1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы тарихи тұлғалар бейнесі.

Атақты «Көшпенділер» трилогиясы (1976) – жазушының бас кітабы. Ол «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1973), «Қаһар» (1969) романдарынан тұрады. Соңынан басталған бұл трилогияның әр кітабының тақырыбы сабақтас болып келеді. Ортақ тақырыб қазақ халқының ұлттыұ тағдыры болғанда, әр романның дәуірі, кейіпкері, сюжеті мен композициясы, ой қазығы бөлек-бөлек дербес дүние.

«Алмас қылыш» – қазақтың бір кездегі Ақ ордасын қайта қалпына келтіріп, тәуелсіз ел туы астында үш жүз болып, бас қосып бірігу идеясымен әдептелген, Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.   Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді. Сұлтан күйінде де кесек тұлға, артынан хан дәрежесіне көтерілген Жәнібек – романның Әбілқайырға қарсы қоятын кейіпкері. Жәнібек тарихтың бет алысын, халық тынысын, аңғарғыш көреген қайраткер ертінде танытылған. Нұраның Қаратозының басына хан кеңесін шақырып, үш жүздің бас қосуының белгісі ретінде қазақ руларының таңбасын жартасқа қашап түсіртуі, қазақ  халқының мемлекеттігін қайта құруға деген арманнына үн қосуы – бұл тарихи тұлғаның бейнесін биіктете түсетіні күмәнсіз. Ататқты Қобыланды Батырдың фольклорлық қияли дүниеден реалистік роман топырағына ауысуы, қызғылықты факт. Ендігі Қобыланды уақтанған пенде ғана. Ақжол биді өлтіртіп Арғвн мен Қыпшақ арасына от жағып, қазақ ынтымағына іріткі салғысы келген Әбілқайыр ханның қол жаулығына айналған. Әйтеуір баяңы Қобыландыдан да қазақ жүрегіне жылы жұрнақ там тұм сақталыпты. Қобыланды қазақ батырларының ашуынан ығып, Әбілқайырдан іргесін аулақ сала бастайды. Хандардың малын барын талап, халыққа үлестіріп беріп жүретін Жалғыз көз батыр Орақ, Жәнібек пен оның ұлы Қасым ханның оқ қағары Саян – романдағы ұлттық тақырып арнасын кеңейтетін бейнелер. Мүсіні мығым құйылған Бұрындық хан – тарихи логикасы, оқиғалылығы характер дамуынан басым түсіп жататын роман үшін сәтті шыққан бейне. Ол Есенберлиннің көп қаһармандарындай мінезі сыртынан пішілетіндерге жатпайды. Характері нақтылы деталь арқылы, әрекет үстінде ашылады. Хан кеңесі өтіп жатқан жердегі Әбілқайырдың ерен батыры Қарашыңмен жекпе-жекте айласын асырып жеңіп шығуы, Қарашыңның   күйеуге шығып, бөпелі болған қарындасы, бұрын өзіне қарамай кеткен Тоқтарбегін сұлуға қояда қоймай үйленуі, оны тұтқындағы ағасына айырбастап алғаннан кейін тірі мысықтың басын жұлып алып, жасытуы, қарауындағы қазаөты өара жүрек мінезімен қан қақсатуы, аөыры өз еркімен хандықтан кетуі –  осының бәрнің айшықты суреттелуі бұл нойыз характерді ұмытайын десең де, ұмытқызбайды. Есеберлиннің үлкен табысы – Шыңғыс хан. Яки Төре тұқымының қазақ халқының тарихи тағдылардағы рөлі хақында мәселе көтеруі. «Алмас қылыштың алғашқы беттерінде-ақ хан Төрелердің қазақ қауымен езіп жанышқан саясаты әшкерелене бастайды. Шыңғыс хан тұқымы үшін қазақ-қараша басыбайлы құл. Иіс-Бұғы секілді бірен саран төресі болмаса, сол құлдарды адам деп санамаған! Хан тұқымы қара қазақтан  қыз алмайды, қыз бермейді. «Дала төресіз болмайды, ел төбесіз» деген ережеге сай қазақ халқын езіп жаншып, еңсесін көтертпеуге барын сал,ан. Қазақ қашанда Шыңғыс тұқымынан аз қиянат артқан жоқ. Бірлі екісі болмаса, бұлар қазақтың сорына жаратылған сор сұлтандар еді.

