Қазақстандағы қаржы нарығының құқықтық реттеу мен заңмен қамтамасыз ету негіздерін қарастыру.

Қазақстандағы қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі:

Қоғамдық дамудың жолын таңдауға байланысты әлемдік тәжірибеде қаржы нарығын реттеудің әр түрлі модельдері әрекет етеді. өкілетті мемлекеттік органдар эмитенттердің, инвестордың және кәсіби қор делдалдарының қызметтерін реттеуі қажет. Бұл процесстің барлығы мемлекетпен қабылданған әлеуметтік саяси мәселелерді шешуге бағытталуы керек.

Мысалы Қазақстанда бұндай тапсырмаларға халықтың тұрмыс жағдайын біртіндеп жақсарту, елдің экономикалық және әлеуметтік ролін әлемдік қауымдастықта орнықтыру, мелекеттің реттеуші ролі мен экономиканың нарықтық дамуын біріктіру.

Дамыған нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі мемлекет мынадай қызметтер атқаруы тиіс екендігін көрсетеді:

– қаржы нарығын дамытудың конценциясы мен оны жүзеге асыру бағдарламасын жасақтау;

– қаржы нарығын дамыту үшін заң актілерін жасақтау және жетілдіру;

– нарықтың зымет ету нормаларын жасақтау және оларды жаңартып отыру;

– инвестициялық институттардың қаржылық жағдайына бақылау жасау.

Реттеу процесі бірінші нарыққа да екінші нарыққа да таратылады.

Бірінші нарықтағы мемлекеттік реттеудің тапсырмасы болып қаржылық инструменттерді айналысқа шығару және тіркеу кезіндегі бірыңғай ережелерді бекіту табылады.

Екінші нарықта кәсіби қатысушылардың аттестациясы жүргізіліп, қаржы нарығында әрекет ету үшін лицензия беріледі.

Қаржы нарығын реттеудің мақсаттары мыналар:

– қаржы нарығының барлық қатысушылары жұмыс жасауы үшін тәртіпті сақтау, дұрыс жағдай жасау;

– жекелеген тұлғалардың жауапсызыдғынан қатысушыларды қорғау;

– сұраныс пен ұсыныс заңдылықтары негізінде қаржылық инструменттерге бағаны қалыптастырудың еркін және ашық процесін қамтамасыз ету;

– кәсіпкерлікті ынталандыратын қаржы нарығын қалыптастыру;

– жаңа нарықтарды ұйымдастыру, олардың құрылымы мен жаңалықтарын қолдау;

– қоғамдық мақсаттарға қол жеткізу үшін нарыққа әсер ету.

Қаржы нарығын тиімді реттеу үшін төмендегідей ұстамдарға жүгіну қажет:

– эмитенттің, инвестордың және кәсіби қатысушының қатынастарын реттеуді бөліп қарастыру;

– барлығы бойынша толық ақпарат беру;

– бәсекелестікті қамтамасыз ету;

– мемлекетті және мемлекеттік емес органдардың арасындағы қызметтерді тиімді бөлу;

– заңдылық актілерді жасақтау кезіндегі жариялылық және өкілеттіктерді бөлу.

Нарықтық шаруашылық жүйесінің құрамды бөлігі бола тұрып қор нарығының өз ерекшеліктері бар, бірақ ол осы жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады.Осы заңдылықтардың бірі нарықтық шаруашылық реттелінетін болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жан-жақты негізделген концепцияға сүйенуі қажет.

Мемлекетік реттеудің бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне тікелей және жанама әсер ету әдістерін жүргізеді:

Тікелей әсер ету әдістеріне мыналар жатады:

  1. Өкілетті органның қор нарығы мәселелері бойынша қызметінің барлық кешені;
  2. Осы мәселе бойынша өкілет органының шешімдері;
  3. Бағалы қағаздар нарығы қызметіне байланысты сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен қолданылатын шаралар;

Жанама әсер ету әдістеріне мыналар жатады:

  1. Мемлекеттің салық саясаты;
  2. Жеке сектордың депозиты бойынша Үкімет кепілдемесі;
  3. Мемлекеттің қарыз капитал нарығына шығуы;
  4. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты.

