«Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты:

-өмір адам баласына бір- ақ рет берілетін қымбат сый  екеніне ықпал ету;

-адам бойында болатын  асыл қасиеттерді адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту, жақсы қасиеттерді үйрету , жаман қасиеттерден жиренту;

-балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Түрі: психологиялық сабақ  тренинг элементтерімен

Көрнекілігі: интерактивті  тақта, ақ парақтар, стикерлер, қалам

Жүру барысы

І.Ұйымдастыру

ІІ. Танысу

Оқушыларға  стикер таратылды. Сол стикерге тренингтік аты-жөнін жазып жабыстырады. Сол визиткада жазылған есіммен осы тренингте жүреді.

ІІІ. Тренинг ережесі

1.Белсенді болу

2.Бірін-бірі тыңдау

3.Сөзді бөлмеу

4.Қазір және осында

5.Тыныштық сақтау

ІV.  Ой қозғау

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар өз ойларын айтады.

1.Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?
2.Өмірдің мәні неде, бақыт деген не?
3.Сенің мінезіңнің жақсы және жаман жақтары қандай?
4.Келешекте сен өмірді қалай құрар едің?

  1. «Өрмекші торы»жаттығуы.
    Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
    Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
    Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

VІ. Жаман қасиеттен арылу.Оқушыларға ақ парақтар таратылады. Сол таратылған параққа оқушылар өздерінің күнделікті өздеріне ұнамайтын  мінездерін жазады. Одан кейін ақ парақты умаждап , қоқыс жәшігіне лақтырады.  Міне бүгіннен бастап, тіпті осы сәттен  сендердің бойларыңда өздеріңе ұнамайтын жаман қасиет жоқ болды.

Оқушылар өздеріне ұнамайтын қасиеттерін айтады( еріншектік, ұмытшақ, ашуланшақ, т.с.с.)

VІІ . Тілек  жазу. Оқушылар алдарындағы ақ параққа өздерінің жүрекжарды  тілектерін  жазып , ұшақ қылып ұшырады. Тілек иесі ұшақ арқылы жеткен тілекке өз ризашылығын білдіреді.

Рефлексия. Бүгінгі тренинг ұнады ма? Тренингтен өзіңе не алдың?

VІІІ. Тренингтің болжамданған  нәтижесі:
* өмір туралы түсініктері кеңейді;
*адам баласына бір рет берілетін   сый екенін түсінеді;
* ойын ашық жеткізуге бейімделеді, топта ереже сақтауға қалыптасады.

You May Also Like

«Қазақ» газеті – Алаштың ұлттық мінбері, сабақ жоспары

Зат есімнің тәуелденуі ІІ- сабақ, сабақ жоспары

Кітап неден жасалады? Мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбіту, сабақ жоспары

Жол қауіпсіздігінің ережелері, сабақ жоспары