МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ФРЕБЕЛЬ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ФРЕБЕЛЬ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Фридрих Фребель (1782- 1852) – неміс педагогі, мектепке дейінгі тәрбиенің теоретигі. Фридрих бала бақшасының құрылуын насихаттаған, балалар үшін тәрбиешілерді дайындаған және олардың жұмысының өзіндік әдісін әзірлеген. Фридрих балалардың даму процесінде ойынның үлкен тәрбиелік және білімдік мағынасын айтқан.

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру – жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасайтын, қоғамға табысты бейімделуге ықпал ететін үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың зерттеулері адам зердесінің, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциялық дамуында мектепке дейінгі жастың маңызды кезең болып табылатынын дәлелдеді. Осы кезеңде білім беру әдістемесіне жүйелі жағынан қарау үдерісіне, педагогтардың кәсіби шеберлігін қазіргі заман талабына сай тұрақты түрде жетілдіруге баса назар аударылады. Білім мазмұны оқу материалдарын берудің әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартуды талап етеді, білім берудің әдіс-тәсілдері мен түрлерінің тиімділігіне, баланың ақыл-ойы мен зердесінің дамуына тікелей әсер етеді. Бұл білім беру саласындағы бірінші кезектегі проблемалардың бірі, оны шешуді кейінге қалдыруға болмайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың келесі қызмет түрлерін қамтитын мынадай әдістері: қимыл-қозғалыс дағдылары, коммуникативтiк дағдылар мен әлеуметтiк дағдылар – ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында Европада неміс педагогы Ф.Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясында кеңінен таралды. Бұл ретте «әрбір бала – өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» – деп санаған тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақшада тәрбие беруге арнаған және осы мақсат үшін  түрлі материалдардан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті ойыншықтар жасаған. Ф. Фребель бала іс-әрекетінің көптеген түрлерін: қимылды ойындар, сурет салу, мүсіндеу, қағаздан өру, қағаздан ою, кесте тігу, металл сақиналардан, таяқшалардан, бұршақтардан, моншақтардан ретімен салу, қағаз және таяқшалардан құрастыру және т.б. ұсынды. Шұғылданудың осындай түрлерінің көбісі заманауи балабақшаларда өз қолданысын тапқан. Біз оларды ІІ-ші сәбилер тобынан бастап ересек топтардағы балаларға ұсынамыз. Геометриялық фигуралардан жұлдызшалар, жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыру математикалық қабілетті жылдам дамытуда ықпалы зор, логикалық ойлауды жүйелендіреді. Неміс педагогы Ф.Фребель 1837 жылы «Бала бақша» құрды. Ол балаларды еркін іс-әрекетке жан-жақты дамыту мақсатында оқытушыларды мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға шақырған алғашқы адам болды. Фребель әдістемесін пайдалану үдерісінде осы дағдыларды игерудің туылғаннан 6 жасқа дейiнгi балаларға тән екендігін және олардың дене, ақыл-ой, адамгершiлiк, еңбек, эстетикалық жағынан қалыптасуына әсер ететінін  көруге болады.  Ф.Фребель ойын материалдарын балалардың ішкі қажеттілігінің дамуына мүмкіндік беретін білім берудегі негізгі құрал деп есептеген. Педагог білім беру тарихында білім және тәрбие беру үдерісіндегі балалар ойынының маңызын алғашқылардың бірі болып дәлелдеді. Ойын арқылы балалар өздігінен дербес әрекет етуге, салыстыруға, талдауға, қортынды жасауға үйренеді. Геометриялық пішіндермен жұмыс істеу балалардың басқа да маңызды ерекшеліктері мен қасиеттерін дамытады.

Ф.Фребельдің әдістемесін зерттей келе, біз оның баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әрі қарай дамуына ықпал ететін қажетті әдістер жиынтығы екендігін айқындадық.  Бүгінгі күні біздің МДҰ-да білім мазмұнының негізгі бағыттары жаңартылған – Ф. Фребель әдістемесі мен Step by Step технологиясы қолданылады.

«Нұр-Дәулет» балабақшасында «Почемучки» мектепалды даярлық тобында іс-тәжірибеден өткен кезде Фрэбель ұсынған түрлі материалдардан жасалған он төрт түрлі ойыншық түрлерін оқу жұмыстарында және балалармен жеке жұмыс жүргізу кезінде қолданады.