Кеңес Одағы кезінде бағалы қағаздар нарығының ішкі нарығындағы айналыс қажеттілігі болмауы тек нарықтық қатынастардың келуімен ғана бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейінгі алғашқы сатыда (1990-1994ж) бағалы қағаздарды шығарып сатудың жалпы құқықтық базасы жасақталды.Бұл кездегі негізгі заң актілері мыналар:

  1. Қазақстан Республикасының негізгі шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғам жөніндегі заңы ;(1991ж)
  2. Бағалы қағаздардың айналысы және қор биржалары жөніндегі заңы ;(1991ж)
  3. Бағалы қағаздар жөніндегі ереже ;(1991ж)
  4. Жекешелендіру процесін реттеуші нормативтік актілер.

Осы мерзімде акционерлік қоғамның акциялары шығарылды, тауар-қор биржалары қалыптасты. Мемлекет бағалы қағаздар нарығында әрі эмитент, әрі инвестор, әрі реттеуші субъекті болып табылды.Мұның кері әсері мына да болды: мемлекет бір жағынан қатысушылардың заңды қызығушылығына кедергі болса, екінші жағынан басқа қатысушылар сияқты мемлекетке де құқын қорғаушы қажет болды.Осыған байланысты 1994 ж. 20 наурызда Президенттің бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру бойынша шаралар жөніндегі жарлығы шықты. Бұл бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді дамытудың келесі сатысы болады.

1995 ж. сәуірінен Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының және оның қызметінің құқықтық негізінің дамуының қазіргі заманғы сатысы басталды. Қазіргі әрекет ететін заңдылықтардың базасы Қ.Р. Конституциясы нормаларына негізделген. Азаматтық кодекс нормаларына сәйкес заң күші бар мемлекет басшысымен жарлықтар шығарылды. Олардың жиынтығы бағалы қағаздар нарығының қызмет етуімен заңдылық негізін құрайды.

Кейбір елдерде қаржы нарығын реттеу мемлекеттің қызметі болып табылады. Ал кейбір елдерде өкілеттіктің көпшілік бөлігі өзін өзі реттеу ұйымдарына беріледі.

Өзін өзі реттеу – бұл қаржы нарығын кәсіби қатысушылар тарапынан реттеу. Ол қаржы нарығына қатысушылардың қызығушылығын қорғауға бағытталады және кәсіби әрекетті жүргізудің міндетті ережелерін жасақтаудан тұрады.

Қоғамдық реттеудің де маңызы бар, ол реттеуді қоғамдық көзқарасты есепке алу арқылы жүргізуді қарастырады.

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Сондықтан,қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі.Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
  • ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын экономиканың бір саласынан екіншісіне,нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне,бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін,қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
  • коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
  • баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:

  • үй шаруашылығы
  • меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші сүбъектілер;
  • мемлекеттік басқару органдары.

Жоғарыда айтылғандарды түйендей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

  • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
  • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;
  • бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі.Сондықтан да оның ғалымдар ұынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.

Қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын,дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.

1.Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары функциясын орындайтын нарық.Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады,егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса,жағымды рөл ойнауы мүмкін.

2.Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді.Негізгі қорларды құруға және жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі пайыз мөлшермесі бойынша алуға болады.

3.Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ.Және 90- жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты.Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерге емес,мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды.Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады:әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарды қандай да бір нарыққа жұмсау.

Қ.Р. мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы нарығыың құрылымына: ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы,валюта нарығы,бағалы қағаздар нарығы.

Ақша нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады.Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен:тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне тартылады.Осылайша,ақшалай депозиттерде трансформацияланады,банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.

2006 ж. Банк жүйесіндегі депозиттік резиденттері бойынша депозиттің жалпы көлемі 7,1%-ға өсті, яғни 2154,1 млрд. тг.Заңды тұлғалардың депозиттері 8,2%-ға,яғни 1414,0 млрд тг. ал, жеке тұлғалардың депозиті- 5,2%-ға,яғни 740,0 млр. тг. дейін өсті.

You May Also Like

Михаил Сафарбекович Гуцериев туралы, СӨЖ

А.Ж.Т:  Михаил Сафарбекович Гуцериев Туған жылы:  09.03.1958 жылы Туған жері:   Ақмола қаласы,…

Жастық ерекшелілтер бойынша бас сүйектерінің дамуы, СӨЖ

Жоспар І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Бас суйектердің жалпы ерекшеліктері Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері.Жаңа…

Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері ШҚұлдық дәуірдегі саяси…

Желілік қауіпсіздік, СӨЖ

СӨЖ №5. Желілік қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік ұғымына түсініктеме беріңіз. Сыртқы және ішкі…