ПСИХИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР

Жоспар:

1.Қабілет туралы жалпы түсінік.

2.Қабілет және нышан.

3.Қабілеттің түрлері.

Қабілет

Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туысына, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.

Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», – деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.

Қабілет адамның іс – әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біреуіне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіншілік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі) т.б. қиысып келеді. Яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Психолог В.М.Теплов қабілеттің 3 түрін ашып көрсетті.

  1. Қабілет – бір адамды екіншісі адамнан айыратын жеке психологиялық ерекшеліктер.
  2. Қабілет деп – қандай да бір іс-әрекетті табысты орындау ерекшеліктері.
  3. Қабілет деген ұғым – адамда бұрыннан қалыптасқан деген.

Қабілеттің дамуы мыналардан тұрады:

  1. Қоғамның дамуы, оның әлеуметтік сипатына, ғылыми техникалық –

прогреске байланысты.

  1. Адамда тиісті икемділік пен дағдының болуына байланысты

        Психологтар қабілеттің деңгейін 2 түрге бөлді.

Репродуктивті – өнімсіз, бұл айтылған әңгімені, ертегіні қабылдау, меңгеріп шығару деген сөз.

Шығармашылық – жаңа нәрсені өз ойынан шығару, ойлап табуға бағытталады. Осы деңгей бір- бірімен тығыз байланысты.

Репродуктивті элементте шығармашылықтың элементтері ғана жүрсе, ал шығармашылық әрекет өзіне репродуктивті әрекетті қосады, онсыз ол жүзеге асуы мүмкін емес.

Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.

Қабілеттілікті жіктеу

  1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
  2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.

3.Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік.

       Қабілет және нышан

Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі», – деп тұжырым жасайды.

Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу- болашақ суреткер болудың алғы шарты.

Адам қабілеттері тумадан берілмейді. Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт – нышан оның гендік тұғырында бекіген.

Адамның кейбір өзгешеліктері ана күрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері туысынан пайда болады. Мұны  физиологиялық нышан дейді.

        Қабілеттің түрлері

Жалпы қабілет – адамның ақыл-ой өзгешіліктерінің жеке қсиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Арнаулы немесе жекеше қабілет – іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.

Қабілеттің даралық қасиетеріне : шығармашылық, талант және данышпандылық, шабыт  дарындылық жытыды.

Дарын – қабілеттің бастапқы деңгейі. Дарындылық – әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет  білім, ептілік дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруіді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерешелігі.

Дарындылық  әрбір адамның  ақыл –сана, ,оқу, шығармашылық, көркемөнер  және психомоторлық  қызметтерінде көрініс береді. Дарынды  адамға тән қасиеттер: зеінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын  болу, мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектік  деңгейі анағұрлым жоғары.

     Талант – қабілеттіліктің ең жоғары дәрежесі.Талант- бір әрекетті творчестволық пен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Оның дамуы еңбек ете білуімен,еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.

Қабілеттердің даму барысында ең жоғары, шыңдалу  деңгейі – данышпандық. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады.

Шабыт- шығармашыл тұлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, дасампазыдық ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.

       Бейімділік және қабілет

Бейімділік  – адамның белгілі бір әрекетпен  айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.

Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен  айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет  көп жағдайда бірге болады.

You May Also Like

Қaзaқ публицистикaсының тapихы

Қaзaқ публицистикaсының тapихы сонaу ХІХ ғaсыpдың екінші жapтысынaн – Шоқaн, Ыбыpaй, Aбaй…

Темекіні тартуды бастамас бұрын

Темекінің денсаулыңқа қаншалықты зиян екені баршаға белгілі. Бұл жайында газет-журналдар мен теледидарда…

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы, тест жауабымен

(Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру пәніндегі медтерм тапсырмасы бойынша) Әлеуметтік қарым-қатынасты өндірудің, әлеуметтік…

Гүлді қалай жасауға болады?

Қызыл, сары, жасыл -кез келген түстен гүл жасауға болады. Бастысы, қағаз майлығыңыз…