Еңбек қорын жобалау

Элемент бойынша әдіс еңбек ақы қоры жоспарында еңбек ақы формасын және оның жұмысын сипаттау есебінде, әр түрлі категория жұмысшылары үшін нақты есептеуді талап етеді.  Жұмысшылар еңбек ақы қоры сағаттық, күндік және айлық (квартал, жыл) болып бөлінеді.

Еңбек төлемінің сағаттық қоры жұмыс істеген уақыт төлемімен байланысты. Оған кіретіндер:

– жұмыстың жоспарлы көлеміне жеке бағалау бойынша төлем;

– жоспарлы көрсеткіштердегі жеке сый ақы және жеке – прогресивті жүйесі бойынша сый ақы;

– жоспарлы көрсеткіштердегі уақытша жұмысшы сый ақысы;

– жоспар бойынша кешкі, түнгі сағат,бойынша төлем;

– бригаданы басқарғаны үшін босатылмаған бригадирлер төлемі;

– жоспар бойынша оқушыларды оқытқаны үшін төлем;

Еңбек ақының күндізгі қорына келесілер жатады:

– еңбек ақы қорының барлық сағаты;

– жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс күніне қосымша төлем;

– балалы әйелдер жұмысының үзілісіне төлем;

Еңбек ақының айлық қорына жататындар:

– еңбек ақының барлық күндізгі қоры;

– қосымша демалыстар төлемі;

– мемлекеттік және қоғамдық орындағаны үшін төлем;

– көп жылдық жұмыс үшін төлем;

– демалыс жәрдем ақы;

– басқа кәсіпорындарға немесе оқуға кеткен қызметкер еңбек ақысы;

Жұмысшылар еңбек ақы жоспарлауында көрсетілген тәртіп қордың шығындалмауын бақылауға және есеп жүргізуге көмектеседі. Сол үшін еңбек ақы қорын тек кәсіпорын бойынша емес, сонымен қатар цех, жеке аудан бойынша анықталады.

Қызметкерлердің еңбек ақысының жоспарлы сағаттық қорын есептеу.

Сағаттық қордың негізін тікелей еңбек ақы құрады, ол бағалау бойынша жеке төлем және тариф бойынша уақыттық деп бөлінеді.

You May Also Like

Арқан балық қосылған сәбіз сорпасы

Қажетті өнімдер: Өнімдер4-6порцияға арналған. – 500 г сәбіз; – 1 ас қасын,…

Шабыт тәттісі

Шабыт тәттісі Қажетті өнімдер: 9 жұмыртқа (7-еуі қамырға, 2-еуі кремге), 200 г…

Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік, баяндама

Тақырыбы: Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік Ұстаз – қасиетті, қастерлі сөз десеңізші!…

Азаматтық ғимараттарды сумен қамту, сұрақ билеттері

№ 1 Билет Қайда шаруашылық-ішерлік тағайындауда насосты құрылғыларды құруға тыйым салынады Енгізуде…