Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «О» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: «О» дыбысымен таныстыру.

Міндеттері: О дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Жасайды:дыбыстық талдау жасайды;

Түсінеді: дауысты дыбыстардың созылып айтылатынын;

Қолданады: «О» дыбысына сөз, сөйлем құрай алады.

Қолданылатын көрнекі құралдары: суреттер, жұмыс дәптері;

ҰОҚ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз!

Сәлеметсіздерме!

«Доп лақтыру» әдісі

Сұрақ қойып допты балаға лақтыру, допты қағып алған бала жауап береді.

1.Әріп дегеніміз не? -әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

  1. Дыбыс дегеніміз не? -дыбысты естиміз, айтамыз

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді -дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.

  1. Негізгі кезең
  2. «Дыбыстың үйін тап» ойыны.

Мақсаты: баланың өткен дыбыстарды ажырата алуын дамыту.

Шарты: Балаларға әріптер көрсетіледі, балалар сол әріптерді, дыбыстарды дауысты, дауыссыз екендігін ажыратып, көк, қызыл үйге саламыз.

Балаларға өткен дыбыстарды естеріне түсіріп, сол әріптерге байланысты сөздер айтқызу.

– Мен қазір бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабының бірінші дыбысы бүгінгі танысатын жаңа дыбыс.

                                        Жұмбақ:

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.  Он саусақ        

– Дұрыс айтасыңдар. Он саусақ сөзінде ең бірінші «О» дыбысы тұр.

Кәне, бірге «О» деп қайталайық. «О» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: «О» дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп, тілдің ұшы астыңғы тістен алыстап, арт жағы көтеріледі. – «О» – дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз – Енді «О» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдаршы.

Орман,отырғыш,орамал

– Енді осы сөздерді буынға бөліңдер, неше буыннан құралған екен. – Енді өздерің айтқан «ор-ман», «о-тыр-ғыш» , «о-ра-мал» сөздерін қатыстырып, сөйлем құраңдар. – Міне, балалар, ұзақ және қысқа сөздерді қатыстырып бір сөйлем құрап тұрсыңдар.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық

-Балалар, біз сергіп алсақ енді «О» әрпінің қалай жазылатынын үйренейік.

– Ауада жазу

– Тақтаға жазып көрсету

– Балалар, сендер өздерің айтқан сөздерді буынға бөле аласыңдар. Дауысты дыбыстар айтылғанда кеудемізден еш кедергісіз еркін шығады. Дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз.. Осы дауысты дыбыстардың бәрі де жеке бір буынды құрайды. Мысалы, «о-рақ» сөзін буынға бөліп дыбыстық талдау жасайық. – «Орақ» сөзі неше буыннан тұрады? – Бұл сөзде неше дыбыс бар? Дәптермен жұмыс

1 тапсырма

Орақ,орман сөздеріндегі дыбыстарды анықтап,тиісті дөңгелектерді жапсыр

2 тапсырма

Суреттердегі заттарды ата.Сөз дауысты дыбыстан басталса,осы сөздің суретінің жанына қызыл,ал дауыссыз дыбыстан басталса,көк дөңгелекті жапсыр.

3.Рефлексия.

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-«О» дыбысы қандай ?

-«О» дыбысы басында кездесетін сөздер айтыңдар?

Бағалау. Балаларды мадақтау арқылы жұлдызша таратылып беріледі.

You May Also Like

Жұмыспен қамту бағдарламасы, сабақ жоспары

Сұхбаттасу мәдениеті, сабақ жоспары

Сөйлеу мәдениеті. Амандасу, қоштасу сабақ жоспары

Кітапхана мен кітап маңызы, сабақ жоспары