Қажетті өнімдер:
– 2 тал тауық саны;
– 4 жұмыртқа;
-15 тал қараөрік;
– жарты стақан грек жаңғағы;
– 2 тісше сарымсақ;
– майонез;
– безендіру үшін – салат жапырағы, черри қызанағы;
– өсімдік майы.

Дайындалуы:
Тауық етін тұзды суда 30 минут асып алыңыз. Содан соң суытып қойыңыз. Жұмыртқаларды езгішпен жақсылап езіңіз. Табаны қыздырып, майлаңыз. Жұмыртқадан 4-5 талқұймақ пісіріңіз. Құймақтарды да суытып қойыңыз. Суыған етті ұсақтап тураңыз. Құймақты алдымен жолақшалап, содан соң төртбұрыштап тураңыз. Қараөрікті жуыңыз. Ұсақтап тураңыз. Егер қараөрік қатты болатын болса, үстіне ыстың су құйып қойыңыз. Жібіген соң ғана тураңыз. Грек жаңғақтарын қыздырылған табаға салып, бірнеше ми-нут құрғатып алыңыз. Содан соң пышақпен ұсақтап үгітіңіз. Сарымсақты ұсақтап тураңыз. Салаттың барлық өнімдерін салат ыдысына салыңыз. Майонез қосып, жақсылап араластырыңыз. Салатты порцияларға бөліп, салат жапырағының үстіне салып берсеңіз, әдемі көрінеді. Черри қызанақтары және грек жаңғақтарымен безендіруге болады. Бұл салат өте тойымды, сондықтан оны екінші тағам ретінде де ұсынуыңызға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Елдікті сақтаған ерлік, өлең

Принтер. Принтердің түрлері,ашық сабақ

Тақырыбы: Принтер. Принтердің түрлері САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Білімділік: студенттердің бойында принтерлер туралы теориялық…

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Қол саусақтарына арналған жаттығулар Әр адам күн сайын қолдарымен, әсіресе саусақтарымен бірнеше…

Бейбітшілік- бақытымыз, сценарий

Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз.    Мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын ояту,…