Қуырылған тауық еті. Дайындау тәсілі!!!

Қажетті өнімдер:
– 2 тал тауық төсі;
– 5 жұмыртқа;
-150 г ірімшік;
– 0,5 сәбіз;
– 0,5 құты консервіленген жасыл бұршақ;
– тұз;
– карри;
– бұрыш;
– майонез немесе қаймақ.

Дайындалуы:
Салма ретінде салынатын түрлі түсті омлеттерді дайындап алыңыз. 4 жұмыртқаны жарыңыз. Ұсаң көзді үккіштен өткен сәбіз бен ірімшікті, ұсақтап туралған аскөк пен ақжелкенді қосыңыз. Тұз қосып, езіңіз. Сәбізді көлеміне қарай мөлшерлеңіз. 50 г ірімшікке орташа бір сәбіздің жартысын қосыңыз. Езгішпен езгеніңіз дұрыс. Тіпті болмай жатса, мик-сермен езіңіз. Блендер ңолданбаңыз, ол тым қатты ұсақтап жібереді де, құймаңтар түрлі түсті болмай шығады. Шағын таба алып, омлет қуырыңыз. Омлеттер қалың болмауы керек. Тауың төсінің терісін аршыңыз, сүйектерін алып тастаңыз. Әр төсті екіге бөліңіз. Сүйегін алып тастағаннан кейін тауықтөсі бір үлкен, бір кіші бөлікке бөлінеді. Кішкентай етін бөліп алыңыз. Оны салманың екінші бөлігі етіп қолданасыз. Үлкен бөлігін қалташалап кесіңіз. Тұз, бұрыш, карри себіңіз. Еттің кішкентай бөлігін ұсаңтап тураңыз немесе еттартңыштан өткізіңіз.

Жұмыртқа, тұз қосыңыз. Жасыл бұршақ қосып, араластырыңыз. Қалташалап кескен тауық төсін аударып, плен-ка арқылы ас үй балғасымен аздап жаншыңыз. Еттің ішіне омлет пен 1-2 ңасықбұршаң қосылған фарш салыңыз. Орама жасаңыз. Жіппен сыртынан орасаңыз болады немесе сыртынан тісшұқығышпен ораңыз. Орамалар-ды қалыпқа салып, бетіне майонез немесе қаймақ жағыңыз. 180 градуста жарты сағат пісіріңіз. Піскен-піспегенін тісшұңығыш сұғып көріп тексеріңіз. Тісшұңығыш оңай сұғылуы керек. Түрі әдемі болсын десеңіз, үстіне тілімдеп ірімшік ңойып, пісірсе болады. Дастарқанға қояр кезде біртісшұқығышты қалдырып, дөңгелектеп туралған лимон және черри қызанағынан ңолшатыр жасауға болады. Аздап мүкжидек немесе итбүлдіргеннен жасалған қышқылдау соус қосып берсеңіз, өте дәмді болып шығады.
итбүлдірген – брусника

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Долананың емдік қасиеттері

Долана ерте кезден бері жүрек қан-тамырлары ауруларының дәрісі ретінде қолданылып келген. Бұл…

Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамту

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде…

Дәнекер тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі.

Жоспары: І.  Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Дәнекер тіндерінің гистогенезі Меншікті дәнекер тіні Адамның…

Пословица недаром молвится

Пословица недаром молвится Предмет:  Русский язык и литература Автор работы: Рахимова Мадина Руководитель: Исетова Дильдора…