Ш.Мұртаза шығармашылығындағы соғыс тақырыбы.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы аудын, Мыңбұлақ мекенінде дүниеге келген. Ол  қазақ әдебеиетінің рухани қорын «Құрылысшы Дәку», «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан», «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Ахметжанның анты», «Интернат наны», «Қызыл жебе», екі томдық шығармалары: «Тұтқын бала», «Қара маржан», «Жүрекке  әжім түспейді», «Жұлдыз көпір», «Не жеппейді», «тамұқ», «Ай мен айша», «Елім, саған айтам, елбасы сенде тыңда», «Ақындар мен әкімдер» кітаптарымен байытты. Оның туындылары Одақтық және шет ел халықтарының тілдеріне аударылды.

Онымен қатар, ол Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, Венгер халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», « Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жанпида» шығармаларын, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Маршан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хотабыш қарт» повесін аударып, қазақ тілінде бастырды.

Жазушы «Қара маржан» романы үшін мың тоғыз жүз жетпіс сегізінші жылы Қазақ ҚСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.

Алғашқы қадамын тіршілік қызметтен бастаған Шерхан, ел өмірінен очерктер мен әңгімелерді өндіре жазды. Оның «Құрылысшы Дәку» атты тұңғыш очеркі қарағандыдағы Лениншіл жас газетіне басылып шықты. Мұнда қазақ елінің Ұлы Отан  соғысы шаруашылықты қалпына келтіру жылдарындағы еңбек адамының тағдыры сөз болады.

Шерхан Мұтараза шығармаларындағы орны ерекше повестерінің бірі – «Мылтықсыз майдан». Алғашында «Жұлдыз» кейін «Простор» журналдарында жарияланған шығарма сол жылы жеке кітап болып шықты. Кейір орыс, татар, молдаван тілдеріне аударылды. Бқл повесті жазушы көркемдік эстетикалық бағыттағы жаңа ізденістер танытты. Тылдағы бір ауылдың тыныс тіршілігі мен сол тұстағы қазақ аулдарының жай жапсарын көрсеткен, жазушының әрбір кейіркері – типтік характері. Повестің жетістігі – бүкіл елдегі тыл өмірін бір ауыл, тіпті бір отбасы төңірегінде көрсете білуі.

Эпикалық жанрдың көлемді түрін еркін игерген жазушы шағын жанрда (очерк, әңгіме) да шеберлік танытты. Оның «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Интернат наны», «Мылтықсыз майдан», «Жүрекке әжім түспейді», екі тодық шығрамаларының бірінші томында енген біршама әңгімелері, әр үлгідегі біршама ізденістерді танытады. Ол ұлттық әдет-ғұрып, салт сана, өнер сынды этнографиялық ерекшеліктерді әрдайым есте ұстайды. «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Шекшек шырылдайды да» бір оқиға үстінде көрінген Хадиша – сол тұстағы жарынан жастай айырылған жесірлердің бейнесі. «Кебенек киген әйтеуір бір келеді. Мақсұт үйден кебін киіп аттанған жоқ қой» деген Хадиша сөзі өмір бойы жарының жолына қараған мыңдаған жандардың сөзі.

You May Also Like

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқаулық

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы …

Автокөліктер тарихы

Отбасы ұғымы неке шарттары некені тоқтату және жұбайлардың жеке мүліктік құқықтары

Отбасы ұғымы неке шарттары некені тоқтату және жұбайлардың жеке мүліктік құқықтары. Жопар:…

Жастар еліміздің болашағы, ертеңі презентация