БАЯНДАМА 

Тақырыбы: 

«Мектепке дейінгі заманауи білім беру жағдайында ата-аналар мен білім беру қоғамдастығын шоғырландыру» 

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек»

Ел болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы сатысы. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жүйесін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.

Балабақшада берілген тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақшаның тигізер әсерінің маңызы ерекше.

Жас бүлдіршіндердің тәрбиелі де білімді болып өсуіне Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 2008 жылы өз жұмысын бастаған «Жауқазын» балабақшасының ұжымы да өзіндік үлесін қосуда.

«Жауқазын» балабақша қызметкерлерінің жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге деген талпыныстары нәтижесінде зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да қабілеттерінің қалыптасуы нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі алға жылжиды. Тәрбиешінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру – нақты міндет. Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілді меңгерген әрбір тәрбиеші баланың жан-жақты қалыптасуына игі әсер етеді.

Біздің басты тілегіміз-бүлдіршіндеріміздің бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы және сүйікті Отанымыздың толыққанды азаматына айналуы.

Бүлдіршіндердің  қабілеті мен бейімін анықтау, жетілдіру мен қалыптастыру балабақшадан бастау алатынын ескерсек, еліміздің болашағы балаларымыздың келешегі үшін мемлекет тарапынан қаралып жатқан мәселелердің оң шешімін табуына тілекші «Жауқазын» балабақшасының ұжымының бағындырар белестері әлі алда. Тек қана, білімді және тәрбиелі ұрпақ Қазақстан халқының мақтанышы болмақ.

Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы керек.»Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуде іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану  – отбасы мен балабақшаның жаңа қарым – қатынасын талап етеді. Ата – аналарды  педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат –міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз.  Ата – аналардың өз балаларының  балабақшадағы өмірін, қалай өсіп, жетілетіндігін интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал.

Ата – ана мен балабақша атқаратын істер арқылы болады да,бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым – қатынасы бірін – бірі толықтыруы, бір – бірімен түсінуі, бір – бірінің бағытында құрылып, ата-аналар мен білім беру қоғамдастығын шоғырландыру тиіс.

Біз балабақшамызда заманауи білім беру жағдайында ата-аналар мен білім беру қоғамдастығын шоғырландыру мақсатында «Тәй-тәй» технологиясы  мен М.Монтесорри  технологиясының элементтерін оқу қызметтерінде қолданудамыз. «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру. Технология балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу қызметтерімізге  ата- аналар белсенді қатысады. Мектепке дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен,  оқыту – тәрбиелеу жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік беруіне, «Тәй – тәй»  технологиясының орталықтарына отырып, балалармен жұмыс жасау арқылы заманауи білім беру жағдайында ата-аналар мен білім беру қоғамдастығына шоғырландырып қоймай, алған әсерлерімен бөлісіп отырамыз. Ата-аналар жалпы орталықтарға отырып, оқу қызметіне қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстары  жүргізіліп оқу қызметіне керекті құралдар мен жабдықтарды көмектесіп, ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Әр  орталықта балалардың қабылдауын,көрнекі-бейнелі ойлауын,зейінін дамытуға,дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру,ұсақ саусақ қозғалыстарын,ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке біріге  тәрбиелейміз.

Атап айтар болсам, көркем құрастыру  ұйымдастырылған оқу қызметінің «Балабақша» атты тақырыбында   ата – ана Құрмашева Жұмагүл  балалармен  бірлесе отырып, балабақшаны түрлі гүлдермен әсемдеп, безендірген болатын. Оқу қызметі  сәтті шығып, балаларға қуанышты көңіл күй сыйлады. Сондай – ақ, Тогисова Гүлзада атты ата – анамыз балалармен бірге жұмыс жасаудың өзі бір бақыт екенін жасыра алмай,  қуанышымен бөліскен болатын.Балабақшамызда болып жатқан жаңалықтарын ата – аналармен заманауи ақпараттық технологиялар  арқылы да бөлісіп отырамыз. Атап айтар болсақ, балабақшамыздың сайтынан көптеген ата – аналар түрлі жаңалықтарды қарап отырса, ұялы телефон арқылы да балаларының қызықты сәттерін тамашалап отырып, өздерінің пікірлерін жазып қалдырады.Балаларға  қуыршақ театры арқылы ертегіні ата –аналармен бірігіп, тамашалаймыз. Балабақша мен ата –аналардың ынтымақтастығы  тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында. Балабақшаның көптеген жақсы көрсеткіштерге жетуі, тәрбиешілердің ізденісі, білімі мен біліктілігінің, іскерлігінің және қолдау көрсетіп отырған ата – аналардың арқасы.

Елбасымыздың халқына Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиістіміз және оларды қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» – деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшамызда ата – аналардың қатысуымен ұлттық  тәрбие оқу қызметттері, көптеген іс –шаралар ұйымдастырылады.  Мұндай оқу қызметінде ата – ана мен балалардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады..

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:Қазақта «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған . Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе  өскен ауылыңа, яғни туған жеріңе деген сүйспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын ұсынамын – деген болатын. «Жауқазын» балабақшасы ұжымы осы бағытта мектеп жасына дейінгі балаларды туған жерін сүю үшін, табиғатағы тіршілік иелері жан-жануарларды қорғауды, өсімдіктерді өсіруді, суы мен тасын  бағалай білуді үйрету басты міндеті деп санайды.

Сондай – ақ, «Жауқазын» балабақшасында отбасымен қалыпты дамыту үшін ата –аналар мен педагогтер бірлесіп іс – шаралар  өткізеді.

Ата – аналарға балабақшада балалармен жүргізілген  «Табиғатты қорғау, зерттеу» тақырыбындағы жұмыстар таныстырылып, ашық есік күндері, кеңестер өткізіледі.

Ата – аналарға балаларға отбасында берілетін тәрбиеге көңіл бөліп, баланың жағдайын жасау міндеттеледі. Әр ата – анаға өз үйлерінде де көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге кеңес беріліп отырады.

Ата – аналар комитеті ұйымдастырған «Балабақшаға гүл сыйлайық!», «Балабақшамызды көркейтейік!», «Балабақшамызды таза ұстайық!» акциялары балабақшамызда дәстүрге айналды.

Қиындығы мен қызығы мол мектепке дейінгі тәрбие саласы қызметкерлеріне мол табыстар тілей отырып, барша әріптестер, сіздерге мықты денсаулық тілейміз!

You May Also Like

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері  Жапония Екінші…

Басты шалқан пияз

Басты шалқан пияз  Басты пияз. Пияздың ең көп тараған түрі — басты…

Таза-қала Таза-ауа

Жоба мақсаты: Тек Атырау қаласы емес сонымен қатар Қазақстан өніріндегі барлық  қала,…

Маңызды металдар мен олардың қосылыстарын түрлі халық шаруашылығы салаларында қолдану, дәріс

Дәріс. Маңызды металдар мен олардың қосылыстарын түрлі халық шаруашылығы салаларында қолдану. 14.1.…