыңтартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Инновациялықкәсіпкерлікті жанама мемлекеттік қолдау инновациялық инфақұрылымның құрылуын қарастырады, ол өз кезегінде консалтингтік және инжинирингтік фирмаларды, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ақпараттықорталықтарды, лизингтік операцияларды, венчурлік капиталдарды қосады. Жалпы Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: -білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес жәнеөзін жұмыспен қамту саласында оқыту; -инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.

You May Also Like

Витамерлер, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:        Витамерлер ЖОСПАР: 1.Кіріспе; 2.Негізгі бөлім: a)Атауы; b)Құрылысы; c)Қасиеті; d)Кездесетін жері;…

Аюрведа-денсаулықты сақтау және қалпына келтірудегі көне жүйе, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: «Аюрведа-денсаулықты сақтау және қалпына келтірудегі көне жүйе» Ayurveda дегеніміз не?…

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары, пәні бойынша СӨЖ әдістемелік нұсқаулары

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары.» ПӘНІ БОЙЫНША  CӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ…

Қазақстанның мемлекеттік  тәуелсіздігінің қалпына келуі: мәні мен маңызы, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:”Қазақстанның мемлекеттік  тәуелсіздігінің қалпына келуі: мәні мен маңызы” Жоспары:   Кіріспе…