1. Ә.Кекілбаев шығармашылығындағы тарихи тұлғалар.

Әбіш Кекілбаев Махамбет туралы өлеңдер өз заманында бостандық, теңдік іздеген, сол үшін күресіп өткен ақынның арманын жырлауға ақұрылған. Әбіш патшаның отарына айналған, елдің күйін

«Қыл арқан, абжылан боп қысып жатыр,

Оралып оның көкжал өр төсіне» деп кейіптеу арқылы бейнелейді.

Махамбеттей арсынан айырылған қазақ еліне, Жер анаға түскен ауыртпашылықты адам мен табиғаттық ажырамас негізгі бірлігін негізінде жырлайды.

«Аш бөрі» әңгімесінде Құрманғазының бір сәтті көрінісінің өзі сол заманның суретін толық ашады. Алпауыт күйшіге тізесін батырған билеуші топ өкілдерді, оны қараңғы да, тар қапаспен мойталмайды. Ол жолда келе жатып-ақ «Алатау» күйін шығарады. Көне дастандарда «Әзіретінің Алатауы» деп аталатын тауға қарап бойын кернеген өнер қуаты ағылады. Күйші атаның өнерін мұқалта алмаған жандарды «Алатау» күйі мазақ етердей әсер берсе, ол қонатын үй қазақтың бар жылы жұмсағын қонағына сыйлайтын дәстүрін көрсетеді.

«Күй» повесін автор Абыл күйші аруағына ескерткіш дейді. Шығарманың идеялық пафосы-бейбітшілік пен адамгершілік үшін күрес, автор оны күй өнерінің құдіретімен шеше білген. Бұл туынды жөнінде қаншама оңды пікірлер айтылады. З.Кедрина  ол жөніндегі мақаласында он сегізігші, он тогызыншы ғасырда өмір сүрген Абыл күйші туралы музыкатанушы А.Жұбановтың ақын Ә.Тәжібаевтың, жазушы Ә.Кекілбаевтың  шығармаларын салыстыру нәтижесінде ой түйеді. Басқа сыншылар мен әдебиетшілер аңыз негізінде жазылған повесті әр қырынан зерделеп, зерттеді. Оның көркемдігі, тілі, әдіс тәсілдері, жазушының жетістігі бәрі-бәрі де сөз болды.

«Ханша -Дария хикаясы» аңыз негізінде жазылған. «… Шығыс Азиядағы бір өзенді қытайлар Хуанхэ-сары өзен, Тибеттіктер Мачу-қызыл өзен, Моңғолдар Хара-мурен-қараөзен деп атайды. Ал енді оны Хатын-Гол –ханша –Дария десеңіз, бәрі  де түсіне қояды. Неге олай?» деп басталатын повесте автор шегініс негізінде Шыңғыс хан өміріне байланысты әңгімелеуге ауысады. Автор оның саусақтары толған саусақтары толған әрбір жүзігінің тарихына үңіледі. Сол детальдар арқылы оның бейнесін жан-жақты аша түсуге ұмтылады.

«Үркер» романы мың тоғыз жүз сексен бірінші жылы «Жазушы» баспасынан жеке кітап болып шығып, мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы «Жалын» баспасынан «Плеяд – Созвездие надежды» деген атпен орыс тілінде басылды. Бұл төрт томнан тұтартын тарихи роман. Қазақстанның ресейге қосылуын көркем бейнелейтін бұл екі роман бөліп жаруға келмейді. «Елең-алаң» Үркердің заңды жалғасы, ондағы кейіпкерлерде оқиғада ортақ. Романның негізгі бас кейіпкері – Әбілқайыр. Жазушы Әбілқайырды қол бастаған батыр, ел басқарған билеуші, халыққа оның мүддесіне жақын жан ретінде көрсетуге  тырысқан.  Мәселен,  С.Сыматаевтың «Елім-ай»  трилогиясында ол – мансапқор, құзғын пиғылды көп сұлтанның бірі болып суреттеледі, ал Қ.Жұмаділовтың «Дабозында» қазақты орысқа сатқан алаяқ, баққұмар сұлтан ретінде бейнелесе, І.Есенберлиннің «Жанталасында» дарақы, әбербақан, өркөкірек жан болып кескінделген. Ә.Кекілбаевтың ерекшелігі – Әбілхайыр бейнесін жасау үшін тарих қойнауына үңіліп, сол тұстағы қазақ халқының әлеуметтік, экномикалық, хал ахуалына талдау жаса отырып, кейіпкердің сондай қиын заманда, елін аман-сақтап қалу жолында шешуші қадамдарға батыл барғанын көрсетеді.

«Елең-алаң» сексен төртінші жылғы роман «Санкт-петербург ведомостлеріндегі» тарихи құжаттан сілтеме берумен басталған. Орыс елшілігі мен Әбілхайыр хан арасындағы қаншама қиыншылықпен жүзеген асқан келіс сөзден кейін, Ералы сұлтан бастаған Оразкелді батыр мен Инияз сұлтанның мұрайжай экспонаттар аралап жүруімен оқиға өрбиді.  Романда көзге түсетін негізгі кейіпкерлердің бірі – Иван Кириллов. Ол өмірде болған Ресейдің белгілі мемлекет қайраткері. Жазушы оның бейнесін толықтыру мақсатымен, өміріне шегініс жасау негізінде іскерлігін іздемпаздығын аша түскен. Әбілхайыр хан – мұнда да негзігі кейіпкердің бірі, азушы бұл романда Әбілхайырды бізге таныс емес, жаңа қырынан аша түскен. Жазушы Әбілхайыр ханды бағынушы мен бағындырушы ғана емсе, терең ойлы дипломат есебінде аша білген.

Әбіш Кекілбаев друматургия жанрынада біршама үлес қосты. Жазушының «Абылайхан» атты халықтың –қаһармандық, сахналық дастан еліміз тәуелсіздік алған тұста жасалды да, сол тәуелсіздік жолына қызмет еткен елбасшыларын көркем бейнеледі.  Туынды мын тоғыз жүз тоөсан сегізінші жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды.

You May Also Like

Социальная столовая

Сегодня, к сожалению, очень много людей, находятся за чертой бедности. В силу…

Ет фаршынан жасалған бубликтер. Дайындау тәсілі

Қажетті өнімдер: – тауық еті; -1 сәбіз; -1 жұмыртқа; – 2 тілім…

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру 

2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру  2.1. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық…

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі, дәріс

Дәріс №4 Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуі Мақсаты: Студенттерді өнімнің сапа көрсеткіштерінің жіктелуімен…