Жоспар

                  І. Кіріспе

                 ІІ. Негізгі бөлім

            Дәрігермейірбикенауқас қарым қатынасы

                 Қорытынды       

Ежелгі заманда дәрігерлердің саны өте шамалы болғандықтан, олар кызметін өзі ғана атқарып, басқа    әріптестерімен қарым-қатынас жүргізбеген. Мысалы, «земский» дәрігер жалғыз өзі белгілі аймақты мекендейтін тұрғындарға толық медициналық жәрдем көрсеткен, барлық ауруларды өзі емдеген.Яғни,бұл  дәрігерлердің медициналық тәжірибесі өте кең болған, олар терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық, т.б. дәрігерлік мамандықтар бойынша халыкқа жәрдем беріп отырған.

      Қазіргі таңда дәрігерлер қатары медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем 300-ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен катар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды колдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық кызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарымқатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, карамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады.

      емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады

Оларға аурудын дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл түрін таңдауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертeді.

жедел, адамньщ өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шраларын кезектен тыс ұйымдастырады.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен, дұрыс қарымқатынас жасауы өте маңызды болады. Мысалы, аурудың дерті күрделі болған жағдайда, оның аскынулы, созылмалы түрлерінде немесе қосымша аурулары дамығанда, емдеуші дәрігер басқа дәрігердерді консультацияға, пікірлесіп акылдасуға шакыррады немесе дәрігерлер кеңесін (консилиум) ұйымдастырады. Тек осы жол арқылы ғана тиімді ем шараларын тауып, олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуге болады. Яғни дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялык қасиеттеріне байланысты болады.

Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялык мамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады.

дәрігердің жайлы мінезқұлқы, көңілкүйі,  шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, кайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетін атқаруда өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді.

Керісінше, дәрігердің екі жақтылылығы,  шыдамсыздығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен, қарымқатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қьтзмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жүмыс нәтижесін жоққа шығарады.  

Дәрігер медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарымқатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шарапарын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей озі іске асырады

Мейірбике, жүмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоянқолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканың міндетіне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап, бақылайды. Сондыктан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ыкпал жасайды. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудін тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін

Науқас пен дәрігер арасындағы  карым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қарым-қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын, карым-қатынас құруы керек.

Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен,  мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас кұрады. Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас кұра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады

 

You May Also Like

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

“Өзге емес, өзім айтам өз жайымда” Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң…

SOS өрт дабылы функциясы

SOS өрт дабылы функциясы Жоба атауы: SOS өрт дабылы Жоба мақсаты: табиғи…

Компьютердің адам өміріндегі рөлі, баяндама

Баяндама: Компьютердің адам өміріндегі рөлі Біле бер,қанша білсең –тағы тіле Жетерсің мұратыңа…

Ақпараттық қор

Мјліметтерге бастапќы назар аудару. XX єасырдыѕ бірінші жартысында, бухгалтерлік машиналар жјне перфо-карттардыѕ…