Трилогияның «Жанталас» бөлімі жеке хандық құрған қазақ елінің тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы арпалысына арналды. Жау жан- жақтан анталады. Шығыстан лап қойған Жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған бүкіл халықтың  трагедияға  әкеліп соқты. «Жанталас» романының композияциясы трилогияның басқа кітаптарына қарағанда күрделілеу. «Жанталастың» бас қаһарманы –  Абылай хан. Романтикалық Бұқар бейнесі мен реалистік Абылай бейнесінің бояулары бір- біріне кірігіп, бірінмбірі ашып, шығамрма шырайын айрықша кіргізеді. Халық күшіне, сарқылмас қуатына дейін өршіл сенімге дем беріп отырады. Билік пен рух әміршісінің тізе қосқан күресі қай жауыңа да төтеп беертін күш есебінде романның ұлт азаттық идеясын сестендіре түседі. Жалпы Абылай тұл,ғасы тарихи прототипінің рөлі мен орайлас шыққан. Есенберлин Абылайдың Шыңғыс төрешілдігінен қалған сарқыт мінезін қай тұстағы қаныпезерлігін (Өзін Хиуа базарында сатылып кетуден құтқарған Оразқұлдың жанын жәннамға жіберуі, Пугачевшіл Керейді ат құйрыңына байлап өлтіруі), басқа да қайшылықтарын жасырмай ашып, бұл ханның күші – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы – Бөгенбай, Шақшақұлы – Жәнібек секілді қазақ батырларын тірек еткендігінде екенін баса көрсетеді. Абылай «қараша халықпен» байланысын үзбейді, халық алдында мүлт кетсе, кешірім сұрап, тізе бүгуді өзіне қорлық санамайды. Жазықсыз ұстап зынданға тасталған Ботақан деген жігіт Абылайдың босатқанына қарамай, мені көрге тыққан жерімнен шықпаймын деп намыстанып, өзін өзі жарып өлтіреді. Хан қиянатына қарсы халық дүр көтеріледі. Міне, осы тұста Абылай хан өнерлі, қиынан жол тапқыш, саясаткер екенін көрсетеді. «Жанталастағы» Бұқардың тарихи тақырыптағы әңгіме дүкенінен басқа кірме новеллалардың ең көріктісі – Батыр баян хикаясы. Трагедия Батыр баян бейнесін асқақтат түседң, ел мүддесін бәрінен жоғары қоятын Баян ұлт тілегін жеке басының құлқынына айырбастайтын уақ кісі емес. Баян оғы – намыссыздыққа, ел мүддесін аяққа басқандыққа төзбейтін, ыза назаның оғы еді.

«Қаһар» романы – халықтың еркіндік сүйгіш рухының жойылмайтындығын паш ететін шығарма. Трилогияның басқа кітаптарынан бұрын жарияланса да, үш кітап қорытындысы, осы туындыда шығарылған. Ол қорытынды: Тәуелсіздік арманы халық көкірегіне Алмас қылыштай өткір жігер құяды. Ол жігер ажалдың өзін бас идіреді. Жеңіс шарты – ел бірлігі, – дейді.  Қаһар романының бас қаһарманы Кенесары – мықты сомдалған характер. Бәрін алдын-ала ойлайтын, көреген мемлекет қайраткері, айлакер қолбасшы, алған мақсатынан таймайтын, халқынығ жолында жанын аямайтын, ел перзенті болып көрінеді. Кене – айбынды хан. Оның айбарлы күші – халық. Халқының қолдауымен (бастапқы кезде Кенесары қозғалысына миллионға жуық қазақ қатысады) зеңбірекпен, мылтықпен бақайшағына дейін қарулан,ан күші әлденеше басым патша әскерімен алысады. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.    Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі. Қазақ тарихының белді-белді үш кезеңін, жеке хандық яки тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жетуі, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама атты, Отан соғысы, Кенесары хан бастаған ұлт-азаттығы көтерілісі оқиғаларын суреттегенде нақтылы күнтізбелік деректерге шежіреге сүйенеді. Бұдан басқа халық эпосының тарихи шындыққа жақын беттері, ақын, жыраулардың  өлеңдері, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» мен Рашид-ад-Диннің, Джувейниді, т.б. еңбектері, «Орыс шежірелерінің толық жинағы», екі жүзден аса дерек пайдаланылған.

You May Also Like

Бадам печеньесі

Бадам печеньесі Қажетті өнімдер: -170 г бадам; – 3 жұмыртқа; – 40…

Римдегі отбасы құқығы

Римдегі отбасы құқығы. 1. Отбасы құқығы туралы жалпы ережелер. 2. Римдегі неке…

“Қолданбалы бағдарлама Fine Reader”

Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Сканер технологиясымен жұмыс. FineReader программасының жұмыс істеу әрекеті…

Бақалшыққа салынған асшаян салаты

Қажетті өнімдер: – 16 тал бақалшыққа ұқсайтын макарон өнімі; – 150 г…