Ойындар арқылы балаларды түрлі пішіндегі заттармен таныстырады. Құрастыру олардың кеңістіктегі әсерін, өй-өрісін кеңейтеді, сондай-ақ қол моторикасын дамытады, бұның өзі кейіннен жазу және сурет салу үдерісінде саусақ қимылдарының ептілігіне әсерін тигізеді.

Фребельдің алты сыйы

Баланы ерте жастан дамыту үшін Фребель алты «сый» ұсынды.

Бірінші «сыйы» ол – доп. Доптар онша үлкен емес, жұмсақ, әр түрлі түстермен боялған – қызыл, алқызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті, яғни кемпірқосақтың түстері және ақ түсті жүннен жасалған болуы керек. Әрбір доп-шар жіпте болуы шарт. Анасы балаға әр түрлі түсті көрсете отырып, оның түстерді ажырата алуын үйретеді. Сонымен қатар, шарды айналдыра отырып, баласына кеңістіктегі көріністер -«жоғары-төмен», «оңға-солға», «алдыға-артқа» деген сөздерді де таныстырады. Шарды алақанына қойып және тығып қою арқылы «доп бар- доп жоқ» деген сөздермен болымды және болымсыз сөздерді үйретеді.

Екінші «сыйы» кішкентай ғана ағаштан жасалған шарлар, кубик және цилиндир. Бұлардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Кубик өзінің формасымен және тұрақтылығымен шарға қарама-қарсы болып келеді. Фребельдің қарастыруынша, шар- қозғалыс символы, ал кубик – тыныштық пен «көп бейнеліліктің бірлігі». Цилиндр шардың да, кубиктің де қасиеттерін біріктіреді: ол – тұрақты, егер оны бір нәрсеге қадап қойса, сондай-ақ ол – қозғалмалы, егер оны жатқызып қойса.

Үшінші «сыйы» – куб, яғни, сегіз кубикке бөлінген, егер жартыға бөлсе, онда оның әр жартысы –төрт бөліктен тұрады. Фребельдің айтуынша, осы «сыйлардың» арқасында бала ойнай отырып, оны құрастыра отырып миын дамытады.

Төртінші «сыйы» – сегіз тақтайшаларға бөлінген кубиктер, әр тақтайшаның көлемі кубиктің бетіне дәл келеді, ал қалыңдығы – осы беттің төрттен біріне тең болады.

Бесінші «сыйы» – жиырма жеті кішкентай кубиктерге бөлінген кубиктер, олардың тоғызы одан да кішкене бөліктерге бөлінген.

Алтыншы «сыйы» – ол да жиырма жетіге бөлінген кубиктер, олардың көпшілігі тақтайшаларға, диагоналы бойынша бөлінеді. Фребель балаларға әртүрлі іс- әрекеттер мен оқып-үйрену түрлерін ұсынады – құрылыс материалдары, қозғалмалы ойындар, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, қағаздардан тоқу, қағаздардан қималар жасау, тігу, металл дөңгелектерді, таяқшаларды орнымен қою, моншақтар, қағаздар мен таяқтарды құру және т.б. Қазіргі кезде осы аталған әдістемелер балабақшаларда кеңінен қолданылуда.

Дәл осы кезеңде мен, Семей қаласы «Нұр-Дәулет» балабақшасынан іс-тәжірибеден өту барысында осы технологияны пайдалана отырып, балалармен жұмыс жасадым. Бұл мектепалды даярлық тобы – «Почемучки». Ең алдымен топтағы төрт лидерді ортаға шығарып, оларды  төрт топқа бөлдім. 4 лидер әркім өзі қалаған балаларды таңдап алды да, топқа бөлініп отырды. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін топтарды орындарымен ауыстырып отырдым. 4 топта 4 тапсырманы орындап шықты.

You May Also Like

Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері. Қазақстанда шешілу процесі

Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері. Қазақстанда шешілу процесі Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Экологиялық…

Табиғи ресурстарды қолдану

Табиғи ресурстарды қолдану Мақсаты: Табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану  Жоспар: Кіріспе Табиғат ұғымына…

Лақтыруға қарсы жабдықтар

ЛАҚТЫРУҒА ҚАРСЫ ЖАБДЫҚТАР Лақтыруға қарсы жабдықтар ұңғыма сағасын сұйықтық пен газды-сұйық қоспасының…

Ағаш материалдары

Ағаш деп – сабақтары мен тамырлары сүректеніп кеткен, өте жақсы жетілген діңі…