Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тиімді әдістер

Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі – стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Біздің басты мақсатымыз – делінген, – Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», – деді Қазақстан Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді сараласақ, Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алапауыт мемлекеттердің қатарына ену.
Міне, осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде ойлау қабілеттерін дамытудың  алатын орны ерекше.

Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ойлауды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде – оның логикалық формаларында – ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. Алайда, мектеп жасына дейінгі баланың ойлауы таңбадан гөрі, бір жағдайларда нақтылы заттарды бейнелеп, басқа жағдайларды біршама жалпылама және схемалы боатын бейнелерді көбірек пайдаланады. Мұның өзінде бала мәселе шешуді зат немесе оның баламаларымен жүргізілетін бірсыпыра өрісті әрекетті де түсінеді.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

– оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Оқушының бойында оқуға  деген қызығушылықты арттыруымыз сөзсіз. Бүгінгі күні бізге белгілі көптеген технологиялар бар. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивті оқыту, ойындық технологиялық оқыту, қатысымдық оқыту, т.б. технологиялар оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруда қолайлы болып табылады.

Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу,  шығармашылық-тәжірбиелік жұмыстармен айналысады. «Зерттеу» арқылы жаңа білімдер – факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, алгоритмдер қалыптасады.

Проблемалық оқыту процесі мынадай:

  • Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
  • Мәселені шешу жолдарын – гипотезаларды ұсыну.
  • Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түп деректер арқылы тексеру.
  • Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.
    Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.

Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияңты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

You May Also Like

5 өнертабыстардың олар әлемді өзгертті, Плуг, Шам, Интернет, Компьютер, Доңғалақ

5 өнертабыстардың олар әлемді өзгертті Плуг Салыстырғанда жылтыр электрондық өнертабыстар, өмірімізге бүгін,…

Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру

 Жылжымалы құрамды қабылдау Сапардан паркке оралған соң,жүргізуші жолдаманы толтырып, оны кезекші механикке…

Қалдықсыз өндіріс – экологиялық мәселелердің шешудің бір жолы

Қалдықсыз өндіріс Қалдықсыз өндіріс — өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс.…

Тiк iшек түсiп қалуы

Ұйғарым Тiк iшек түсiп қалу – тiк iшектiң сыртқа барлық қабаттарын шығу…