! Үзбе қамырлы сорпа
Қажетті өнімдер: 500 г тауық еті, 1 сәбіз, 1 пияз, 1 жумыртқа, 6 і тал ақжелкен, қара бұрыш, 3-4 картоп, 50-70 г балдыркөк, 1 стақан ұн, 50 мл су, 1-2 лавр жапырағы, талғамыңызға қарай тұз
Дайындалуы: тауықтың етін жуып, кастрөлге салып, су құйып, қайнағанға дейін алып барыңыз. Отты бәсеңдетіп, сорпа дайын болғанша қайнатыңыз. Арасында көбігін алып отырыңыз. Сорпа дайын болған соң, етті алыңыз. Картоп, сәбіз, пияз және балдыркөк тамырын аршып, жуыңыз. Картопты төртбұрыштап турап, сорпаға қосып, 7-8 минут қайнатыңыз. Пиязды ұсақ текшелерге турап, өсімдік майына қуырып алыңыз. Сәбіз бен балдыркөкті таяқшалап тураңыз. Сәбізді пиязға қосып, бәсең отта 5 минут қуырыңыз. Қуырылған көкөністерді картопты сорпаға қосып, 3 минут қайнатыңыз. Лавр жапырағын қосыңыз. Жұмыртқа, ұн және судан қамыр илеп, қамырды шай қасықпен үзіп алып, сорпаға салыңыз. 8 минут қайнатыңыз. Дәмдеуіштер, бұрыш және тұз қосыңыз. Дастарқанға ұсынар алдын ұсақтап туралған ақжелкен қосыңыз.
балдыркөк- сельдерей
текшелеп турау – нарезать кубиками

416 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жер шарындағы ірі шөлдер туралы ақпарат

Жер шарындағы ірі шөлдер Атауы Түрі Орналасқан жері Шамамен ауданы,км2 Еуразия  …

Қатпарлы қамыр мен пармезаннан дайындалған спиральдар

Қажетті өнімдер: – 250 г қатпарлы қамыр; – 70 г үккіштен өткен…

Маңызды металдар мен олардың қосылыстарын түрлі халық шаруашылығы салаларында қолдану, дәріс

Дәріс. Маңызды металдар мен олардың қосылыстарын түрлі халық шаруашылығы салаларында қолдану. 14.1.…

Сырқатқа деген көзқарас түрлері

Тақырыбы: Сырқатқа деген көзқарас түрлері Сырқатқа деген көзқарас түрлері Дүниежүзілік денсаулық сақтау…