Операциялық жүйе және оның түрлері

ОЖ – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.

Операциялық жүйенің түрлері: Microsoft Windows, Linux, MS-DOS ,Unix секілді түрлері бар.Осыларға жеке жеке тоқталатын болсам:

Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін жəне өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды Linux– те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды жəне де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз.

MS-DOS (ағылш. MicroSoft Disk Operating System — Microsoft фирмасының Дискілік Амалдық Жүйесі) — дербес компьютерлердежəне оларға сыйысымды құрылғыларда пайдаланылатын амалдық жүйе. MS-DOS жүйесі пернетеқтадан енгізілген деректі компьютер орындай алатын амалдарға айналдырады. MS-DOS жүйесімен əрекеттесу əмір енгізу арқылы жүзеге асырылады, ал MS-DOS жүйесіне негізделген бағдарламалармен əрекеттесуді жұмыс үстеліндегі лақаптардың көмегімен жүзеге асыруға болады.

Unix операциялық жүйесі – компьютер желілерінде кеңінен қолданылатын қуатты əрі көпміндетті операциялық жүйе. Оның жұмыс істеуге ыңғайлы графикалық интерфейсі бар. Unix операциялық жүйесінің негізі мақсаты: серверді басқару. Unix операциялық жүйесін 60-шы жылдары Кен Томпсон ассемблер тілінде жазып, кейіннен оны əріптесі Ритчимен бірге С тіліне аударған. Томсон мен Ритчиге Unix операциялық жүйесін құрғаны үшін Тьюринг премиясы берілді.

Windows – бұл графикалық басқаруға бағытталған Microsoft корпорациясының коммерциялық операциялық жүйелерінің отбасы. Бастапқыда Windows 1980 және 1990 жылдары кең таралған MS-DOS амалдық жүйесіне арналған графикалық қондырма ғана болды.

Net Applications ресурсының деректері бойынша, 2014 жылдың тамызындағы жағдай бойынша дербес компьютерлердің шамамен 88% -ы Windows операциялық жүйелерімен жұмыс істейді. Windows x86, x86-64 және ARM платформаларында жұмыс істейді. DEC Alpha, MIPS, IA-64, PowerPC және SPARC нұсқалары да болды. Microsoft корпорациясының соңғы операциялық жүйесі – Windows 10, 2015 жылдың шілдесінде енгізілген.

Мен қазіргі таңда Windows 10 операциялық жүйесімен жұмыс жасаймын.Және бұл операциялық жүйемен жұмыс жасаған қолайлы.Алдымен Windows 10 орнату үшін компьютерге қандай талаптар қойылатынын аитып өтейін.

Windows 10 орнату үшін компьютерге қандай талаптар қойылады?

Microsoft-тың ресми парақшасында егер сіздің компьютерінің Windows 8.1. талаптарына сәйкес келетін болса жеткілікті, делінген. Егер бұл ақпарат аздық етсе, төменде жаңа жүйені орнату үшін компьютерге қойылатын талаптардың тізімі келтірілген:

  • Процессор: ең кемінде1 ГГц.
  • Жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ): 32 разрядтық жүйе үшін 1 ГБ., 64 разрядтық жүйе үшін 2 ГБ.
  • Қатты дисктегі бос орын: 16 ГБ.
  • Видеоадаптер: WDDM драйвері бар Microsoft DirectX 9 графикалық құрылғысы.

Бұдан бөлек, міндетті түрде Microsoft есептік жазбасы мен интернет қажет болады.

Менің компьютерім бұл талаптарға сәйкес келе ме?

Ия, қарапайым қолданушылар үшін, жоғарыда аталған талаптарды тексеру қиындау. Сол себепті, Microsoft компаниясы Get Windows 10 атты жаңа құрал ойлап тапты. Ол Windows 10 орнатуға болатын барлық компьютерлерде хабарлама ретінде автоматты түрде шығып тұрады. Бастысы компьютерінің интернетке қосылулы және «автоматты жаңартулар» қызметі белсенді болуы керек.

Windows 10 қолданар алдында тағы нені білген жөн?

Егер сіз дәл қазіргі уақытта Windows 7 SP1 немесе Windows 8.1. операциялық жүйесінің қолданушылары болсаңыз, Windows Update жүйесі арқылы Windows 10 жүйесін тегін жаңарта аласыз. Осы кезде төмендегілерді есте ұстаңыз:

Жаңарту Windows 10 сатылымға шықан алғашқы 12 айдың ішінде жүзеге асырылу керек. Windows 10 операциялық жүйесі әртүрлі бірнеше түрде шығарылады: Windows 10 Home, Mobile, Pro, Enterprise, Mobile Enterprise, Education.

Windows XP пен Vista қолданушылары егер олардың құрылғыларының техникалық сипаттамалары минималды талаптарға жауап беретін жағдайда ғана Windows 10 қолдана алады.
Жаңадан шыққан Windows 10 жүйесін біреулер мақтаса, біреулер сынға алып жатыр. Бірақ бұл операциялық жүйе маған ұнайды.

You May Also Like

Ұйымның экономикалық қауіпсіздігін басқару глоссарий

«Автоматтандырылған жүйемен қолдану басқару» өндірісті ғылыми-техникалық ұйымдастырудың қай факторына жатадыТехникалық  факторы.                 адамдарды…

Гормондарды химиялық табиғаты бойынша жіктеу 

Гормондарды  химиялық табиғаты бойынша  жіктеу  Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын…

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз –…

Зығыр дәні асқазанды емдейді

Көбінде адамдар жұмыс бабымен, не болмаса басқада проблемалар, болғандықтан, дұрыс тамақтанбайды, ол…