Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірлесіп сақтауға тыйым салынады.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау кезінде өндіру (дайындау) субъектісі қоймадан бірінші кезекте сақтауға басқалардан бұрын келіп түскен сүт және сүт өнімдерін шығаруды көздейтін алмастыру жүйесі қолданылуы тиіс.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін сүт-шикізаты бар (толтырылған немесе жартылай толтырылған) контейнерлер жабық күйінде сақталуға және алғашқы мүмкіндіктің өзінде-ақ пайдаланылуы тиіс. Буып-түйілген материалдарды сақтау олардың кез келген ықтимал ластануын болдырмауға тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) пайдаланылатын басқа да материалдар тиісті таңбасы бар жекелеген контейнерлерде ұсталуға және сақталуға тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық режимде ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

51. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттар сақталуы тиіс.

Сүт консервілерін, құрғақ және қоюлатылған сүт өнімдерін қоспағанда, сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.

Жылдың жылы уақытында тасымалдау:

1) тоңазытылған шанақтары бар арнайы көлікте алты сағаттан аспайтын;

2) суық емес изотермиялық шанақтарда бір сағаттан көп емес 60С-дан аспайтын температура кезінде жүргізіледі.

Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау, сақтау шарттары бұзылған кезде, сүт және сүт өнімдері нәтижелері бойынша олардың одан әрі пайдаланылуы айқындалатын ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.

Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдаған кезде, олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттар ілесе жүреді.

You May Also Like

Кұмырсқа илеуі

«Кұмырсқа илеуі» «Қазір «Муровейник» немесе «Чак-чак» деп аталып жүр. Түріне қарасаң, қалай…

Иммунология даму тарихы. Иммунитет теориясы

Иммунология даму тарихы.Иммунитет теориясы. Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Иммунология анықтамасы Иммунологияның дамуына…

Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы

Тұтыну несиесі түсінігі және оның түрлері

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және…