СӨЖ

Тақырыбы: Қалыпты өкпенің аускультациясы (аускультация нүктелері, қалыпты дем алу негізгі тыныс шулары)

Патологиялық жағдайда өкпе аускультациясы (құрғақ және ылғалды сырылдар, сықыр, плевраның үйкеліс шуы 

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Аускультация кезіндегі сақталатын ережелер

Негізгі тыныс шулары

Патологиялық тыныс шулары

Қосымша тыныс шулары

Салыстырмалы ерекшеліктер

Балалардағы ерекшеліктер

Қорытынды

Аускультация– ағзалардың қызмтіне байланысты пайда болатын дыбыстарды тыңдауға негізделген зерттеу әдісі.

Ең алғаш рет аускультацияның маңыздылығын негізін салған  көрнекті француз дәрігері Рене Теофил Гиацинт Лаэннек.

Аускультация жасағанда келесі ережелерді ұстану қажет:

Бөлме тыныш және жылы болуы керек;

Науқастың кеудесі толық жалаңаш болуы қажет, науқас тігінен тұруы қажет;

Дәрігердің жағдайы ыңғайлы, бос болу керек;

Стетоскопты (фонендоскопты) науқастың денесіне тығыз орналастырып, қатты баспау керек;

Науқас терең, тыныш, мұрын арқылы дем алу керек. Науқастың бірнеше терең тыныс қозғалыстарын жасап, содан соң тыныш,еркін дем алуын өтіну керек;

Аускультация кезінде науқас кеудесінің қозңалыстарына қарай тыныс фазасын үнемі анықтау қажет;

Аускультацияның әрбір нүктесінде кем дегенде 2 тыныс циклын тыңдау керек;

Бір ғана стетоскопты (фонендоскопты) пайдалану қажет.

Өкпенің аускультациясында бағалайды:

Негізгі тыныс шуларын;

Өкпеде қосымша тыныс шуларын және оның сипатын;

Бронхофонияны.

Негізгі тыныс шулары– сау адамның өкпесіне аускультация жасағанда тыңдалатын шулар.

Негізгі физиологиялық тыныс шулары:

Везикулярлы (альвеолдық) тыныс;

Брохиалды тыныс (көмей кеңірдек тынысы);

Бронховезикулярлы тыныс (аралас)-ірі брохтардың проекциясында тыңдалады;

Тыныс алу жүйесінде қосымша тыныс шулары, барлық жағдайда патологиялық үдерістің белгісі болып табылады.

Қосымша тыныс шуларының түрлері:

Сырыл;

Крепитация;

Өкпеқап үйкеліс шуы;

Плевроперикалды шу;

Мұрынмен терең дем алғанда негізгі физиологиялық тыныс шуларын (тыныстың түрін) бағалау.

Салыстырмалы белгі Везикулярлы (альвеолдық) тыныс Бронхиалды (көмей-кеңірдек) тынысы Аралас (немесе бронх-везикулярлы) тыныс
Тыңдайтын жері Өкпе тінінің барлық сыртында. Бұғана асты, қолтық асты және жауырын асты аймағында айқын тыңдалады Көмейдің, кеңірдектің үстінде қалқанша шеміршектің аймағында, VII мойын омыртқасында Ірі бронхтардың проекциясында өкпенің барлық сыртында
Пайда болған жері Альвеолдарда Дауыс саңылауында Альвеолдарда
Пайда болу механизмі Дем алғанда, ауа кіргенде альвеолдардың серпімді қабырғалардың қаттылығы және тербелісі Дем алғанда және дем шығарғанда тар дауыс саңылауына ауа кіргенде стенотикалық шу Екі шулардың қосылуы: өкпе сыртына тығыз өкпе тінінің кіші ошағынан әлсіз бронхиалды тыныс өтеді. Бұл ошақты қоршалған өзгермеген альвеолдар везикулярлы тыныстың шуын тудырады
Дыбыстың сипаты «Ф» әрпі сияқты жұмсақ үрлйтін шу «Х» әрпә сияқты қатты, музыкалық шу Дем алғанда жұмсақ, «Ф» дыбысқа ұқсайды, дем шығарғанда –қатты, «Х» дыбысқа ұқсайды.
Тыныс фазаларына ара қатынасы Дем алу бойынша және дем шығарудың бастапқы фазасында тыңдалады Дем алғанда және дем шығарғанда тыңдалады. Дем алу қысқа, дем шығару ұзақ және қатты Дем алу дем шығарудан аз.

Везикулярлы тыныстың өзгерістері

Өзгерістің сипаты Тыныс фазаларының сипаттамасы Механизм Синдромдар немесе аурулар
Әлсіреген Дем алу әлсіреген. Дем шығару естілмейді. Кеуде сыртына дыбыс өткізуінің нашарлауы. Альвеолдар серпімділігінің төмендеуі. Ірі бронхтардың обтурациясы. Гидроторакс. Пневмоторакс. Фиброторакс. Өкпе эмфиземасы. Өкпе паренхимасы қабынуының ерте сатыларыы. Өкпенің дәнекерлік ісінуі. Обтурациялық ателектаз
Күшейген Дем алу және дем шығару қатты, күшейген Гипертермия. Гипертиреоз. Физикалық жүктеме. Гипервентиляция жағдайда өзгермеген өкпе тіні
Қатты Дем алу қатты, тембрінің қосымша өзгрісі («түсінік сіздеу»). Дем алу ұзарған және қатты. Кілегейлі қабығының ісінуінде. Бронхтар саңылауында экссудат жиналғанда. Ұсақ бронхтардың тегіс бұлшықеттердің тарылуынан бронхтардың тарылуы Бронхиттер
Саккадирлен-ген Үзілмелі дем алу мен везикулярлы тыныс Ұсақ бронхтардың біркелкі емес тарылуы Туберкулезды бронхиолит. Кеуде жарақатында немесе тыныс бұлшықеттердің және олардың реттелуінің патологиясыныда тыныстың бұзылыстары.

Өкпе аускультациясында көмей-кеңірдек (бронхиалды) тыныстың патологиялық түлері

Тыныстың аты Тыныс фазаларының сипаты Пайда болу механизмі
Бронхиалды тыныс Дем алу қысқа, дем шығару ұзақ. Дем алу және дем шығару көмей-кеңірдек тынысына ұқсайды, бірақ дыбыс жоғарырақ Тығыздалған өкпе тінімен көмей-кеңірдек тыныс өткізудің жақсаруы. Бронхтың тар қуыспен қосылуы арқылы ауа жүргенде стенотикалық шу
Амфорлық тыныс Төмен бронхиальды тыныс. Дем алу қысқа, дем шығару ұзақ Бронхпен байланысқан ірі қуыстарда резонанс арқылы көмей-кеңірдек тыныстың күшеюі
Стенотикалық Көмей-кеңірдек тынысының күшеюі Кеңірдек немесе ірі бронхты ісікпен тарылғанда
Металдық Қатты дыбыс, өте жоғары тембр, металлға тарсылдатқанда пайда болатын дыбысқа ұқсайды Ашық пневмоторакста

Өкпе аускультациясы  кезіндегі патологиялық тыныстар

Везикулярлық  тыныстың  әлсіреуі.

Физиологиялық: кеуде клеткасының  бұлшық еттерінің  немесе  оның май  қабатының  ерекше қалыңдауы

Патологиялық: өкпе  аурулары  мен  өкпе  қабының  патологиялық өзгерістері кезінде Мысалы: эмфизема, крупозды  пневмония т.б

Күшейген  везикулярлық тыныс

Астениктерде және балаларда болады.

Тез  жүгіргенде

Физикалық ауыр  жұмыс істегенде

Өкпеде немесе өкпе қабының бір жағы зақымдалса екінші  жағынан  везикулярлық  тыныс  күшейеді

Қатайған  везикулярлы  тыныс

Қатқыл, біркелкі  емес, жуан. Мысалы:  бронхиттер, бронхтың  ішкі  бетінің шырышты  қабатының  бөртіп  ісінуі  нәтижесінде, ауаның  өту  жылдамдығы  бронхылардың  бойы  бірдей  болмағандықтан, тербеліс  амплитудасы да  бірдей  емес.

Патологиялық  бронхиалды  тыныс

Өкпе  тінін  тығыздайтын  ауруларында

Өкпеде  қуыс  пайда  болса

Компрессиялық   ателектазда

Ашық пневмоторакста

Қосымша  тыныс шуылдары

Сырыл

Құрғақ

Ұсақ бронхтарда  туатын  сырылдар  ысқырыққа  ұқсайды, жоғары  болады

Ірі бронхтарда  ызыңдаған   төмен  тембрлі сырыл

Ылғалды

Ірі көпіршікті  сырылдар  ірі  бронхтар  ішінде  пайда  болады, ашық, сыңғырлап  естіледі

Орташа көпіршікті сырылдар бронхит  кезінде  естіледі

Ұсақ  көпіршікті  сырылдар  бронхопневмонияның пайда болғанын  анықтайды.

Сықыр

Эксудаты  бар  альвеола  ішінде  пайда  болады.

Себептері:  өкпе қабынуында және  ұзақ  уақыт  төсекте  шалқасынан  жатқан  адамдарада

Сықыр  тек  дем  алу  фазасында  ғана  естіледі.  Дауысы  шаштарды  құлақ  үстіне  үйкегендей

Өкпе  қабаның  үйкеліс  шуылы

Дем алу үрдісінің  екі  фазасында  да  естіледі

Кеуде  клеткасын  фонендоскоппен  қаттылау  басқанда  өкпе  қабының  үйкеліс  шуылы  күшейеді

Өкпе қабының  үйкеліс  шуылы  фонендоскопқа  сықырдан  жақсылау  естіледі

Пайда болуы: құрғақ плеврит

Өкпе  қабының үйкеліс  шуылының пайда болу механизмі  Өкпесыртылық рестрикциялық гиповентиляция  кезінде  дамиды.

Құрғақ плеврит  кезінде  плевра  бетінде  фибрин жиналады  да  плевра  кедір  бүдір  болады.

Ылғалды сырылдар мен сықырдың пайда болу механизмі. Бронхфиалық демікпе

  1. Аллергиялық (атопиялық)
    • Аллергендермениммундық жүйенің

      әсерленуінен

      дамиды.

      Аллерген болып:

      өсімдік тозаңдары,

      тағамдық заттар,

      жәндіктердің

      улары т.б. есептеледі

  2. Аллергиялық емес
    • Кеңірдекшелердіңсезімталдығы көтерілуі-

      нен сүлде қабыну

      дамуымен көрінетін,

      ересек адамдарда

      алғаш байқалатын, дерт

Балалардағы  ерекшелік

Балаларда  ересектермен  салыстырғанда везикулярлық тыныс күшейіп  қатты  естіледі.  Балалардың  кеуде  клеткасы  жұқа  әрі   серпімділік қабілеті  жоғары  болады. Бұл  тыныс  пуэрилді  деп  аталады

Салыстырмалы ерекшеліктері

Аускультацияда сықырдың салыстырмалы ерекшеліктері:

Дем алғанда ғана естіледі

Жөтелден кейін өзгермейді

Біркелкі тембр болады

Аускультацияда плевраның үйкеліс шуының салыстырмалы ерекшеліктері:

Екі фазада да тыңдалады

Плевра үйкелісінің дыбысы үзілмелі

Пальпация арқылы анықтауға болады

Жақсы өткізіледі (қабырға бойынша)

You May Also Like

Қазақ халқының қалыптасуы туралы СӨЖ

Жоспар Кіріспе «Қазақ» сөзінің мағынасы мен шығу тегі туралы деректер Қазақстан аумағында…

Ғаламтор іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді перспективті аұпаратпен қамтамасыз ету көзінің бірі, СӨЖ

СӨЖ “Ғаламтор іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді перспективті аұпаратпен қамтамасыз ету көзінің…

Желілік қауіпсіздік, СӨЖ

СӨЖ №5. Желілік қауіпсіздік. Желілік қауіпсіздік ұғымына түсініктеме беріңіз. Сыртқы және ішкі…

Клиника бөлімшелеріндегі емдік қорғаныс режимі, СӨЖ

СОӨЖ Тақырыбы: Клиника бөлімшелеріндегі емдік қорғаныс режимі Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Емдік…