ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ 
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

жоспар

  • Кіріспе
  • Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаусаласындағы мемлекеттiк басқару бақылау және қадағалау
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаужөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құзыреті
  • Уәкілетті органның құзыреті
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі туралы ереже (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнің 339 бабының 2 тармағына сәйкес дайындалған және жұмыс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыс берушімен орнатылған талаптардың орындалуына және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша дереу шаралар қолдануға бағытталған.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу мақсатында Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) құрылған. ЕҚБЖ-не еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін орнататын ережелер мен іс-шаралар (еңбекті қорғау саласындағы нұсқаулар, бұйрықтар, рұқсаттар және т.б. нормативтік құжаттар) кешені кіреді. ЕҚБЖ мақсаты – қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмысшыларға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жою, өндiрiстiк жарақаттануды және кәсiби ауруларды ескерту.
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ 
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

4-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау 
және қадағалау

  • Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

5-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 
бағыттары

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
    1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;
    2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
    3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
    4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
    5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;
    6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
    7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
    8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
  • 9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
    10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
    11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
    12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
    13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
    14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
    15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
    Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілдіҚазақстан Республикасының 2006.12.06. N  209  Заңымен.

6-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы негізгі принциптер

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:
    1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
    2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
    3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
    4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;

6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.

7-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар

  • 1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауiпсiздiк талаптарынан, ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.
    2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
    3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.    V940003    Қосымша Әдістемелік  сілтемелер 
          Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілдіҚазақстан Республикасының 2006.12.06. N  209  Заңымен.


8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
құзырет 

  • Қазақстан Республикасының Үкiметi:
    1) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгі бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
    2) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеудi және оның орындалуын ұйымдастырады;
    3) еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды ұйымдастырудың және жүргiзудің  тәртібін  белгілейді;
    4) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра отырып ақпарат берудiң және мемлекеттiк статистика жүргізудiң тәртiбiн айқындайды;  P050309 
    5) еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргізудi қамтамасыз етедi;
    6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi
    Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілдіҚазақстан Республикасының 2006.12.06. N  209  Заңымен.

9-бап. Уәкілетті органның құзыреті

  • Уәкiлеттi орган:
    1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
    2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;
    3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мониторинг өткізеді;
    4) басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкiлдерiмен еңбек қауiпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету салаcында үйлестірудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
    5) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тамақтандыру рациондарын, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
    6) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
    6-1) жұмыс берушiлердiң ұйымда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нұсқаулықтарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
    7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
  • 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға дер кезiнде және объективті тергеу жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;  P010326 (2-бөлімнің 16-тармағы) 
    9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
    10) еңбектің физиологиялық негізделген нормаларын әзірлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    11) қызметкерлердi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен, емдеу-алдын алу құралдарымен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етудiң тәртiбiн  белгiлейдi;
    12) Қазақстан Республикасының заңaдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды;
    13) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.
    Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілдіҚазақстан Республикасының 2006.12.06. N  209  Заңымен.

10-бaп. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің 
құзыретi

  • Аумақтық бөлімшелер:
    1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздiгі және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    2) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби аурудың себептерiне талдау жүргізедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзірлейді;
    3) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен тергейді; P010326  (2-бөлімнің 18-тармағы 
    4) уәкiлетті орган бeкіткeн ережелерге сәйкес ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен адамдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша біліміне тексеру жүргізеді;  V950060 
    5) өндірістік мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның құрамына қатысады;
    6) қызметкерлердiң, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерiнiң еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтініштерiн қарайды;
    7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша кәсіподақтармен және жұмыс берушiлердің бiрлестіктерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
    8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілдіҚазақстан Республикасының 2006.12.06. N  209  Заңымен.

11-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру

  • Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым cалынбаған басқа да көздердің eceбінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсатқа шығыстаp шығармайды.
    Жұмыс беруші жыл сайын еңбек қауiпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледi. Қаражат көлемi жеке және (немесе) ұжымдық шарттарда белгіленедi.

1. Тиiстi төлем байланысты болып отырған жағдайлардың алдындағы** күнтiзбелiк 12 ай (1-нен 1-не дейiн) ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу үшiн есеп айыратын кезең болып табылады.

2. Ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын анықтау үшiн орташа күндiк табыс немесе орташа сағаттық табыс қолданылады.

3. Демалысқа ақы төлеуге және пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеуге арналған орташа күндiк табыс демалысқа кететiн айдың алдындағы (1-нен 1-не дейiн) күнтiзбелiк 12 айдағы табысты басшылыққа ала отырып анықталады.

Статистика агенттігінің хабарлауынша Қазақстандағы орташа айлық жалақы шілде айында 113 мың теңгені құрадыдеп мәлімдеді ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметі.

  • «Нақтылы жалақы индексі 2012 жылдың шілдесіне 105,8%, нақтысы 99,9% және 112 мың 792 теңгені құрады», – делінген ведомство мәлімдемесінде.
  • Осылайша, ең жоғары жалақы
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте белгіленген – 211,5 мың теңге,
  • және карьер өңдеу өнеркәсібінде 208,5 мың теңге,
  • ал қаржы және сақтандыру қызметінде 198 мың теңге.
  • Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында 56,6 мың теңге,
  • бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 49,8% төмен.
  • Өңірлік шамада ең жоғары жалақы Атырау облысында 197,1 мың теңге, ең төменгісі Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 79,3 мың теңге белгіленген.

Біріншілік туы «үлкен көршінің» қолында: Ресейде орташа жалақы мөлшері $805 тең, бұл Қазақстанмен салыстырғанда 35%-ға жоғары. Ал өз кезегінде Қазақстанның орташа жалақы мөлшері Әзірбайжанмен салыстырғада 35%-ға көп ($440). Украиндықтардың еңбекақысы әлде қайда төмен, бар-жоғы $300 жетеді.

Наурызда беларустердің орташа жалақы мөлшері $317-ға теңелді. Өзбекстан азаматтарының табысы сәл жоғарырақ: Өзбекстан Мемлекеттік комитетінің ақпараты бойынша, елде орташа жалақы $326 құрайды, ол Қазақстандағы көрсеткішпен салыстырғанда 55%-ға төмен.

«Қырғызстан Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша, елдегі орташа жалақы мөлшері $158 құрайды, бұл Қазақстандағы жалақы мөлшерімен салыстырғанда 73%-ға кем», – делінген хабарламада.

Ал Түркіменстанда ресми орташа жалақы деңгейі $200 тең, бұл біздің елдің жағдайымен теңестіргенде үш есеге аз. .

Ұсыныс

Мемлекеттің саясатын (Жас білікті мамандарды көбейту,бақылау,қадағалау) жұмыстарын күшейту.

Пайдаланылған Әдебиеттер

www.gooogle.kz

«Еңбек құқығы» оқұлық. Ахметов А., Ахметова Г. Алматы 2005

Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі

«Мемлекет және құқық теориясы» Булгаков Д.А. Алматы 2006

You May Also Like

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі, курстық жұмыс

Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………… 1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің…

Мамандық таңдау – ертеңді ойлау, презентация

Кәсіпорынның табысы мен пайдасы

Кәсіпорынның табысы мен пайдасы ТАБЫС ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Шетелдік тәжірибеде «табыстар» ұғымы келесідей…

Картоптан жасалған крокеттер

Қажетті өнімдер: – 500 г картоп; -1 бас пияз; – 3 жұмыртңа;…