ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІ ТҮРЛЕРІ

Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.

Неге педагогикалық технологияларға ерекше көңіл бөлеміз? Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Әр сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру үшін бірнеше әдістерді қолданамын.
Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сабақ басында оқушылардан күн, ай, апта күндерін сұрау қалыптасқан жағдай. Үй жұмысын тексеруде «Мозайка», «Сыртқы-ішкі шеңбер», «Ақыл қалпағы», «Мұғалімге хат«,т.б әдістерін қолданып, өткен тақырып бойынша жазбаша түрде сұрақ құрып, өздері жауап қайтарады. Жауап беруде толық жауап талап етемін, сондықтан оқушылар жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді.

Мысалы, «6 W» әдісі балалардың белгілі тақырып бойынша білімі қай деңгейде екенін анықтап, жаңа ақпаратты қай мөлшерде беру жайлы мәлімет береді. Сұрақ-жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір-бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.Сабақты қорытындылау үшін «Сюжеттік кесте», «Бестік диктант», «Жұқа-қалың сұрақтар» әдісін және «Сұраулы сөйлем» стратегиясы ұтымды деп есептеймін. Сабағымның сәтті я сәтсіз тұстарын білу үшін рефлексияны да сұрақ- жауап әдісі арқылы білемін. Бұл кезеңде оқушылар:
«Маған айтшы — мен ұмытып қаламын,
Маған көрсетші — менің есімде қалады,
Өзіме істетші — мен сонда түсінемін.»
Конфуций
түсінбеген тұстарын айтып, келесі сабақта менің мұқият болуыма ой салады.

Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты. Көзбен көрген ақпараттың 30% есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану мен үшін маңызды. Бүгінгі заманда сандық сауаттылығымыз жоғары болу керек, себебі балалар алдында өз беделімізді нығайтамыз.

Мүмкіндігінше электронды оқулық, дискілер, видеокассеталар,фильмдер, мультимедия мүмкіндігін толық деңгейде қолданса, өз нәтижесін береді.Көргенін ұзақ мерзімде сақтайды, көру арқылы тапсырманы орындау жеңілге түседі және сабақта уақытты ұтымды пайдалануға негіз болады.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дәлірек айтсам, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту мен үшін маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып,әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеясын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгілі бір жұмыс түрін орындай алады. Мұндайда «оқушы үнін» естиміз.

Оқытылатын ережені есте сақтап, өмірде қолдана алатындай етіп ұғындыру үшін ойын элементтерін де жиі қолданамын. Мысалы, мәтінмен жұмыс істегенде топтың ішіндегі оқушылар рөлге бөлініп талқылайды. «Оқушы» — мазмұндайды, «сыншы» — оқушының жіберген қатесін айтады, «жақтаушы» — оқушының жауабын қолдап, ұтымды шыққан тұсын айту керек. Әр бала өзіне жүктелген рөлді атқару үшін, мәтінді толық меңгеріп, өз ойларын айтуға міндеттеледі.
Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды жетік дайындыққа, сөйлеу дағдыларын, сыни көзқарасын қалыптастырады.Ойнап отырып ойландыру үшін «жәрмеңке», «ыстық орындық», «даналық ағашы», «футбол» т.б сонымен бірге дидактикалық, грамматикалық, рөлдік ойын түрлерін қолданған кезде өз нәтижесін береді.
Шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін дарынды оқушылармен үнемі жұмыс істеу керек.Проблемалық сұраққа тапқырлық жауап, естіген музыканы бояумен түсіндіру,тақырыпқа сәйкес сурет салу, өлең-жұмбақ шығару, жаңаша модель құру сияқты деңгей бойынша тапсырмалар оқушылардың лингвистикалық, логикалық, кеңістіктік зияттық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білім деңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрін қолданамын, себебі әділ бағалау өз күшіне сенімділік, өзгенің жауабын тыңдау және пікір айтуға үйретеді.
Өзара бағалауды көбіне үй жұмысын тексеру барысында қолданған тиімді, себебі оқушылар тек баға беріп қана қоймай қай тақырып, қай мәтінді мұқият қайталау керек екеніне ұсыныс жазады. Топпен жұмыс істегенде топтық бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау, өз-өзін бағалау парақтарын кең қолданамын.
Бұл деген оқушының өсу деңгейін бақылауға, баланың өз жетістігін немесе кемшілігін анықтайды, қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. Балалардың жұмыс дәптерлерін тексерген кезде ең алдымен, жасыл сиямен дұрыс орындаған тапсырмаларын белгілеймен, қара сиямен әлі де өңдеуді қажет ететін жұмыстарын белгілеймен. Мұндай жұмыс түрі балалардың өз қатесін түзетіп, өткен тақырыпқа оралуды және өз білімдерін жетілдіру үшін мұқият оқуды талап етеді.
Сабақ-мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым-қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыны «активті» оқушы етіп шығару үшін интерактивті оқыту технологиясын қолданамын.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формасын ойлап таба алады. Сабақ бойы оқушылардың өздері әрекет ететіндей етіп, бір-бірімен ақылдаса отырып бір шешім қабылдауына ықпал болатын әдістерді қолданған абзал. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім бір-бірімен диалогқа түсу барысында өзара түсіністікке, бірлескен әрекетке, қажет шешім алып келетін үдеріске айналуына ықтимал.
Мысалы, менің оқушыларыма «Аквариум» әдісі ұнайды. Оның мәні: бірнеше оқушы шеңбер ішінде бір жағдаятты жасырады, ал қалғаны олардың қимылын бақылап, талдау жасайды. Мұндай оқытудың белсенді түрлері балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу жүргізу барысында өз шешімін қабылдауына баулиды. Бүгінгі таңда бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуына көп көңіл қою керек. Қазіргі кезде Қазақстанның білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Ол балаға өзін-өзі тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Сондықтан оқушының дамуына жағымды жағдай тудырып, оқу процесіне қатыспай қалуы мүмкін болмайтындай етіп сабақты құрастыратын біз- мұғалімдер.
Ал бүгінгі мұғалім қандай болу керек? Менің ойымша, өз-өзін реттей білетін, жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болу керек. Мұғалім тағдыры- өмір бойы іздену, оқу-тоқу.Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса,оқушының оқуға деген ынтасы пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет. Иә, мадақтау керек, себебі көмек көрсетпей мадақтаса-оқушының табысты оқуына ынтасы артады. Егер мадақтамай көмек етсе-ынтасы төмендейді. Егер мұғалім ұрысып отырып бірақ көмек көрсетсе-оқуға деген қызығушылығы бәсеңдейді, ал ұрысып отырып көмек етсе—ынтасы мүлдем жоғалады. «Оқушы-толтыратын құмыра емес, тұтататын алау», — деп Д.Ховард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру-біздің міндетіміз.

