Бет терісінің түлеуі тері ауруы немесе ағзадағы дерт белгісі болып табылады. Кей жағдайда жыл мезгілдері, ауа райы (жел, аяз, күн) да әсер етеді. Түлеуден арылуда алдымен оның неден пайда болғанын анықтап барып, емдік шараларды жүргізген абзал. Аллергия, улану, дәрі-дәрмектерден де бетте өзгерістер пайда болады. Ағзадағы дерттің салдарынан болған бет терісіндегі түлеуді маманмен кеңесіп ғана ем жүргізсе, сыртқы факторлардан орын алған келеңсіздіктермен үй жағдайында арылуға болады. Сыртқы жағдайдағы түлеуден сақтауда мына бірнеше емдік рецептерді біле жүріңіз.

* 1 шай қасықтан сұлы мақтасы (ботқа) зәйтүн майы, бал, жұмыртқаның сары уызынан маска жасап, бетке жағады. Массаж жасай отырып сіңдіреді. 15 минуттан соң жылы сумен шаяды.
* Сұлы мақтасына бірдей мөлшерде үккіштен өткізілген сәбіз, сүт қосып, ботқа жасайды. Масқаны 20 минуттан соң жуады.
* Түлеген теріні зығыр дәнінің қайнатпасы арқылы тазалайды. 2 ас қасық дәнге 2 стақан салқьн су құйып, ботқа болғанша қайнатады. Ботқаны салқындатып, 20 минут бетке ұстайды.
* Теріні нәрлендіретін жөне ылғалдандыратын маска. о,5 ас қасық бал, 2 ас қасық өсімдік майы, 2 жұмыртқаның сары уызын араластырып, бетке жағады. 5 минут сайын қабаттап жағып отырады. 20 минуттан соң жылы сумен шаяды не болмаса жөке гүлінің қайнатпасымен жуса тіпті жақсы.
* Зәйтүн майы белсенді түрде теріні ылғалдандырады. Бетті жуған соң жұқа етіп теріге жағады да 4 сағаттан кейін салфеткамен сүртіп алады.
* Жұмыртқаның сарысына жарты шай қасық бал, 4 тамшы зәйтүн майы, 10 тамшы лимон шырынын, 1 шай қасық сұлы мақтасын араластырады. Қоймалжыңды 20 минут ұстайды.

Дымқылдың аздығынан бет түлейтіндіктен алдымен теріні ылғалдандыруды қолға алыңыз. Сабынды мұндай жағдайда мүлдем қолданбаңыз. Бетті жұмсақ лосоньдар, мусс, гель, косметикалық сүтше (молочко) мен көбікшемен (пенка) тазалаған дұрыс. Бетті жуып болған соң жұмсақ салфетка немесе сүлгімен сүртіп, тоникпен тазалап, ылғалдандыратын крем жағады. Есте ұстайтын жағдайлар тері түлегенде құрамында спирт пен ланолині бар косметикалық заттарды тұтынбайды. Спирт – теріні құрғатса, ланолин – аллергия береді де нәтижесінде түлеу процесі тоқтамайды. Сондықтан бетті сумен жумай-ақ, өсімдік майымен (күнжіт) тазалаған жақсы. Енді түлеуден арылтатын халықтық емнен төмендегі тәсілдерді жасап көріңіз.
* 1 стақан жылы суға 1 шай қасық бал қосады да онымен таза бетке массаж жасайды. Ерітінді түлеген беттегі өлі клеткаларды тазалайды. Сосын жылы сумен шайып, ылғалдандыратын крем жағады.
* Сүтке сұлы жармасын салып қайнатады. Жылы ботқадан і1 ас қасық алып, 1 шай қасық бал мен зәйтүн майға араластырады. Қоспаны бетке 10-15 минут ұстаған соң жылы сумен жуып тастайды.

224 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Иценко-Кушинга синдромы

Иценко-Кушинга синдромы. Иценко-Кушинг ауруы– нейроэндокринді аурулар ішіндегі ең ауыр түрінің бірі. Патогенез…

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік

Адамның күнделікті өмірдегі жағдайы бұл оның белсенді әрекет үстіндегі жағдайы. Адам үнемі…

Жеңіл және сирек металдарды өндіру процестерінің ерекшеліктері, дәріс

6 дәрістің Жеңіл және сирек металдарды өндіру процестерінің ерекшеліктері Дәрістің конспектісі: Жеңіл…

«Жан құрбым», шығарма

Шығарма «Жан құрбым»  Жақсымен дос болсаң – жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң…