Ғылыми жоба

Іштен жанатын қозғалтқыштар

Жұмыстық денеге, жылулықты жеткізу тәсілдеріне байланысты, барлық, қазіргі кезде, кездесетін жылулық қозғалтқыштарын екі топқа бөлуге болады-сырттан және іштен жанатын қозғалтқыштар.
Бірінші топқа жататындары, сондай жылулық қозғалтқыштар, жұмыстық денеге жылулықты жеткізу, яғни жылу процессі қозғалтқыштан бөлек жүргізіледі.Бұдан мысалы ретінде, булы қозғалтқыштар-булы машиналар және турбиналар.Бұл қозғалтқыштардың жұмыстық денесі болып, су буы атқарады, булы қазанды қондырғыдан алып, оны саптамамен (сопло) турбинаның жұмысшы дөңгелегіне немесе булы машинаның бу бөліп-таратушы құрылғысына беріледі.
Екінші топқа жататындарына, мына жылулық қозғалтқыштар: оларға жылулықты, жұмыстық денесіне жеткізуді іске асыру-тікелей отынды қоспамен, қажетті санды мөлшердегі ауамен қозғалтқыштың ішінде жандырады.Отынның жанғыш бөліктерінің, (C,H,S) химиялық қоспалар нәтижесінде және ауаның оттегімен қосылып, отынның жану өнімі-газды қоспаны құрайды да, ол іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыстық денесі болады.Осы қозғалтқыштар типін, кең ұғымда газды қозғалтқыш деп атайды, себебі, оның отыны ретінде, қандай жанғыш болса да жарайды: қатты, сұйық, газ түріндегі.
Іштен жанатын қозғалтқыштардың (ІЖҚ) газ түріндегі отынмен жұмыс атқаруын, тар мағынада айтады.Ондағы жанғыш газ (генератордың, сұйытылған және басқа), белгілі пропорциялы ауамен араластырады және осындай жанғыш қоспа, қозғалтқышқа кіреді де, отын тұтанады, жанғыш өнім кеңееді де, жұмыс атқарылады.
Сұйық отын-бензин, спирт, керосин, дизельді отындар (газды және солярлы май), мұнай-белгілі мөлшердегі ауамен тозаңды түрінде қозғалтқышқа енгізіледі де, осылардың нәтижелерінде жанғыш қоспа пайда болады.
Қатты отынды ІЖҚ-та, тікелей тозаң түрінде жұмысшы кеңістікте пайдалану, әзірше қанағаттанарлық нәтиже берген жоқ, себебі, жанғыш заттарды ауамен жақсы араластыру мүмкіндігі жоқ және қозғалтқыштан, оның күлін алып кету де нәтижесіз болып отыр.
Піспекті іштен жанатын қозғалтқыштар.
Халық шаруашылығының көп салаларында піспекті іштен жанатын қозғалтқыштарды (ІЖҚ) кеңінен қолданады.Барлық, осы замандағы автомобильдер, трактролар, кеме қозғалтқыштарының көп бөлігі аз және орташа қуатты, ал сол сияқты, тұрақты қондырғылардың бір қатарының қозғалтқыштары, піспекті ІЖҚ.Бұл, олардың артықшылығымен түсіндіріледі:
1) арбиған үлкен қазандық қондырғының болмауы, ал олай болса, күш беруші қондырғыларды орналастыру үшін, ғимараттардың аз өлшемді көлемде болуы;
2) жүргізуге, әр уақытта дайын болуы және жүктемені, тез арада қабылдағыштығы, сонымен қатар, қозғалтқыштың жұмыссыз кезеңіндегі жанар майды аз пайдалануы;
3) суды аз пайдаланатындығы;
ІЖҚ-тың кемшілігіне мыналар жатады:
а) қатты отындарға қарағанда, сұйық және газ түріндегі отындардың запасының шектеулі; қатты отындарды, көбінесе, булы күш беруші қондырғыларда қолданады;
б) пайдаланылған газ жылулығын қолдану қиындығы;
в) өте үлкен инерцияның болуынан, иілмелі біліктің айналу жиілігінен қозғалушы бөлшектерінің үдемелі-қайтымды жүріс пайда болуынан, бір агрегаттан жоғарғы қуат алуға болмайтындығы (осы заманғы ІЖҚ-дың шекті қуаты 3500-4000 кВт артпайды).Піспекті ІЖҚ-тің жұмыс принципінің жасалынуы былай өтеді: цилиндрдегі піспектің қозғалысына газ қысымының ықпалды әрекетінен, бұлақ (шатун) арқылы, иілмелі білікке беріледі.Жұмысшы цилиндр және оның басында қақпақтарымен білте тұтандырушы орналастырылады, сұйықтық салқындатқышты көйлекшесі бар немесе оның, температура әсерінен, қатты қызбас үшін, қырлы ауалы салқындатқышы және қабырғалырының жұмысшы дененің қысымынан бөлінбеуі үшін жасалынады.Иілмелі біліктің, бір қалыпты айналуын қамтамасыз ету үшін және инерциялық күштерді кемітуге, сонымен қатар цилиндрдегі піспектің пайдасыз жүрісінің болмауын іске асыру үшін, иілмелі біліктің артқы ілмегіне сермер (маховикті) орналастырады, оны ең соңғы жағдайына шығарады, ал қозғалтқыш бірнеше цилиндрлі (2,4,6,8,12,16 цилиндрлі және одан да көп) болып жасалынады.Соңғы жағдайда, цилиндрдің жұмысшы тәртібін, сондай етіп таңдайды, мүмкіндігінше көршілес екі цилиндрдің жұмыс атқаруы, бірдей тактыда болмауы тиіс; онда иілмелі білікке түсетін күш, бір қалыпты болады және басқа цилиндрдегі піспектің жұмысшы жүрісі есебінен, кейбір цилиндрдегі піспектің пайдасыз жүрісін, іске асыру мүмкіндігі туады.Піспекті іштен жанатын қозғалтқышқа, жұмысшы денені кіргізу және шығарушы органдарын тарелкалы қақпақ түрінде орындалуы жиі кездеседі, олар, қажетті уағында рычагтың көмегімен ашылады, оны атқарушылар штанга мен итергіштерді жұдырықтаумен қозғалысқа келтіреді.Жұдырықтың (кулачки) қозғалтқыштың иілмелі білігіндегі жетегі, бөліп таратқыш білігінде орналасқан.
Піспекті ІЖҚ жұмысшы принципінің, жоғарыдағы жазылуынан көрінгендей, оларда, негізінен айналмалы процесс жүрмейді, себебі газ түріндегі өнімнің кеңейгеннен соң, жануы жіне иілмелі білікке піспектің көмегімен энергияны беруі, қозғалтқыштың цилиндірінен қашықтайды, ал, оның орнына, жаңа порция жанғыш қоспа келіп түседі, оның химиялық құрамы, келесі жану процессі нәтижесінде өзгереді.Бірақта, іштен жанатын қозғалтқыштың айналмалы жұмыс процессі деп, шартты түрде айтуға болады. Бұл жобада іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс принципін жүйелеп көрдім,жобамның ары қарай жалғасын табатынына сенімдімін.

You May Also Like

Қолданбалы өнер монеталар сериясы

Қолданбалы өнер монеталар сериясы   Қазақтың ұлттық аспаптарына арналған «Қолданбалы өнер» монеталар…

Бедеу неке

Тақырыбы:  Бедеу неке. Жоспар: Кіріспе:  Бедеу некеге түсінік Негізгі бөлім: – Бедеуліктің…

Желдің өрнегін розасын тұрғызу

Желдің өрнегін розасын тұрғызу Желдің розасын құрылыс ауданына байланысты СниП П-01-01-82-ті /құрылыстың…

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымен болған әңгіменің стеннограммасы

СОҒЫС ПСИХОЛОГИЯСЫ (стенограмма) Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымен болған әңгіменің стеннограммасы Алматы қаласы.…