Топтық жұмыс ұтымды және тиімді

Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  жаңа  технологияларды  қолданудың  маңызы зор. Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі- білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады.

Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түрде ұйымдастыру аса қажет. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілерімен көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігін курстан кейінгі тәжірибемнен байқадым. Себебі, биыл мен 1 сыныппен еңбек етудемін, сондықтан мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндермен бірге өзім де өзгеріп, курстан алған білімімді тәжірибеме енгізіп, біраз өзгерістерге көзім жетті. Менің ойымша топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқушылардың белсенділігін жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады.  Өйткені, оқушылар топтық жұмыс кезінде ашылды деп айта аламын.

Топтық жұмысты ұйымдастыруда курстан алған білімімнің тигізер пайдасы мол болды. Кішкентай бүлдіршіндер топтық жұмыс арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, мектепке деген қызығушылықтары арта түсті. Бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, араласып үйренді. Өздерін еркін ұстап, бір-бірін бағалай  білді. Тіпті сөздік қорлары дамып қолданысқа мынадай сөздер де енді: «Сен келісесің  бе…», «Сен қарсы емессің бе..», «Қалай ойлайсың..» т.б.

Топтық жұмысты енгізбес бұрын оқушыларға мысал ретінде бір топпен жұмысты үлгі ретінде көрсетіп мән-жайды түсіндірдім. Топқа бөлінудің әр түрін қолданып, оқушылардың әр топқа білім сапасына қарай тең түсуіне мән бердім. Топпен жұмыс жасағасын оның ережесі болатынына назарларын аудардым. Топ ережесін оқушылар өздері құруын талап еттім. Топпен жұмыс барысында оқушылардың дұрыс отыруын да назардан тыс қалдырмадым, тақтаға арқасымен отырмасын деп жағдай жасадым.Сонымен қатар қажетті сигналдарды, топтағы әр оқушының міндетін үйреттім. Топтағы жеке жұмысты да оқушының деңгейіне сай беруге тырысамын.

Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізетініне көзім анық жетті:

  1. Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды.
  2. Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді
  3. Сабақтың уақыты тиімді үлестіріледі.
  4. Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі.
  5. Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін ісжүзінде іске асыра алады.
  6. Сыныптағы жұмыс сараланады.

Топпен жұмыс жасау дағдылары кейін есейген кезде де қажет болады деп есептеймін. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан мен топтық жұмыс өте маңызды деп шешіп, өзімді де, оқушыларды да өзгерттім деп ойлаймын.

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда қолдану мүмкіндігіне серпін бергені анық. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Р.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкиналардың «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» әдістемелік нұсқаулығын зерделей келе, формативті бағалаудың оқушыларды оқытудағы тұлғаға бағытталған білім берудің құрамдас бөлігі екендігін, бағалау үздіксіз жүзеге асырылады, соның ішінде сапалы нәтижеге деген қозғалыс үдерісі бағаланатынын ұғындым. Әдетте «баға – жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, мұғалімнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын Блум жүйесіне сүйене отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуін меңгерту – деп айқындадым. Сабақ жоспары жоспарланған оқыту мақсатына сай оны толық жүзеге асыруға бірізділік принципін сақтай отырып, жасалды. Қолданылған стратегиялар мұғалімдерге І «Бетпе-бет» кезеңіндегі мақсаттары және міндеттерін, тренингтік сессиялардың сабақта күтілетін нәтижеге бағыттау қарастырылды. Сабақ жоспарын Бағдарламада берілген үлгіні басшылыққа ала отырып, жасалған. Әрине, берілген дайын үлгінің деңгейінде жұмыс жасаған дұрыс, дегенмен Блум жүйесіне негіздей отырып, сабақ мақсатын айқындалды. Мақсат: «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуі. Мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдер алынды. Сабақ барысында жасалған «Кенесары хан жайлы жазылған шығарманы бағалау үшін табыс критерийлерін айқындау», «Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасын» жасау жоспарланды, себебі мұғалімдердің пікірін тыңдау, ақпаратты салыстыру негізінде талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыруды мақсат еттім. Әр тапсырма, жаттығу жұмыстарынан кейін формативті бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағалау сэндвичі», «Табыс критерийлері» түрлері негізге алынды. Похожая статья: Сындарлы оқыту бағдарламасы тәжірибе барысында Тапсырмалар жүйесі 4 сабақта табыс критерийлері өлшемдерінің нәтижесін анықтауға, тұжырымдауға және өз тәжірибесінде өзгеріс енгізуге бағытталып, қолданылды. Сабақ соңында «Сөйлемді аяқтау» әдісі» арқылы «Мен үшін қиын болды», «Мен түсіндім, үйрендім», «Мені таңқалдырды» және «Алдағы уақытта» – деген ой-тұжырымдары арқылы кері байланыс жасату көзделді. Бұл әдісті мұғалімдердің өзін-өзі бағалау құралы ретінде пайдалануды жоспарладым. Жүйеленген тапсырмалар мен жаттығулар арқылы Блум жүйесіне негізделе отырып, мұғалімдердің меңгеру деңгейі айқындау межеленді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша: Оқыту үшін бағалау ……………, Бағалау арқылы оқытуды жақсартудың 5 факторы ……………, «Қара жәшік» ішіндегі бағалау ……………..,Оқуды бағалау кезінде ……., Интерпретация ……. арқылы, яғни сыни көзқарас таныта отырып, топтасты. Көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылды. Осы орайда мен тренер ретінде мұғалімдердің теориялық сауаттылығын арттыру үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулықты басшылыққа алуларын өтіндім.Себебі, І-ші «Бетпе-бет» кезеңінде меңгерген теориясының негізінде мектептегі тәжірибе кезеңіндегі өткізетін мұғалімнің әр сабағында формативті бағалау өз дәрежесінде жүзеге асырылуы қажет. Сабақтың кіріспе бөлімінде теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма ретінде «Аққала» суретін салуға жеке тапсырма бердім, салынған суреттер тақтаға ілінген соң, «4», «5» бағаларды қойып шықтым, осы мезетте топта «жұмыс шуы» басталды, неге «4», неге «5» қойдыңыз деген секілді сұрақтар қойылды. Осы сәтте шынайы бағалау үшін табыс критерийлерін айқындатып, қайта бағалау жүргізілді. «Кенесары хан» жайлы жазылған шығарманы бағалау үшін кемінде 3-4 критерийлерін айқындату мақсатында топтық жұмыс жүргізілді. Табыс критерийін айқындату өзектілігі жайлы түсініктеме жүргізілді. Мұғалімдер өзінің нұсқамасына оқыту үшін бағалау әдісін енгізу үшін, оларға алдымен бағалау оларға не үшін қажет екендігін ойлану, ал екіншіден, балаларға оқыту үдерісінде бұдан жоғары нәтижелерге жетуге қалай жәрдемдесуге болатындығын шешу керек. Мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдер алынды. Похожая статья: Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде 4 сабақтан тұратын сабақтар тізбегінде мен оқыту үшін бағалауда мынадай әдіс-тәсілдерді жоспарлап, қолдандым: * Топтық жұмыс. Кенесары хан жайлы жазылған шығарманы бағалау үшін кемінде 3-4 критерийлерін құрастыру, әр топтың жасаған критерийлерінен түйінді бағыттары айқындалды. * Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша 5 қадам: қарапайым сұрақ қою, сұраққа жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма, жаттығу, бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, жоба қорғалды. * Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-бірі бағалау жүргізілді. * 12 бағалау стратегиясын 5 топқа 2-3 стратегиядан бөліп берілді, жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізе отырып, постер дайындады, топ баяндамашылары қорғады. * Планшетте топтардағы өзара бағалау стратегиясы бойынша «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау жүргізіледі. * Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасын» жасады. * Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша жүргізілді: Мен бүгін көп нәрсені ……, Мен үшін қиын болды ….., Мен тапсырманы…., Мен түсіндім……., Мен үйрендім….., Алдағы уақытта…., Мені таңқалдырды…… сынды ой-тұжырымдарын жазды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. (Блэк және қосалқы авт., 2003) дегендей, планшетте жазылған «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалауда қиындық туғызғанына көз жеткіздім. Похожая статья: Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі Мұғалімдердің бағалау өлшемдерін жасағанда жұмыс мысалдарының транскрипцияларын пайдалануда қиындық туындағаны анық, әрине төмендегі жұмыс транскрипцияларын: А) А пәні: өте жақсы, жақсы ұйымдастырылған, жақсы талпыныс, өте жақсы жұмыс, фантастыикалық тетіктер, осылайша жалғастырыңыз, өте жақсы таныстырылым. Ә) түзетуге бағытталған: көптеген суреттер берліген, өте жақсы жұмыс – жазу ережесін дұрыс қолдан, не түзетілгені – толықтырулар, жалпы жақсы жазылған, бірақ мәніне жету үшін көп уақыт керек. Б) ғажап, қателердің жанында жақсы жауабы жазылған, өте жақсы тырсқансың, өте жақсы + түзетілген қателер, жақсы талпыныс, егер түсініксіз болса маған кел, жақсы күш салғансың, сөйлемді …. дан бастама, себебі; қолдану арқылы қиындықтарды игертуге қол жеткізе бастадым. Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасы» жасалды. Формативті бағалау: оқыту үшін бағалау, сезім, символ арқылы беріледі, ынталандырушы жетелеуші, қалыптастырушы, критерий айқындау арқылы және баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Суммативті бағалау: оқуды бағалау, жиынтық бағалау, санмен қойылады және мониторинг жүргізіледі. Ұқсастығы бағалау; мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Венндиаграммасын жасау арқылы мұғалімдерде форматвиті бағалау мен суммативті бағалаудың ерекшелігі мен ұқсастығын түсінуге мүмкіндік алды. Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады. (QCA, 2001) – деген ой-тұжырымына келісе отырып, сабақ соңында «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша кері байланыс жүргіздім. Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылатынына көз жеткіздім. Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді. Кейбір қиыншылықтар «нәтиже» және «білім» арасындағы айырмашылықты түсінбеумен байланысты туады. Әйгілі психолог Кэрол Двэк бір-біріне жақын екі бағытты ажыратқан. «Нәтиже» бағыты ақымақ болып көрінбей, «білімді болып көріну» үшін бағытталған, ал «білім» бағыты жаңа дағдыны алу, жаңа мәселелерді орындау және түсіну есебінен «Білімдірек» болуға мақсатталған. «Нәтижелерді көрсетумен» шектен тыс айналысу білім алу үдерісін өзінің басуы мүмкін – деген тұжырымымен келісемін. Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (Мунби және қосалқы авт., 1989). Формативті бағалау өздігінен жеткілікті мөлшердегі маңызды құрал, өйткені сәтсіздікті айқындауға мүмкіндік жасайды. Оқудың 1-ші бетпе-бет кезеңінде тренингтер, дәрістер ұйымдастыру барысында мұғалімдерге әдістемелік тұрғыда қолдануды жөн көрдім. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі тақырыбын өткізгенімде мұғалімдермен оқыту формасын түрлендіріп (ұжымдық іс-әрекет, топтық, жұптық, жеке) іс-әрекеттер жоспарланды. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің идеясын дамыту үшін негізгі стратегияларын: ой қозғау, Блум, Венн диаграммасы, бағалаудың түрлері: т.б. қолдандым. Әрбір өткізілген сабақтан кейін мұғалімдермен кері байланыс жүргізу – мақсатқа жетудегі жасалынған іс-әрекеттер, жағдаяттар, қойылған сұрақтарға берілген түсініктемелер мен комментарийлер. Дәріс соңында кері байланыс парағына мен үшін қиын болды, нені үйренді, алдағы уақытта нені жақсартатын қадамдарын белгіледі осы тренингтен қандай нәтиже көрсеткенін жазды. Сабақ рефлексиясында ұнаған, қиын болған тұстарын, ұсыныс-тілектерін білдірді. Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды. Менің байқағаным сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды.

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ

 

Амангалиева Салтанат Аманкосовна

Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні оқытушысы

Орал қаласы

Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет]

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
  • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;
  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Практикалық маңызы

  • Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
  • Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
  • Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
  • Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;
  • Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Критерийдің мазмұны:

Критерийлер

 

Дескрипторлар

 

А Білу және түсіну

 

Жекелеген  сыныптар  мен пәндер  көлемінде  оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В Қолдану

 

Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару,  жобалар, мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С Сыни ойлау және зерттеу

 

Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар  мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы  зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D

 

Коммуникация және рефлексия

 

 

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар  мен     ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдай отырып, өз көзқарасын   түсіндіру арқылы ортақ ойға  келу. Айтылған  ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты  жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.

Тақырыбы: Білім жүйесін бағалау: Бағалау жүйесіндегі кейбір мәселелер
Мақсаты: Оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан – жақты және әділ бағалай білу.

Міндеттері:
а)Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту.
ә) Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету
б) Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту.

Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы , ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек.
Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап – бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары жасалуы әзірленуде. Әзірге 5 балдық жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың ұстанымдары мен бақылап – бағалаудың жаңа қызметінен туындайтын белгілі бір талаптарға сай қолданылып келеді.

12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады. Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізу жағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект – субъект негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу – тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс – әрекетін мақсатты ұйымдастырады. Білім алушы жетістіктері күтілетін нәтижелер жүйесі түріндегі оқу іс – әрекеттері түрлерін игеру сапасы бағалау жолмен анықталады. Бұл орайдағы күтілетін нәтиже пәндік білім, білік және дағдыларды, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды бөліктерін белгілі контексте интеграциялауды көздейтін оқу іс – әрекетінің әр түрлерінің сипаттамасы болып табылады.

Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс – әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық – жинақтау жүйесі болып табылады.
Бағалау
Балдық Рейтингілік
Балдық жинақтау жүйесі

Білім алушының оқу іс – әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік – бағдарланған шкала нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.

• Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс – әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс – әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.

•Өз жетістіктерін бағалау – өзін – өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс – әрекетін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу, сондай – ақ бағалау критеррилерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс – әрекеттерінің нәтижелерін алдын – ала өзіндік бақылауы.
•Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт ралығында жинақталған балдардың қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата – аналары және мұғалімдері белгілі бір уақыт аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.

•Бағалаудың жариялылығы білім алушылар және ата- аналар арасындағы, білім алушылар және мұғалімдер арасындағы, ата – аналар мен мұғалімдер арасындағы психологиялық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептің 1- ші сыныптарында білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерінің сандық формасы ретіндегі баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқу үрдісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық – бағалық негізде құрылады.
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:

0 балл – қанағаттанарлықсыз
1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен
3 балл – қанағаттанарлық
4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл – жеткілікті жақсы
6 балл – жақсы
7 балл – өте жақсы
8 балл – үздікке жақын
9 балл – үздік
10 балл – өте үздік

Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс – әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс – әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.
Оқу жетістіктерін бағалау түрлері

Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс – әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс – әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады.
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс – әрекеттерінің барлық деңгейлерін ( репродуктивті, продуктивті, шығармашылық)
ескереді.
Білім алушының оқу жетістігін бағалау түрлері
Ағымдық
Кезеңдік
Межелік

Ағымдық – 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау
( тақырыптық, сабақ сайын)
Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай – ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау)
Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2,4,6,8,10,12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.
Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі.
Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.

You May Also Like

Дәлелді медицинаны дәрілік заттарды қолдану құралы ретінде.Д.з-ды қате жарнамалау.

Жоспары: Дәлелді медицинаға кіріспе; Фармакология; Дәрілік заттар; Д.М дәрілік заттарды қолдану құралы…

Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі

13 тарау. Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі 13.1 Аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінін мазмны…

Нow much work values ​​differ between generations and how do they affect the work itself?

Нow much work values ​​differ between generations and how do they affect…

Mathcad – қолданбалы программа пакетімен танысу

Mathcad – қолданбалы программа пакетімен танысу Mathcad – компьютерлік математикалық жүйесі. Дербес…