1. Ерлі-зайыптылар жанжалдарының негізгі себептерін анықтаңыз.

Ерлі – зайптылар арасындағы дау – жанжалдың туындау себептерін зерттеу қазіргі таңның өзекті мәселесі болып отырғаны бәрімізге мәлім.

Мамандардың айтуынша дау – жанжалдың 80-85%  жанұяда болады. Ал тек 15 – 20 %  әртүрлі себептерден болады делінген. Жанұядағы дау – жанжал тек қарым – қатынастарға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік – психологиялық отбасы мүшелерінің денсаулығына да әсерін тигізеді

Отбасындағы келіспеушілік – бұл жанұя мүшелері арасындағы келіспеушілік және әртүрлі қарама – қайшы көзқарастар мен мотивтерден туындауы.  Отбасындағы дау – жанжал, келіспеушіліктің өзіндік ерекшелігі бар, осындай келіспеушіліктерді алдын – алуда  және шеше білуде психологтың көмегі қажет.

Отбасылық келіспеушілік өз себебімен ерекшеленеді, олардың маңыздысы болып:

– Отбасы мүшелерінің бостандықтарының шектелуі, іс-әрекеті, өз ойын айтуына шек қойылуы;

– Отбасы мүшелерінің ауытқулары: алкоголизм, наркомания т.б.

– Отбасы мүшелері біреуінің қызғануы, өз керегін пайдалануға шектелуі, құмарлығын қандырудан қалуы;

– Отбасы мүшелерінің арасындағы қалыптасқан қиын қарым – қатынас;

– Шешуге қиын материалдық тұрғыдағы проблемалар;

– Ерлі – зайыптылар арасына туысқандарының түсуі;

– Ерлі – зайыптылар арасындағы сексуалдық жағынан проблемалардың туындауы.

  1. Педагогикалық жанжалдардың алдын алу бойынша ұсыныстар жасаңыз.

Педагогикалық ұжымдағы жанжалдардың алдын алудың барынша тиімді тәсілі – жағымды орта қалыптастыру, әкімшілік пен педагогтар қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру, эмоционалды күйді өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.

  1. Жасөспірім шақтағы тұлғааралық қақтығыстардың мәнін ашыңыз.

Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы жанжалсыз қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызу үшін, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, ұжымдық негізге сүйеніп  отбасыларын ұйымдастыру, ата-аналардың  балаларының  ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіле отырып, өз ауызша талаптарын білдіргені септігін тигізеді. Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қақтығыстар отбасылық қарым-қатынастардың жойылуына, білімнің жетіспеушілігіне, жасөспірімдердің психикалық дамуындағы жеке психологиялық өзгерістерге және ересектердің төл мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты. Жасөспірімдердің  қақтығысты іс-әрекеттері олардың дара болмыс ерекшеліктерін, жас ерекшеліктеріне сай психикасының өзгеруі ескерілмеген, ересектердің оларға қатысты қарым-қатынасының түрі мен сипаты өзгермеген кезде пайда болады.

You May Also Like

Бала тәрбиесіндегі ертегілердің маңызы

Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы.…

Қызыл балық қосылған бутерброд. Дайындау тәсілі

Қызыл балық қосылған бутерброд Қажетті өнімдер: – нан; – майонез; – қызанақ;…

Физиканы жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқыту

Физиканы жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқыту Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан…

Тұрақты жане айнымалы токтардың тірі ағзаға тигізетін емдік әсері

. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті…