ДЕНЕ ҚУАТЫ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ. БАСКЕТБОЛ ДОПТЫ ТОРҒА ТҮСІРУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ

І. Дене қуаты қасиеттерін дамыту
1.1.Дене қуаты қасиеттері, анықтамасының түрлері

Дене қуатының қасиеті қозғалыс қасиеті деген терминдер ұғымы арнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдаланылады. Олар адам қозғалыс мүмкіншілігінің әрекетті жағын көрсетеді. Дене қуаты қасиеті адам қозғалысында, дене қуатын көрсеткісі келгенде пайда болады.
Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттер дене қуаты қасиеттері дейміз.

Күш және оны дамыту әдістемесі. Күш күштің түрлері

Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:
1. Жеңу тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет жиырылады, қысқарады. Мысалы,
белтемірде тартылу.
2. Көну тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет созылады, ұзарады. Мысалы,
белтемірден төмен түсу, салбырау.
3. Қозғалмайтын (статикалық) тәртіп. Бұл кезде бұлшық ет ұзындығы
өзгермейді.

Күшті дамыту амалдары мен әдістері

Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді:
1. Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт құралдарының салмағы (штанга, гирлер, батпандар т.б.), серігінің қарсы әрекеті (жұптық жаттығулар), сыртқы ортаның қарсылығы (құмда, қарда, суда жүгірулер т.б) жатады. 2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары ( белтемірде
тартылу, еденнен итерілу, отырып-тұрулар, секірулер т.б.).

Жас ерекшеліктеріне байланысты күшті дамыту

Балалар мен жасөспірімдердің күштерінің өсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункциялық
өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б. көптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппараты өзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан бастауыш және орта мектеп жасындағы оқушылардың күштерін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статикалық жаттығуларды шектеп, жалпы қозғалыс сипаттағы жаттығуларды көп қолдану қажет.

І. Баскетбол: допты торға түсіру техникасын үйрету әдістемесі
2.1.Баскетбол ойынында допты торға лақтырудың әдіс-тәсілдері

Допты екі қолмен кеудеден торға лақтыру

Допты соғып келе жатып бір қолмен жоғарыдан торға лақтыру

2.2.Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Баскетбол – бәсекелестік ойыны, өйткені спорттық сайыс кезінде қарсыластар бірбірімен бәсекеге түседі. Даярлықтың жетіспеушілігі тәртіпсіздікпен тепе-тең деуге болады. Өйткені соның салдарынан жарақат алынады: саусақты қайырып алу, буынды созып алу, т.б. Жарақаттардың алдын алу үшін төмендегідей бірқатар жағдайларды есте сақтаған жөн:
1. мұғалімнің рұқсатынсыз немесе мұғалімсіз, доппен залға кіруге болмайды;
2. баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды;
3. допты қағып аларда бас бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды;
4. ойыншылардың ойын кезінде бір-біріне ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол
берілмейді;
5. жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын бірыңғай
талаптарды дәл орындау керек: сапқа тұру, сапты өзгерту, қарсы қимылдар мен
жеке бәсекелестік мөлшері, т.б;
6. алдын ала қыздырыну жаттығуларынсыз доппен жылдамдық жаттығуларына
кірісуге болмайды, әсіресе жаттығулар арасындағы көп уақыттық үзілістен кейін
тіпті де болмайды;
7. сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат
алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштарын түюлері
қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағына тиісті спорт киімдерімен
ғана қатысу қажет.

You May Also Like

Спортивный травматизм, его особенности, виды

В спорте много проблем, и одна из них – это травматизм. Спорт…

Қызынақтың емдік қасиеті

Сюжет: Қызынақтың емдік қасиеті. КСМ: Жаз мезгілінде сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қызанақ.…

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияларды жаңарту

АЙМАҚТЫ/РЕСПУБЛИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ӨЗ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖОБА Жоба аты: Білім беру жүйесіндегі…

“Дәм тат” қазақ ұлттық гастрономиялық туры

Гастрономиялық туризм-туризм түрі, оның негізгі мақсаты жергілікті ұлттық дәстүрлер призмасы арқылы қандай…